Сақтық шараларын қабылдау қағидаты - бұл қоршаған ортаға
антропогендік әсерлердің белгісіздігіне негізделген тәсілдердің бірі. Мұндай
тәсіл әлеуетті және болашақ залалды есепке алу қажеттілігін алдыңғы
жоспарға ұсынады және болжамдау әдістерінің бірі, әлі болмаған тәуекел
қолайсыз оқиғаларға әсер етудің алдын алу шарасы болып табылады. Сақтық
шараларын қабылдау қағидаты құқықтық мәртебеге ие, өйткені ол көптеген
халықаралық заңнамалық актілерде тұжырымдалған және пайдаланылады.
БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында 1992
жылы қабылданған Рио-де-Жанейр декларациясының 15-ші принципін дәл
осындай тұрғыда қарау керек. Онда: "Мемлекеттің қоршаған ортасын қорғау
мақсатында, өз мүмкіндіктеріне сәйкес сақтық шараларын қабылдау қағидаты
кеңінен қолданылады. Елеулі немесе қайтымсыз зиян қаупі бар, бірақ
сонымен бірге қауіптің қауіптілік дәрежесі туралы ғылыми белгісіздік болған
жағдайларда – бұл қоршаған орта жағдайының нашарлауын алдын алу
жөніндегі тиімді шараларды қабылдауды кейінге қалдыру үшін себеп бола
алмайды.»
Осылайша, адам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси аспектілері
мен қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету арасындағы жаңа өзара
қарым-қатынастардың
маңызды
қағидаттары
жарияланды.
"Сақтық
шараларын қабылдау" принципі мынадай төрт элементті қамтиды:
•
тәуекел,
•
залал,
•
ғылыми белгісіздік
•
сараланған мүмкіндіктер.
Тәуекел - бұл сақтық шараларын қабылдау принципінің анықтаушы
сипаттамасы. Тәуекел үлкен немесе аз дәрежеде зиян келтіруі мүмкін
болжамды ықтимал қауіп болып табылады.
Зиян - бұл белгілі бір қауіптілік деңгейінің сипаттамасы. Бұл деңгей
"күрделілік" және "қайтымсыз" сияқты ұғымдармен анықталады, соның
нәтижесінде
залалды
бағалауға,
жоюға
және
өтеуге
байланысты
қиындықтарға байланысты проблема жиі туындайды.
|