|
Геоэкономика біріктіретін ғылым салалары: География, экономика, геосаясат Геоэкономиканың зерттеу салалары
|
бет | 1/5 | Дата | 26.12.2023 | өлшемі | 19,71 Kb. | | #143655 |
| Байланысты: География база жаттау 90 сұрақ
Геоэкономика біріктіретін ғылым салалары: География, экономика, геосаясат
Геоэкономиканың зерттеу салалары: географиялық жағдай, экономикалық қуаттылық, бәсекеге қабілеттілік, саясат пен экономика
Нарық сыйымдылығы: нақты әрбір сәтте нарықтар бар немесе өндіріліп, нарыққа жеткізілетін тауар мөлшері
Нарық жағдаяты: сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы
Бәсекеге қабілетті ел ұғымын қалыптастырды: Н.С.Мироненко
Әлемдік нарық: әлемдік экономика субъектілерінің арасындағы тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату әрекеттерінің ғаламдық жүйесі
Қазіргі әлемнің кеңістік моделін жасады: И.Валлерстайн
И.Валлерстайн экономикалық кеңістікті неше бөлікке бөлді: 3 (ғаламдық орталық, жапсарлас өтпелі аймақ, шет аймақ)
Қазіргі кездегі ғаламдық орталық: АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Жапония
Эмиссия: айналымға жаңа ақшаларды шығару арқылы ақша массасын ұлғайту
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін басты эмиссиялық валюта: Жапон иенасы
Жартылай периферия аймағына жатады: Балқан түбегі елдері, Португалия, Ирландия, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдері
Периферия елдері: Латын Америкасы, Африканың, мұхит аралдарының артта қалған елдері
Шаруашылық салаларын орналастырудағы факторлар: байырғы, заманауи
Байырғы факторлар: аумақ, эгж, табиғи-ресурстық, көлік, еңбек ресурсы
Аумақ: қоғамның географиялық ортасының аса маңызды элементтерінің бірі.
Жер тапшылығын сезініп отырған ел: Сингапур
ЭГЖ-ның басты 4 түрін көрсеткен ғалым: Н.Н.Баранский
ЭГЖ түрлері: Орталық, Теңіз маңы, Көршілік, Шеткі
Дамудың жоғары деңгейін көрсететін ЭГЖ: Орталық
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|