жалпы 30 ұпай
10-сынып
«Картография және геоинформатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма: № 1.Атласты қолданып, Еуразияның жер бедерін зерттеңіз.
a. Биіктіктігі басым аймақ материктің қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз./1/
b. Материктің ең төмен және ең биік нүктесін анықтап, айырмасын жазыңыз./2/
c.Материкте орналасқан үш таудың шыңдарының биік нүктесін анықтап, биіктігін
жазыңыз./3/
Тапсырма № 2 Экономикалық –географиялық зерттеуде карталарды қолданудың қандай
тәсілдері бар? Кемінде 4 еуін жаз./1/
Тапсырма №3 Мәтіндегі деректерді қолданып, Қазақстанның халық тығыздығының
картасызбасын жасаңыз.
Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км
2
) болғанымен халық сирек қоныстанған
елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 6,2 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн
табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңiрлер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы
облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда).
Тұрғындар тығыздығы 1 км
2
-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келедi. Салыстырмалы түрде
тұрғындары көп келесi аймақтар Солтүстік Қазақстан аймағы: Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Тұрғындар тығыздығы 1 км
2
-ге
5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келедi. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындар тығыздығы
1 км
2
-ге 5,4 адамнан. Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындары км
2
-
ге 3,3 адамнан келедi. Халық ең аз қоныстанған аудандар Батыс аймақтар Маңғыстау,
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы
Қызылорда обл. Мұнда 1 км
2
-ге келетiн орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және
2,6 адамнан.
a. Мәтіндегі деректерді пайдаланып, Қазақстанның халық тығыздығының
картасызбасын жасаңыз./2/
b. Қазақстандағы халық тығыздығы бойынша ең жоғары және ең төмен аудандарды
анықтаңыз./2/
с.Халық тығыздығы төмен болуының 1 себебін түсіндіріңіз./1/
|