«География» оқу пәнінің міндеттері



бет1/5
Дата01.03.2023
өлшемі53,18 Kb.
#70906
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
«География» о у п ніні міндеттері


ТҮСІНІК ХАТ
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген. Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалық, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен, 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығының 4-қосымша бұйрығына, 2019 жылдың 15 мамырдағы №205 бұйрығына 2-қосымша негізінде бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)мемлекеттік жалпығы міндетті стандартына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген. Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларына әзірленген.
«География» – жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік нысандар мен құбылыстарды зерделейтін оқу пәні. География табиғи және антропогендік нысандар арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелділікті зерделейді.
География ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады, себебі ол әлеуметтік, экономикалық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тоғысқан шегінде дамиды. Географияның өзіне тән теориясы, әдіснамасы және зерттеу әдістері бар.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбында «География» оқу пәнін оқудың мақсаты: дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.
«География» оқу пәнінің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі замандағы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
- «География» оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды: «Географиялық зерттеу әдістері»; «Картография және географиялық деректер базасы»; «Физикалық география»; «Әлеуметтік география»; «Экономикалық география»; «Елтану және саяси география негіздері».
- Пәннің бөлімдері мен тақырыптары «шиыршық» принципі негізінде әзірленген, бұл принцип сәйкес әр сынып сайын тақырыптар бойынша білім мен дағды көлемі тереңдетіліп, қиындатып беріледі.
Бірінші және екінші бөлімдерге қатысты оқытудың ортақ мақсаттары, зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыру мақсатында, әр оқу жылының басында жеке сабақтар түрінде өткізіледі. Басқа бөлімдерді оқу барысында ортақ оқу мақсаттары оқылатын бөлім мәнмәтінінде зерделенеді. Оқудың мақсаттары тақырыптық бөлімді оқу барысында жүзеге асырылуы тиіс. Әр сабақты оқыту барысында мақсаттарды қайталап, яғни өткен мақсатпен толықтырып отыру қажет емес. Мысалы, атмосфера бөлімшесін оқу барысында білім алушылар бір далалық зерттеу (мысалы, бақылау және өлшеу), бір картосхема құрастыру, бір номенклатура тапсыру және деректер базасы формасындағы бір кесте құрастырулары тиіс, яғни бұл жұмыстарды әр сабақта жасау қажетті емес. Тақырыпты ортақ оқу мақсаттарымен толықтыру реті мұғалімнің қалауынша жүзеге асырылады.
Ортақ оқу мақсаттарын бағалау оқытудың негізгі мақсатын бағалау аясында жүзеге асырылады. Мысалы, «7.3.3.6 - мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді» мақсатын, «7.2.1.1 - тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады» мақсатымен толықтырған жағдайда, білім жетістігін бағалау негізінен 7.3.3.6 мақсатын бағалау арқылы жүзеге асырылады, ал ағыстар географиясын көрсететін картосхеманың болуы, бағалау критерийлерінің бірі рөлін атқарады. Сонымен қатар іс-әрекеттің бір түрінің көмегімен екінші өтпелі мақсатты да қамтуға болады, мысалы, 7.2.1.2 - географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді. Білім алушының өзі құрастырған картосхемасынан ағыстарды көрсетуі негізгі оқу мақсатын бағалаудың бір критерийі болып саналады.
Оқудың әр мақсаты бойынша тапсырмалар әзірлеу міндетті емес. Мұғалімдер оқудың бірнеше мақсатын қамтитын бір тапсырма әзірлеулеріне болады.
Жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру жағдайында әр тапсырма тәжірибеге бағытталған болып табылады. Бірінші және екінші бөлімдердің ортақ оқу мақсаттары бұл тәсілді күшейтуге мүмкіндік береді (бұл өтпелі мақсаттардың топтамасы әр тақырыпты оқытудың ұзақ мерзімді жоспарында анықталған). Демек, бағдарламада міндетті практикалық жұмыстар тізімі қарастырылмаған.
Білім алушылар мұғалімнің басқаруымен географиялық ақпарат көздерімен, географиялық зерттеу әдістерін қолданумен (далалық әдіс, бақылау әдісі), схемалар, графиктер, диаграммалар, профильдер құрастыру, географиялық карталармен жұмыс істеу арқылы орындайтын зерттеушілік жұмысқа көп көңіл аударылады.
Пән мұғалімдеріне әр білім алушыға қажетті білімді алуға жағдай жасайтын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану ұсынылады. «География» пәнін оқу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану:

  • білім алушының оқу-танымдық қызығушылығын арттыру;

  • оқу процесін тиімді ұйымдастыру;

  • білім алушының оқу-танымдық әрекеттерін белсендендіру мүмкіндіктерін береді.

«География» оқу пәні бойынша бағдарламада қарастырылған далалық зерттеу, бақылау және эксперименттік жұмыстарды мұғалімдер сыныптан тыс орындарда өткізе алады.
«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің 7-сыныптағы көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 саға




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет