Байланысты: Практика 1 Географичес исс. Утебаев Н.Б.
Толық мақаласы: Географиялық зерттеу әдістері Тарихи қағида бойынша дәстүрлі әдістер (суреттеу, картографиялық әдістер) географияда XX ғ. 30-50 жылдары бастап пайдаланып келе жатыр. XX ғ. 60-80 жж. ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты көптеген жаңа мүмкіншіліктер пайда болды: ғарыштық, математикалық, модельдеу, геоақпараттық және т.б. Географиялық ақпараттық жүйе пайда болды.
Қазіргі географиялық ғылыми-зерттеу әдістері:
жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);
нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);
ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);
ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);
алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.