География және табиғатты пайдалану факультеті Жерге орналастыру мамандығы



бет1/2
Дата24.10.2022
өлшемі1,49 Mb.
#45098
  1   2
Байланысты:
3сөжАльходжаева Қарақат


География және табиғатты пайдалану факультеті

Жерге орналастыру мамандығы


1 курс студенті: Альходжаева Қарақат Жандосқызы


Тексерген: Алимсеитова Жанар Кенесхановна


Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ)


Аэрофототүсіріс, фототеодолиттік түсіріс


Кіріспе

Ұшатын аппараттардан жер бетін фотографияға түсіру материалдарын пайдалана отырып, карта немесе план жасау үшін орындалатын жұмыстар жиынтығы аэрофототүсіріс болып саналады. Қазіргі кезде


аэрофототүсіріс 1:5000 және одан ұсақ масштабтарға топографиялық карталарды жасаудың негізгі әдісі болып отыр; оны жерге орналастыруда, инженерлік зерттеу, геологиялық барлау жұмыстарында және т. с. с. кең қолданады.
Топографиялық карталардың түпнұсқаларын жасауда қолданылып жүрген әдістеріне қарай аэрофототүсіріс құрама және стереотопографиялық болып екі түрге бөлінеді.
Құрама аэрофототүсірісте картаның контур бөлігін көбінесе
аэрофототүсірістің материалдарын ғылыми өңдеу арқылы жасайды, ал жер бедерін фотопланға немесе фотосхемаға далада түсіреді. Осы әдісті жазық аудандарды және көбінесе ірі масштабтағы түсірістерде және де ұшудың сапасы стереотопографиялық түсірісті жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданады.
Стереотопографиялық аэрофототүсіріс — бұл аэрофототүсіріс материалдары арқылы топографиялық картаның түпнұсқасын жасауға қажетті жұмыстар жиынтығы. Құрама түсірістермен салыстырғанда осы әдісті қолданғанда далалық топографиялық жұмыстардың шамасы аз болады.
Стереотопографиялық түсірісте аэросуреттерді өңдеу аспаптары жергілікті жердің моделін стереоскопиялық есептеуге негізделген. Стереотопографиялық аэрофототүсірістің артықшылығы мынада: далалық топографиялық жұмыстарды едәуір қысқарту, түсірілетін ауданның физикалық-георафиялық жағдайына тәуелсіз жұмыстардың бірқалыпты дәлдігін сақтау, және ақырында, барлық жұмыстар циклін жыл бойына біркелкі бөлу.


Аэрофототопографиялық түсіріс. Топографиялық аэрофототүсірісті жасау және олардың материалдарын әзірлеу үшін, немесе аэрофототүсірістерді фотограмметриялық өңдеу үшін мемлекеттік геодезиялық бақылаудың территориялық инспекциясынан рұқсат алу керек. Сонымен топографиялық түсірістерді және олардың пландық-биіктік негіздеуін орындау үшін координаталар жүйесін келісіп шешеді. Аэрофототүсіріс процесі алдында аэрофототүсіргі маршруттарының орнын, жұмыстардың мөлшері мен мерзімін белгілейді, аэрофототүсірістің негізгі параметрлерін есептеп шығарады, ұшу картасын жасайды, аэрофототүсіргі және навигациялау жабдықтарының түзулігін тексереді, жергілікті жермен танысады. Стереотопографиялық аэрофототүсіріс арнайы топографиялық аэрофотоаппараттар (АФА) түрімен жүргізіледі. Аэрофотоаппараттар бір фотосуретті алуға қажетті жұмыстар циклінің ұзақтығымен сипатталады.


Аэросуреттерден тікелей фотоплан дайындау мүмкін емес, өйткені олардық масштабтары әр түрлі және жер бедеріне, нормальдан фотоға түсіру кезінде аэрофотоаппараттың оптикалық осінің ауытқушылығы салдарынан бұрмаланады. Оларды бір масштабқа келтіру және бұрмалауды жою үшін трансформациялау жүргізіледі, ол үшін әрбір аэросуретте координаталары белгілі төрт контурлық нүктелер болуы қажет. Аэросуреттерде танылған жергілікті жердің контурлы нүктелерінің координаталары тірек жүйесі пункттеріне аэротүсіргілерді байланыстыра отырып алынады; далалық суреттерде танылатын нүктелер пландық танымдық белгілер деп аталады.


Топографиялық карталар мен пландарды аэрофототүсіріс әдістерімен жасау өзара байланысты мынадай жұмыстардан: ұшу-түсіру, далалық фотолабораториялық, топографиялық-геофизикалық және фотограмметриялық жұмыстарынан құрастылады. Ұшу-түсіру жұмыстарына ұшу-түсіргі және навигация аппаратураларын даярлау, жергілікті жерді суретке түсіру жатады. Далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды аэросуретке кескінделген жергілікті жердегі нүктелердің координаталарын және биіктік белгілерін анықтау үшін орындайды. Олар суреттегі жергілікті жердің кесінделген объектілерінің сипаттамаларын табудан, түсініп білуден және анықтау жұмысынан тұратын далалық дешифрлеуден тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет