Каротаж
–
ұңғыма ашқан тау жыныстарының физикалық
қасиеттерін жəне химиялық құрамын зерттейтін əдістер жүйесі.
Коллектор – құрамында пайдалануға болатын мұнай мен
газы бар, кеуектілігі жəне мұнай мен газ өтімділігі жоғары тау
жынысы.
Ортақ қалыңдық (қабат) — стратиграфиялық шекаралар
арқылы анықталатын, жабынмен табан арасындағы ұзындық.
Тиімді қалыңдық – горизонт қималарында ерекшеленетін,
коллектор емес қабаттарды ортақ қалыңдықтан алып тастағандағы
қалыңдық.
Мұнайға қаныққан (газға қаныққан) қалыңдық –
қалыңдық жиынтығына (сумарный) тең, мұнай-газға қаныққан
коллекторлар.
Көрінерлік кедергі əдісі (КК) – фокусталмаған зондтармен
жүргізілетін электрлік каротаж
Зонд – Ұңғыма ішіне түсірілетін зерттеу аспабы.
Жұп электродтар – зондтың екі электродтардың, бір желіге
қосылуы (токты жəне өлшеуші).
Сыңар
электродтар
–
зондтан
алшақ
орналасқан
электродтармен бір желіге қосылған зонд электроды
Бірполюсті зонд – бір қорек көзінен А жəне екі қабылдағыш М
жəне N электродтардан тұратын үшэлектродты зонд.
Екіполюсті зонд – бір қабылдағыштан М жəне екі қорек көзінен
А жəне В электрродтарынан тұратын үшэлектрродты зонд.
Потенциал-зонд
–
(қабылдағыш
MN
немесе
қоректендіруші
АВ)
жұп
электродтарының
арақашықтығы
жұпсызға қарағанда алшақ зонд
Градиент-зонд
– жұп электродтарының арасы жұпсыз
электродқа қарағанда жақын орналасқан зонд.
Жабындылық зонд – жұп электродтары жұпсыздың
жоғары жағында орналасқан зонд.
Табандылық зонд – жұп электродтары жұпсыздың
төменгі жағында орналасқан зонд.
Бүйірлік электрлік зондылау (БЭЗ, БКЗ) – ұзындығы
əртүрлі бір типті зондтар тобымен ұңғыма қимасының көрінерлік
кедергісін өлшеу.
87
Микрозондылау (МКЗ) – ұзындығы өте аз зондтармен
қиманың ұңғыма айналасындағы көрінерлік кедергісін зерттеу.
Бүйірлік каротаж (БК) – фокусталған зондтпен электрлік
зерттеу.
Индукциялық
каротаж
Достарыңызбен бөлісу: |