Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

СИНТАКСИС
І НҰСҚА
1. Зат  есімдердің  тіркесінен  тұратын  сөз  тіркесіне  қатысты  түркологияда
қандай термин қолданылады?
A) Синтаксис;
B) Номинативті;
C) Изафет;
D) Предикативті емес;
E) Басыңқы, бағыныңқы.
2. Аналитикалық байланыстарды көрсетiңiз.
A) Меңгеру; 
B) Жанасу, қиысу; 
C) Шылау; 
D) Жұрнақ арқылы, орын тәртібі;
E) Интонация, орын тәртібі. 
3. «Оқуға  бар,  кітаптың  беті»  -  деген  тіркестерде  қандай  байланыс
формалары орныққан?
A) Матасу,қабысу;
B) Қабысу,меңгеру;
C) Жанасу,матасу;
D) Меңгеру,матасу;
E) Қиысу,жанасу.
4. Үйірлі мүшені табыңыз.
A) Білегі жуан бірді жығады; 
B) Үйге дейін бардым;
C) Екі жүзді адам;
D) Бүгін сабақ болған жоқ;
E) Үй іші аман-есен.
5. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен қалай байланысады.
A) Сабақтаса; 
B) Қиыса; 
C) Салаласа
D) Меңгеріле;
E) Жанаса.
6. Инверсия дегенiмiз не?
A) Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орнын ауыстырып айту; 
B) Сөйлемде тұрақты сөз тіркестерін қолдану;
C) Сөйлемде бастауыштың болмауы;
D) Тұрлаусыз мүшелердің болмауы;
E) Лексикалану процесі.

7. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Әжесі  құшақтаған  бойында  үлкен  үйге  кірген  Абай  ымырт
жабылғанша осында болды.
A) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем;
B) Құрмалас сөйлем;
C) Есімше қабыспалы оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
E) Жанаспалы оралым арқылы күрделенген сөйлем.
8. «Жайқалған алқап» - қатынас түрін көрсетіңіз.
A) Анықтауыштық
B) Толықтауыштық; 
C) Пысықтауыштық; 
D) Предикативтік; 
E) дұрыс жауап жоқ.
9. «Үйірлі мүше және үйірлі мүшені оқыту» деген еңбектің авторы кiм?
A) Т.Сайранбаев;
B) Қ.Шаукенов;
C) Т.Қордабаев;
D) М.Балақаев;
E) Қ.Есенов.
10. «Оқығанда ынта қойып оқу қажет» - қандай сөйлем?
A) Қаратпа;
B) Сұраулы;
C) Лепті;
D) Жақты;
E) Жақсыз.
11. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Үлкен  ыза  бойын  буып  келген  Қаратай  Құнанбайға  аса  бір  салқын
зілмен сөйледі.
A) Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер;
B) Салалас құрмалас сөйлем;
C) Есімше оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
E) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем.
12. «Көргенде күміс кесе, алтын таяқ,
            Бір  сөзді  тамағыма  қойдым  таяп»,  -  деген  жолдардағы  «күміс  кесе,
алтын таяқ» тіркестері қандай қатынаста?
A) Толықтауыштық;
B) Пысықтауыштық;
C) Анықтауыштық; 
D) Предикативтік; 
E) Орын тәртібі.

13. Сөздердің  ешбір  жалғаусыз  қатаң  орын  тәртібі  арқылы  байланысу
формасы.
A) Қиысу; 
B) Матасу; 
C) Қабысу;
D) Жанасу;
E) Меңгеру.
14. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Қарулы қолын алға созып, біреу табалдырықтан аттағандай болды.
A) Көсемше оралым арқылы күрделенген сөйлем;
B) Салалас құрмалас сөйлем;
C) Есімше оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
E) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем.
15. «Тауға шық» - байланысудың қай формасы арқылы жасалған?
A) Қабысу; 
B) Жанасу; 
C) Матасу;
D) Қиысу; 
E) Меңгеру.
16. «Дәулетке батып белшеден,
        Ырысқа  қандым  кенелдім»  - деген  үзіндідегі  толықтауыштар  құрамына
қарай қай қатарға жатады?
A) Тура толықтауыш; 
B) Күрделі толықтауыш; 
C) Дара толықтауыш; 
D) Үйірлі толықтауыш; 
E) Жанама толықтауыш.
17. «Клуб толы адам» - құрылысына қарай қандай сөйлем?
A) Хабарлы, болымды, лепті, жақты, толымсыз, бірқұрамды жай сөйлем;
B) Лепті, болымсыз, жақсыз, толымсыз, екі құрамды жай сөйлем;
C) Атаулы сөйлем;
D) Толымды, хабарлы, болымды, жақты, екі құрамды жай сөйлем; 
E) Хабарлы, болымсыз, жақты, толымды, бір құрамды жай сөйлем. 
18. Изофет ІІ қай үлгідегі сөз тіркесі жатады?
A) Зат есімнің біреуі туынды;
B) 1-сі зат есім тәуелдік жалғаулы, 2-сі түбір күйінде;
C) 1-ші зат есім. түбір күйінде, 2-сі тәуелдік жалғаулы болып келеді;
D) Екеуі де түбір күйінде;
E) 1-ші зат есім ілік септігінде, 2-сі тәуелдік жалғаулы сөз.

19. «Абай мектебі» - қай изофет?
A) 1;
B) 2;
C) 3;
D) 4;
E) 5.
20. Синтаксис ғылымы неше бөлімге бөлінеді?
A) 2;
B) 3;
C) 4;
D) 5;
E) 6.
21. Тіл білімінде ең кіші синтаксистік бірлік қалай аталады?
A) Фонема;
B) Лексема;
C) Морфема;
D) Синтагма;
E) Синтаксема.
22. Сабақтаса байланысатын компоненттер арасында синтаксис-
тік қатынастың неше типі кездеседі?
A) 2;
B) 3;
C) 4;
D) 7;
E) 6.
23. Синтаксистік қатынастың қай түріне жатады?
        Ақмоншақ - аттың жүйрігі.
A) Предикативтік;
B) Айқындауыштық; 
C) Анықтауыштық;
D) Пысықтауыштық; 
E) Толықтауыштық.
24. Сөздердің жақтық және сандық мағыналары  арқылы  үйлесе  байланысуын
қалай атайды?
A) Меңгеру; 
B) Қабысу; 
C) Матасу;
D) Қиысу; 
E) Жанасу.
25. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін табыңыз. 
A) Біздің сағатымыз; 

B) Ол келеді; 
C) Кітап мұқабасы;
D) Екі дос; 
E) Жауаптардың бәрі дұрыс емес.
26. Сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай сөз тіркестері қалай бөлінеді?
A) Етістікті, есімді; 
B) Бастауыш, баяндауыш;
C) Аналитикалық, синтетикалық;
D) Зат есімді, сын есімді;
E) Сан есімді, етістікті.
27. Қабыса байланысқан тіркесті табыңыз.
A) Жапырақ сыбдыры;
B) Жастық шақ;
C) Үрейін ұшыру;
D) Менің жұмысым; 
E) Сөзге шорқақ.
28. «Сырын біледі» қандай сөз тіркесі?
A) Есімді;
B) Етістікті; 
C) Күрделі сөз тіркесі; 
D) Сөз тіркесі емес;
E) Идиомалық тіркес.
29. Предикативтік  қатынас  негізінде  құралып,  пікірді  хабарлау  үшін
жұмсалатын сөздер тобы қалай аталады?
A) Сөз;
B) Сөз тіркесі;
C) Сөйлем;
D) Мәтін;
E) Құрмалас сөйлем.
30. «Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер» атты еңбектің авторы кім?
A) Қ.Есенов;
B) Қ.Шәукенов;
C) Т.Сайранаев;
D) А.Әбілқаев;
E) Ғ.Мадина.
31. Предикативті қатынаста тұрған сөздер тобын табыңыз. 
A) Айлы түн; 
B) Егіс даласы;
C) Асқар тау;
D) Талабы зор; 
E) Жауаптардың бәрі дұрыс емес.

32. Қандай сөйлем? Елді аралап отырып мән жайын білу керек еді.
A) Жақсыз;
B) Жақты; 
C) Атаулы; 
D) Құрмалас; 
E) Толымсыз.
33. Есімді сөз тіркестерінiң байланысу формасын көрсетіңіз?
A) Қабыса және меңгеріле;
B) Қабыса және матаса; 
C) Қабыса, меңгеріле, матаса;
D) Қабысажәне қиыса;
E) Матаса және меңгеріле.
34. Сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің  қызметін  атқаратын,  құрамындағы
сөздері  предикативтік  қатынаста  тұратын  синтаксистік  бірлікті  қалай
атаймыз?
A) Тұрлаулы мүше;
B) Тұрлаусыз мүше; 
C) Үйірлі мүше;
D) Күрделі мүше;
E) Айқындауыштық мүше.
35. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдерді жан-жақты зерттеген ғалым.
A) С.Аманжолов;
B) М.Балақаев;
C) Қ.Есенов;
D) С.Жиенбаев;
E) Т.Қордабаев.
36. Қазақ тілінде изафеттік тіркестер қалай аталады?
A) «Сын есім-зат есім»;
B) «Есімдік-зат есім»;
C) «Сан есім-сан есім»; 
D) «Зат есім-зат есім»;
E) «Есімше-зат есім». 
37. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсіл.
A) Интонация;
B) Матасу;
C) Жанасу;
D) Қабысу;
E) Қиысу.
38. «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі» атты еңбектің авторы.
A) Ә.Әбілақов;
B) Е.Ағманов;

C) Т.Қордабаев;
D) М.Балақаев;
E) А.Әміров. 
39. Тәуелдік  жалғауы  және  ілік  септігі  арқылы  жиі  байланысатын  сөздер  қай
сөз табына жатады?
A) Сан есімдер;
B) Сын есімдер;
C) Есімдіктер;
D) Етістік;
E) Зат есімдер.
40. Түркологияда түркі «изафетінің» неше түрі бар деп есептеледі?
A) 3;
B) 5;
C) 1;
D) 4;
E) 2.
41. Тәуелдік жалғау қай байланыс формасының көрсеткіші?
A) Қабысу;
B) Жанасу;
C) Қиысу;
D) Меңгеру;
E) Матасу.
42. Есімді  және  етістікті  меңгеруден  басқа  ортақ  меңгеру  түрін  көрсеткен
ғалымдар кiмдер?
A) Т.Қордабаев, М.Балақаев; 
B) Қ.Жұбанов, А.Әбілқаев;
C) М.Серғалиев, Ө.Төлегенов;
D) М.Балақаев, Т.Сайрамбаев;
E) С.Аманжолов, C.Исаев.
43. Сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісін анықтаңыз.
A) Толықтауыштық қатынас;
B) Анықтауыштық қатынас; 
C) Пысықтауыштық қатынас;
D) Предикативтік қатынас;
E) Айқындауыштық қатынас.
44. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Күткен  қорқыныштан  жүрегі  қобалжыған  Шоқан  тағам  аузына
тұши тұра, шаршап кеппін дегенді сылтауратып жөнді жеген жоқ.
A) Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер;
B) Салалас құрмалас сөйлем;
C) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем;

D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
E) Есімше оралым арқылы күрделенген сөйлем.
45. Сөйлеушінің пікірге қатынасын білдіретін формалар қалай аталады?
A) Объективтві модаль;
B) Субъективті модаль;
C) Рай тұлғалары; 
D) Жақ тұлғалары;
E) Шақ тұлғалары. 
46. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Ителгі қазды алып болғанша, өзіңді әуреге салып болады.
A) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
B) Көсемше оралым арқылы күрделенген сөйлемдер;
C) Есімше оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Шартты рай тұлғалы оралым арқылы күрделенген сөйлемдер;
E) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем.
47. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Қыстауымыз  -  Шу  өзенінің  төменгі  жағындағы  Қамқалы  (Қазір
Мойынқұм совхозы орналасқан жер).
A) Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер;
B) Салалас құрмалас сөйлем;
C) Синтаксистік оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
E) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем.
48. Қандай сөйлем?
        Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен?
A) Негізгі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем;
B) Жетек сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем;
C) Анықтаушы сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем;
D) Риторикалық сұраулы сөйлем;
E) Сұраулы сөйлем емес.
49. Альтернатив сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Кім айтты?
B) Сен келдің бе?
C) Олар не үшін қалды?
D) Кім жауап береді?
E) Қайда барамыз?
50. Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қалаға барып келмейсің бе? 
B) Қалаға бардың ба?
C) Қалаға кім барады?
D) Қайда барасың?

E) Қайда барайық?
51. Репликалық лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бүгін жеткізіп тастамасам ба!
B) Оған не жоқ десеңші!
C) Оқымайтынды шығарды!
D) Айтпағанда!
E) Оның жетіп келмесі бар ма!
52. Бағыныңқысы  басыңқыда  аталған  заттың  мекенін  білдіретін  сөз  тіркесін
табыңыз.
A) Күздік бидай, жазғы демалыс;
B) Қазақстандық жеңімпаз, дала тағысы;
C) Қалта сағат, түлкі мінез; 
D) Темір жол, қыл қалам;
E) Темір пеш, ағаш күрек.
53. Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін зерттеген ғалым.
A) К.Бейсембаева;
B) А.Аблақов;
C) Т.Сайрамбаев;
D) М.Серғалиев;
E) Қ.Есенов. 
54. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Үйдің маңына келген кісі түгіл, қияда көрінген жат кісіге үріп тұрады.
A) Қыстырынды сөйлем арқылы күрделенген сөйлем;
B) Сабақтас құрмалас сөйлем;
C) Синтаксистік оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем;
E) Салалас құрмалас сөйлем.
55. Бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемді табыңыз.
A) Ойланды, мойнын төмен түсірді, бір уақытта басын көтеріп алды; 
B) Қолы қимылдағанның аузы қимылдар;
C) Үйдің маңына келген кісі түгіл, қияда көрінген жат кісіге үріп тұрады;
D) Ауыл  салтында,  келе  жатқан  келіншектің  көшінен  күйеу  озып  келіп,
ауылына бұрын кеп хабар айтар еді;
E) Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере алмай жатыр. 
56. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Ол, мінезінің салмақтығына қарамай, ағып тұрған ертегіші.
A) Бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлем; 
B) Сабақтас құрмалас сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Қыстырынды сөйлеммен күрделенген сөйлем;
E) Дұрыс жауабы жоқ.

57. Жанаспалы оралыммен күрделенген сөйлемді көрсетіңіз.
A) Шекпендерін  жерге  қойып,  бір-бір  шылымды  тұтатып  айнала  қарап,  өзара
күбірлесіп төрелер тұрды.
B) Сен әдейі біздің қаланың жағдайын білейін деп келдің. 
C) Оқуды бітіріп, Қарағандыға оқуға бара жатырмын. 
D) Жолаушылар түс ауа аттанып кетті.
E) Жеміс ағаштарын мамандарға отыртқызды.
58. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Таң  алдында  бір  ғана  сағат  мызғығаны  болмаса,  Абай  бұл  түнді
ұйқысыз өткізді.
A) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
B) Есіммен қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Көсемше оралымды сөйлем; 
D) Қыстырынды сөйлем арқылы күрделенген сөйлем;
E) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем.
59. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.
A) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем; 
B) Есімше қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Сабақтас құрмалас сөйлем;
D) Жалаң сөйлем;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
60. «Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері» атты еңбектің авторы кім?
A) Қ.Есенов;
B) А.Әбілақов;
C) Т.Қордабаев;
D) М.Балақаев;
E) А.Әміров.
61. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Неге екені белгісіз, ол айтқан сөзінде тұра алмады.
A) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем;
B) Сабақтас құрмалас сөйлем;
C) Синтаксистік оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
E) Аралас құрмалас сөйлем.
62. Бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемді табыңыз.
A) Берсең, аларсың.
B) Жаманмен ауыл болғанша, жақсымен қауым бол.
C) Озық  елдің өмірі  тармағы  көп,  құймағы  көп  өзен  сияқты  болса,  бұл  елдің
өмірі ойдым-ойдым шалшықтай таяз да, көлемсіз де.
D) Оның  айтқан  мәліметтеріне  қарағанда,  біздер  біраз  күнде  көмекші  жәрдем
алатын сияқтымыз.

E) Ой  түйдектеліп,  сағымдай  көшіп,  біресе  қабағын  түйгізіп  тұнжыратып,
біресе бұлттан шыққан күндей жадыратып минутында мың құлпыртты.
63. Сөйлем қай қатарға жатады? Сақылдаған сары шұнақ аяз.
A) Бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлем;
B) Сабақтас құрмалас сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Қыстырынды сөйлем; 
E) Жауаптың бәрі дұрыс емес.
64. Жанаспалы оралыммен күрделенген сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ақан Ғазизаға алғашқы кездегі көп қарауынан әлі күнге танған жоқ.
B) Мейлің, әзірге қысқа өлеңдеріңді айтсаң, айт.
C) Зейнолла хазіреттен көңілі қалып,  ренжіп  қайтқан  Сұлтанмахмұт  үйге  әрең
кірді.
D) Жолаушылар поезі түс ауа Астанаға жетті.
E) Кітап - білім бұлағы. 
65. Сөйлем  қай  қатарға  жатады?  Мырс  етіп  күліп  жібере  жаздап,  әрең
шыдап отырған жайы бар.
A) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
B) Есіммен қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Құрмалас сөйлем;
E) Бірыңғай мүшемен күрделенген сөйлем.
66. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Білгенге маржан; 
B) Ешкінің сүті; 
C) Біздің табысымыз; 
D) Ағаш күрек;
E) Жібек орамал.
67. Шартты рай оралымды сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, зиянын тигізбейді.
B) Айтсам, түсінер.
C) Мен білсем, олар бүгін келеді. 
D) Айтса айтқандай екен.
E) Магазиннің  тұсынан  өте  бергенде,  терезеден  жайнап  тұрған  нәрсені
көрдім.
68. Зат  есімдердің  тіркесінен  тұратын  сөз  тіркесіне  қатысты  түркологияда
қандай термин қолданылады?
A) Синтаксис;
B) Номинативті; 
C) Изафет;
D) Предикативті емес;

E) Басыңқы, бағыныңқы.
69. Репликалық лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Айтса айтқандай екен! 
B) Оған не жоқ десеңші!
C) Оқымайтынды шығарды!
D) -Жетіскен екенсің! - Жетіскенде қандай!
E) Оның айғай салғаны бар емес пе?
70. «Тауға  шық,  оттың  күші»  -  деген  тіркестерде  қандай  байланыстар
формалары орныққан?
A) Матасу,қабысу;
B) Қабысу, меңгеру; 
C) Жанасу,матасу;
D) Меңгеру, матасу; 
E) Қиысу,жанасу.
71. Үйірлі мүшені табыңыз. 
A) Білегі жуан бірді жығады. 
B) Үйге дейін бардым.
C) Екі жүзді адам.
D) Бекболат келген жоқ. 
E) Үй іші аман-есен.
72. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен қалай байланысады?
A) Сабақтаса; 
B) Қиыса; 
C) Салаласа;
D) Меңгеріле; 
E) Жанаса.
73. Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қалаға барып келмейсің бе?;
B) Қалаға бардың ба?;
C) Қалаға кім барады?;
D) Қайда барасың?;
E) Қайда барайық?
74. Қандай сөйлем? Қар астында шықырлаған жер үйлер.
A) Толымды сөйлем;
B) Жақсыз сөйлем;
C) Күрделенген жай сөйлем;
D) Жақты сөйлем;
E) Атаулы сөйлем.
75. Бағыныңқысы  басыңқыда  аталған  заттың  мекенін  білдіретін  сөз  тіркесін
табыңыз.
A) Қарашоқыдағы қыстау, Қарақалпақстандық дос;

B) Әдемінің әдемісі, біткен іс;
C) Бір үйдің жалғызы, сия сауыт;
D) Семсер сын, кітап сөре;
E) Көгілдір отын, сары бояу.
76. Объектілік қатынастағы сөз тіркесін табыңыз.
A) Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді.
B) Мен ауданға барамын.
C) Ол үйге кірді.
D) Барлығы далаға жүгіріп шығыпты.
E) Оны қонаққа шақырып келемін.
77. Қимыл амалды білдіретін пысықтауышты табыңыз.
A) Олар бір-біріне күле қарады.
B) Ол жүресінен, бір тізерлеп отыра кетті.
C) Өзің дереу атқа мін!
D) Алтын бидай дариядай шалқиды.
E) Мұны сол мінезі үшін қадірлейтін.
78. «Ауылдарды  күн  шығыс  жақтан  бастап,  күн  батысқа  шейін  шарлап
шыққан» деген сөйлемдегі пысықтауыш - пысықтауыштың қай түрі?
A) Қимыл амалды білдіретін пысықтауыш;
B) Бейнелеуші амал пысықтауыш;
C) Мақсат пысықтауыш;
D) Мөлшер пысықтауыш;
E) Мекен пысықтауыш.
79. «Шаттықтан күңіренеді» - қатынас түрі.
A) Анықтауыштық;
B) Толықтауыштық; 
C) Пысықтауыштық; 
D) Предикативтік;
E) Предикативті емес.
80. Шартты рай оралымды сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Мына таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көресің; 
B) Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы кетіп барады; 
C) Көсеу ұзын болса, қол күймейді; 
D) Онда күндіз аңызақ тынбай соқса, түнде масасы қоймай ызылдайтын;
E) Жан қиналмаса, жұмыс бітпес.
81. «Сыртан аяз, іштен  жылу  қысып,  терезенің  үнемі  дымданып  тұрғаны»
- қандай сөйлем?
A) Қаратпа;
B) Сұраулы;
C) Лепті;
D) Жақты;

E) Жақсыз.
82. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Қорғасындай  толқып  балқысаң,  бейнет  көріп  алқынсаң,  мақсатты
тура табарсың.
A) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
B) Салалас құрмалас сөйлем;
C) Есімше оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер;
E) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем.
83. Қандай сөйлем?
        Еркежан-ау, әлгіде жездемнің құлағынан жұлам дегенің қайда?
A) Негізгі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем;
B) Жетек сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем;
C) Анықтаушы сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем; 
D) Риторикалық сұраулы сөйлем;
E) Сұраулы сөйлем емес.
84. Қандай сөйлем? Анамен алыспайды да, атыспайды да.
A) Белгісіз жақты сөйлем;
B) Атаулы сөйлем;
C) Жақсыз сөйлем;
D) Жалпылама жақты сөйлем;
E) Жанама жақты сөйлем.
85. Қандай сөйлем?
        Үй құрғыр азынап кетті ғой, тағы бірдеңе тауып жағасың ба?
A) Негізгі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем;
B) Жетек сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем;
C) Анықтаушы сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем; 
D) Риторикалық сұраулы сөйлем;
E) Түрткі сұрақты білдіретін сөйлем.
86. Сапалық есімдерден болған бастауышты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Алтыншы алға түсті.
B) Бұл өзеннің басы өмірі малдан арылған емес. 
C) Жапон елі - жер жүзінде ең еңбекқор мемлекет.
D) Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар.
E) Адам тілі тас жарар, тас жармаса да бас жарар.
87. Қандай сөйлем? Қайта соларға қолы батыл жасты салу крек.
A) Белгісіз жақты сөйлем;
B) Атаулы сөйлем;
C) Жақсыз сөйлем;
D) Жалпылама жақты сөйлем;
E) Жанама жақты сөйлем.

88. Күрделі  жалқы  есімдерден  жасалған  күрделі  бастауышты  сөйлемді
көрсетіңіз.
A) Аудандық оқу бөлімі жұмысқа қызу кірісті.
B) Бұл өзеннің басы өмірі малдан арылған емес. 
C) Жапон елі - жер жүзінде ең еңбекқор мемлекет.
D) Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар.
E) Адам тілі тас жарар, тас жармаса да бас жарар.
89. Сөздердің ешбір жалғаусыз алшақ тұруы арқылы байланысу формасы:
A) Қиысу;
B) Матасу; 
C) Қабысу;
D) Жанасу; 
E) Меңгеру.
90. Қандай сөйлем?
        Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
A) Белгісіз жақты сөйлем;
B) Атаулы сөйлем;
C) Жақсыз сөйлем;
D) Жалпылама жақты сөйлем;
E) Жанама жақты сөйлем.
91. «Айтылған сөз» байланысудың қай формасы?
A) Қабысу; 
B) Жанасу; 
C) Матасу; 
D) Қиысу; 
E) Меңгеру.
92. «Жақсыны  көрмек  үшін»  деген  мысалдағы  толықтауыш  құрамына  қарай
қай қатарға жатады?
A) Тура толықтауыш; 
B) Күрделі толықтауыш; 
C) дара толықтауыш; 
D) Үйірлі толықтауыш; 
E) Жанама толықтауыш.
93. Жіктік жалғау қай байланыс формасының көрсеткіші?
A) Қабысу;
B) Жанасу;
C) Қиысу;
D) Меңгеру;
E) Матасу.
94. Құрамында оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Еліміздің  шығысында,  Орал  мен  Сібірде,  жаңа  көмір-металлургия

базалары жасалды.
B) Бұл өзеннің басы өмірі малдан арылған емес. 
C) Жапон елі - жер жүзінде ең еңбекқор мемлекет.
D) Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар.
E) Адам тілі тас жарар, тас жармаса да бас жарар.
95. Берiлген мысал қандай қатынаста жұмсалған?
        Газеттен оқыдым.
A) Предикативтік қатынас;
B) Анықтауыштық қатынас;
C) Пысықтауыштық қатынас;
D) Толықтауыштық қатынас;
E) Айқындауыштық қатынас. 
96. - Қайда барасыз- Қарағандыға.
        Берілген диалогтағы «Қарағандыға» деген қандай сөйлем?
A) Атаулы сөйлем;
B) Толымды сөйлем;
C) Болымсыз сөйлем;
D) Құрмалас сөйлем;
E) Толымсыз сөйлем.
97. «Құлазыған көңіл» байланысудың қай формасы?
A) Қабысу; 
B) Жанасу;
C) Матасу; 
D) Қиысу; 
E) Меңгеру.
98. «Төрт  түлікке  толды  аймақ»  деген  сөйлемдегі  толықтауыш  құрамына
қарай қай қатарға жатады?
A) Тура толықтауыш; 
B) Күрделі толықтауыш; 
C) Дара толықтауыш;
D) Үйірлі толықтауыш; 
E) Жанама толықтауыш.
99.Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қазір әуелгі отыз үй  жүз  елуге,  отыз  мал  он  мыңға,  отыз  гектар  екі мыңға
жетті.
B) Ұшпыр  соққан,  қашап,  үңілген  тесікке  сужіберіп  соұсаң,  кқктас  аздап
босайды.
C) Ботагөз  сыртқа  шыға  келсе,  бес-алтышаналы  адамдар  тұр,  аттары
терлеген, үстері қырау.
D) Ол оянса, терезе жабық, үй іші қара көлеңке екен.
E) Қыстың сары шұнақ аязынан кейін, алай-түлей бораны басталды да кетті.

100. «Қар  астында  шықырлаған  жер  үйлер»  -  құрлысына  қарай  қандай
сөйлем?
A) Хабарлы, болымды, лепті, жақты, толымсыз, бірқұрамды жай сөйлем;
B) Лепті, болымсыз, жақсыз, толымсыз, екі құрамды жай сөйлем;
C) Атаулы сөйлем;
D) Толымды, хабарлы, болымды, жақты, екі құрамды жай сөйлем; 
E) Хабарлы, болымсыз, жақты, толымды, бір құрамды жай сөйлем. 
101. Қос нүкте қандай орындарда қойылады?
A) «Соңғы  жай  сөйлемі  алдыңғы  жай  сөйлемдегі  пікірді  талдап,  саралап
ашып  түсіндіретін  құрмалас  сөйлемнің  жай  сөйлемдері  арасына
қойылады»;
B) «Бірыңғай
 мүшелер
 алдында
 келген
 жалпылауыш
 сөзден
 кейін
қойылады»;
C) «Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады»;
D) Кейде түсіндірмелі салалас сөйлем сыңарларының арасына қойылады;
E) Барлық жауап дұрыс.
102. «Қолы-беті  жарылған  әйел,  үйінің  жыртығын  жамап  отыр»  деген
үзіндідегі анықтауыштар құрамына қарай қай қатарға жатады? 
A) Үйірлі анықтауыш; 
B) Күрделі анықтауыш; 
C) Сөйлемде анықтауыш жоқ; 
D) Барлық жауап дұрыс;
E) Айқындауыш.
103. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Бірақ  Түйебайдың  бір  қасиеті  қанша  таяқ  жесе  де,  көп  жыламайды,
мұқап жасымайды.
A) Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер;
B) Шартты рай тұлғалы оралым арқылы күрделенген сөйлем;
C) Есімше оралым арқылы күрделенген сөйлем;
D) Бірыңғай мүше арқылы күрделенген сөйлем; 
E) Қыстырма сөйлем арқылы күрделенген сөйлем.
104. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Шоқан әкесіне іштей наразы бола жүре, оларға тез көнді.
A) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
B) Есіммен қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Құрмалас сөйлем;
D) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
E) Бірыңғай мүшемен күрделенген сөйлем.
105. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Үйге  келсе  Мұратын  ермек  етеді,  оның  тілін  қызық  көреді,  ертек
айтып береді, ойнатады.
A) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;

B) Есіммен қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Құрмалас сөйлем;
E) Бірыңғай мүшемен күрделенген сөйлем.
106. Синтаксистік қатынастың қай түріне жатады?
        Мектебім - алтын бесігім.
A) Предикативтік;
B) Предикативтік емес; 
C) Анықтауыштық;
D) Пысықтауыштық; 
E) Толықтауыштық.
107. Тамағы  тоқтық,  жұмысы  жоқтық  аздырар  адам  баласын.  Тамағы
тоқтық,  жұмысы  жоқтық  аздырар  -  деген  сөз  тіркесі  арасындағы
байланысу формасын көрсетіңіз.
A) Меңгеру;
B) Қабысу; 
C) Матасу; 
D) Қиысу; 
E) Жанасу.
108. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін табыңыз. 
A) Дала тағысы; 
B) Күрделі жөндеу;
C) Қала шеті;
D) Отыз қой;
E) Досқа аманат.
109. Сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай қалай бөлінеді?
A) Зат есімді, сын есімді;
B) Бастауыш, баяндауыш;
C) Аналитикалық, синтетикалық; 
D) Етістікті, есімді;
E) Сан есімді, етістікті.
110. Қабыса байланысқан тіркесті табыңыз.
A) Сіздер оқыдыңыздар;
B) Бүгінше тоса тұр;
C) Олар келді;
D) Менің ұсынысым;
E) Өзен жағасы.
111. «Ертістің жағасы» қандай сөз тіркесі?
A) Есімді;
B) Етістікті;
C) Күрделі сөз тіркесі;

D) Сөз тіркесі емес; 
E) Дұрыс жауабы жоқ.
112. Сөйлем қай қатарға жатады?
               Жидебай  мен  сай-саласы  ағашқа  толы  Орда  тауы  мұндайлық  зор
апатқа ұзақ жылдардан бері ұшырап көрген жоқ болатын.
A) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
B) Есіммен қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Құрмалас сөйлем;
E) Бірыңғай мүшемен күрделенген сөйлем.
113. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Айтып қоя жаздап, әрең шыдап отырған жайы бар.
A) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
B) Есіммен қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Құрмалас сөйлем;
E) Бірыңғай мүшемен күрделенген сөйлем.
114. Предикативті қатынаста тұрған сөздер тобын табыңыз.
A) Ашық аспан.
B) Жазиралы алқап.
C) Айлы түн.
D) Асан - студент.
E) Жауаптардың бәрі дұрыс емес.
115. Сөз  тіркесіндегі  сөздердің  ілік  септігінің  жалғауы  арқылы  байланысу
формасы қалай аталады?
A) Қабысу;
B) Қиысу;
C) Жанасу;
D) Матасу;
E) Меңгеру. 
116. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Абай  кітап  оқып  отырса  да,  көктемнің  осы  сияқты  көп  алуан  жаңа
тірлігін үнемі қатар сезеді.
A) Есім қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
B) Есіммен қабыспалы оралыммен күрделенген сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Шартты рай тұлғалы оралым арқылы күрделенген сөйлем;
E) Бірыңғай мүшемен күрделенген сөйлем.
117. Сөйлем қай қатарға жатады?
        Шоқанның  келуіне  байланысты  бұл  жағаға  іші  жасаулы  бірнеше  ақ  үй
тігілді.

A) Сабақтас құрмалас сөйлем;
B) Салалас құрмалас сөйлем;
C) Көсемше оралымды күрделенген сөйлем;
D) Қыстырма сөйлемдер арқылы күрделенген сөйлем;
E) Аралас құрмалас сөйлем.
118. «Жұмыс істеу, уәде беру» қандай тіркестер?
A) Күрделі тіркес;
B) Тұрақты тіркес;
C) Түйдекті тіркес;
D) Фразалық тіркес;
E) Идиомалық тіркес.
119. Асты сызылған тіркес қандай қатынаста жұмсалған?
        «Жуас түйе жүндеуге жақсы».
A) Анықтауыштық;
B) Толықтауыштық;
C) Пысықтауыштық;
D) Предикативтік;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
120. Фразалық тіркесті табыңыз.
A) Қабырғаңмен кеңес.
B) Кеңседен шықты.
C) Есіне салу.
D) Оқып келе жатыр.
E) Күннің сәулесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет