«Гендерлік рөл мен гендерлік теңдік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты-жөні___________________________________
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқылым,жазылым
Оқу мақсаты
10.О1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау
10.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу.
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің өзектілігін анықтап, қорытынды жасайды
Мәселе бойынша шешімнің артықшылығы мен кемшілігін салыстыра отырып, құрылымына сай дәлелдерімен эссе жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтіннің өзектілігін анықтап, қорытынды жасайды
1
Мәтіннен үш өзекті ақпаратты анықтайды.
3
Өзекті саналу себебін түсіндіреді
3
2
Әйел құқығын қорғаудың маңыздылығына өз сөзімен 3 дәлел келтіреді.
3
Қорытынды ойын жазады;
1
Мәселе бойынша шешімнің артықшылығы мен кемшілігін салыстыра отырып, құрылымына сай дәлелдерімен эссе жазады
3
Пікірді негізге алады;
Мәселенің артықшылығын қарастырады;
Мәселенің кемшілігін қарастырады;
Дәлелдер келтіреді;
Эссе құрылымын сақтайды;
Сауатты жазады.
1
2
2
2
1
2
Барлық балл
20
Тапсырма
1. Мәтін мұқият оқып, оның маңыздылығын, өзектілігін дәлелдейтін кем дегенде үш ақпаратты іріктеңіз және себебін түсіндіріңіз.
Жер бетіндегі нәзік жаратылыс иелерінің өз құқығын қорғау бүгінгі таңда дүниежүзі бойынша ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Дүниеде зорлық-зомбылық көретіндердің басым бөлігі әйелдер екені белгілі.
Әйел құқығы БҰҰ қабылдаған «Мыңжылдықтың даму мақсаттары» құжатында да атап көрсетілген. Бұлар — ана денсаулығын сақтау, әйелдердің білім мен денсаулық мекемелеріне қолжетімділігі және гендерлік теңдіктің қоғамдық деңгейде қолдау табуы. Бүгінде 139 мемлекеттің Ата Заңында әйел мен ер теңдігі заңды түрде бекітілген. Бірақ зерттеу нәтижелері көрсеткендей, экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінде әйел құқығының аяққа тапталуы жиі орын алады.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенция мен БҰҰ-ның бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде гендерлік теңдік мәселесінде біраз өрлеу бар. Әлемнің 173 мемлекетінде жүктілік кезінде демалыс ақысы төленеді, 139 мемлекеттің Ата Заңы ер мен әйел теңдігіне кепілдік береді, 125 елдің заңы отбасында ұрып-соғуға тыйым салады, 117 мемлекеттің заңында ер мен әйелге теңдей жалақы төлеу туралы жазылған. Оған қоса 115 елде әйелдерге ресми түрде мүлік құқы берілген. Мысалы, Непалда жерге салынатын салықты алып тастаған соң, жекеменшік жылжымайтын мүлікке ие әйелдердің саны үш есеге көбейген. Бірақ заң жүзіндегі осындай артықшылықтармен қатар кемшіліктер де азаймай отыр. Мысалы, 127 елде отбасында зорлық көрген әйел заң жүзінде қорғалмайды екен.
Дүние жүзінде әйелдердің 53 пайызы жұмыс орнында қорғалмағанымен қоса, еркектердің жалақысы әйелдерге қарағанда 10-30 пайызға көп. Бұл мәселені шешуге алдымен кіріскен елдің бірі – Швеция. Бұл мемлекетте бала күтіміне байланысты еркектерге де демалыс беріледі. Соның арқасында әйелдер мен еркектердің жалақысы арасындағы алшақтық азайған.
Әйел құқығын қорғау дүниежүзілік деңгейдегі өзекті мәселеге айналуда. Заң шығару мекемелерінде әйелдердің санын көбейтуге мүдделі елдер жоқ емес. Мысалы, Африканың орталығындағы Руандада мұрагерлік құқығына ерлер мен әйелдердің теңдей ие болуы жөніндегі заң 1999 жылы күшіне еніпті. 2003 жылғы Руанда Ата Заңы лауазым иелерінің ең аз дегенде 30 пайызы әйелдер болуы керек деп көрсеткен. Бұл елде 2008 жылы гендерлік зорлықтың алдын алу жөніндегі заң қабылданады. 2011 жылы Парламент депутаттары мен Сот төрағаларының 51 пайызын әйелдер құраған. Непал, Коста-Рика, Испания сияқты мемлекеттер де заң шығару мекемелерінде әйелдердің санын көбейтті. Ұлттық Парламенттегі 30 пайыз орынды әйелдер алуы тиіс деген шарттарды әлемнің 28 мемлекеті орындады. Олардың ішінде Руанда әйел депутаттары ең көп мемлекет саналады. Жалпы дүние жүзінің 99 елінде құқық қорғау орындарындағы қызметкерлердің тек 10 пайызы ғана әйелдер. (365 сөз)
Мәтіндегі өзекті үш ақпарат
Өзекті ақпарат саналу cебебі
2. Мәтіндегі ақпараттарға сүйене отырып, әйел құқығын қорғаудың маңыздылығына қатысты өз сөзіңізбен 3 дәлел келтіріңіз және ойыңызды бір сөйлеммен қорытындылаңыз.
1.
2.
3.
Қорытынды ой:
3. «Гендердік теңдік» саясатын халықтың барлығы бірдей қолдай бермейді. Әрине, таяқтың екі ұшы сияқты оның да артықшылықтары мен кемшіліктері болуы мүмкін?! Ал Сіздің ойыңыз қандай? Гендерлік теңдіктің артықшылығы мен кемшілігі неде? Екіжақты пікіріңізді дәлелдей отырып, құрылымына сай эссе жазыңыз.