1978 жылы Гильдергтың ұсынысы бойынша ДНҚ молекулалардың ақпаратты бар бөлігі экзондар, ал ақпарат жазылмаған мағынасыз бөліктер интрондар. Эукариоттық клеткаларда экзондар мен интрондардың, саны мен мөлшері әр генде әртүрлі болды. Ген екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - экзондар, олар тікелей тиісті ақуыз синтезіне қатысады. Екінші бөлігі - интрондар, олар "піскен" мРНҚ-да табылмайды. Экспрессия процесінде геном нуклеотидтер реттігінде сəйкес тікелей ДНҚ-дан РНҚ көшірме алады. Осылай РНҚ ізашар түзіледі. Бірақ ол тікелей ақуыз синтезіне пайдаланылмайды. мРНҚ ізашардан интрондарды бөліп тастағаннан кейін "піскен" мРНҚ түзіледі, ол тек қана экзондардан тұрады. Бұл процесс РНҚ сплайсингі деп аталады.

Сплайсинг — мРНҚ-ң жетілген түрінің жасалуы. Ол аРНҚ-ның алғашқы транскриптсынан белгілі гендермен кодталған белок түзілуі туралы мәлімет әкелетін интрондарды алып тастағанда пайда болады. Бұл жұмысқа екі класты ферменттер—рестриктазалар және лигазалар қатынасады. Рестриктазалар РНҚ алғашқы көшірмелерін кеседі, ал лигазалар қалған кесінділерді (экзондарды) бір-біріне жалғайды, сөйтіп РНҚ-ның жетілген түрі пайда болады.

Сплайсинг процесінің механизмі:
Ядродағы РНҚ-лар сплайсигті жүргізетін ферменттерге көмектесіп, коферменттер қызметін атқарады. Осы кофермент қызметін атқаратын РНҚ-лар экзондардың ұшын ұстап тұрады. Бұдан кейін фермент интронды тастап, экзондарды бір-бірімен жалғайды. Осы кезде аРНҚ ешбір ферменттің көмегінсіз өзіне-өзі сплайсинг жүргізе алатындығы тәжірибежүзінде дәлелденді.
Пайдаланған әдебиеттер
https://www.google.kz/
Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл.