6.Маскулиндік зерттеулер, т.б. [Словарь гендерных терминов,2002,138-139 б.б.].
Гендерлік-лингвистикалық зерттеулерде әлеуметтік лингвистика, психлингвистика, когнитивтік лингвистика, лингво-мәдениеттану, т.б. ғылым салаларының әдіс-тәсілдері өзара байланыста тиімді қолданылады. Тіл біліміндегі гендерлік зерттеулер бір-бірімен тығыз байланысты диахронды және синхронды қырынан қарастырыла алады.
Әлеуметтік және гуманитарлық білімдер негізінде гендерлік теорияны қалыптастыру жай ғана қарапайым теория енгізу емес,бұл көптеген дағдылы,әдеттенген таным-түсініктерді қайта қарастыруға бағытталған мүлдем жаңа теория (Воронина).Кейбір зерттеушілер гендерлік теорияны жаңа ғылыми зерттеу парадигмасы деп таниды (Рябов).Лингвистикадағы антропоөзектілік бағыт адамның тілдік тұлғасын жан-жақты зерттеуді көздейді.Ал гендер адамға қатысты негізгі өлшемдердің бірі саналады (Кирилина).Бұл ретте ғалым екі жағдайды ескеру қажет деп санайды.Бір жағынан,тілтану білімін дамытудың қазіргі кезеңінде тілдің «антропобағыттылығын» жалпылай қабылдауға әлі ерте,жеткілікті дәрежеде емес,сондықтан олардың гендерлік және метагендерлік деңгейлер шегін ажырату қажет.Екінші жағынан,гендерлік лингвистиканың қалыптасуының бастапқы кезеңінде гендер факторының маңыздылығын әсірелеп көрсету орын алды.Қазірде гендер жеке ғылым салаларының әдіснамалық негізін құрайтын тәсілдердің бірі ретінде қарастырыла бастады.[1999].
Лингвистиканың қай саласын алсақ та (семантика, әлеуметтік психолингвистика, дискурс, тілдік қарым-қатынас теориясы) гендер факторының ықпалын анықтап,тілдік құрылымдарды гендерлік факторының ықпалын анықтап,тілдік құрылымдарды гендерлік тәсілдер арқылы зерттеуге болады.
О.Л.Каменская ғылымдағы салалық,салааралық,ғылымдар түйісіндегі зерттеулерді ажыратып, салалық тәсілде жүйеішілік әдістер қолданылатынын, ғылымдар түйісіндегі зерттеулерде басқа ғылым әдістері пайдаланылатынын бірақ әрқайсысы өзіндік ерекшелігін сақтап отыратынын көрсетеді.Ол тіл біліміндегі гендерлік зерттеулерді салааралық зерттеуге жатқызады,гендердің танылмаған қырларын бір ортаға тұтастыратын жүйелеуші фактор ретінде тілдік тұлғасы деп бөліп қарастыруды негіздейді. [2002, 62б.].
О.Т.Йокояма тілдегі гендерлік зерттеулердің лингвистикалық деңгейіне назар аудара келіп,
Достарыңызбен бөлісу: |