«География» пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық тапсырмалары а бөлімі Нұсқаулық



бет1/2
Дата25.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#97353
  1   2

«География» пәнінен қорытынды аттестаттауға


дайындық тапсырмалары


А бөлімі


Нұсқаулық: Төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдап аласыз. Таңдап алған жауапты шеңбермен белгілейсіз.



  1. Н.Н.Миклухо-Маклайдың география ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтаңыздар.

A) Американы ашты
B) Нәсілдер теңдігін дәлелдеді
C) Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеді
D) Топырақ таралуын зерттеді

1-суретте көрсетілген климатограммаға мұқият назар аударып, зерттеңіздер.





1-сурет

2.1-сурет бойынша жауын-шашын ең мол түсетін айды анықтаңыздар.


A) Мамыр
B) Шілде
C) Желтоқсан
D) Қазан

Еуразия картасы көрсетілген 2-суретке мұқият қараңыздар





2-сурет
3. Сызықшамен көрсетілген көлді атаңыздар.
A) Арал
B) Каспий
C) Байкал
D) Балқаш

4.Биік таулардың теңіз деңгейінен биіктігін белгілеңіздер.


A) 1000м дейін
B) 200-500м
C) 1000-2000м
D) 2000м аса

5. Мұғалжар тауларының кенді пайдалы қазба түрін атаңыздар.


A) Хром
B) Мұнай
C) Асбест
D) Фосфориттер

6. Ең ежелгі қатпарлықты атаңыздар.


A) Мезозой
B) Альпі
C) Байкал
D) Герцин

7. Жыл бойы ыстық және құрғақ климатымен ерекшеленетін белдеуді белгілеңіздер.


A) Полярлық
B) Қоңыржай
C) Тропикалық
D) Экваторлық

8. Тірі ағзаларымен, ағыстарымен, судың қасиеттерімен ерекшеленетін мұхиттың бір бөлігін атаңыздар.


A) Теңіз
B) Көл
C) Шығанақ
D) Бұғаз

3-суретке қарап, Қазақстанның өзен алаптары картасына мұқият назар аударыңыздар.





3-сурет
9. 2 санымен белгіленген өзен алабының өзендерін анықтаңыздар.
A) Есіл, Тобыл
B) Жайық, Жем
C) Сырдарья, Шу
D) Қаратал, Іле

10. Ауаның төменгі температурасымен және артық ылғалдануымен ерекшеленетін табиғат зонаны атаңыздар.


A) Тайга
B) Тундра
C) Саванна
D) Шөл

11. 397 947 адам туып, 130515 адам қайтыс болса халықтың табиғи өсімі қанша болатынын есептеңіздер.


A) 528462
B) 463204
C) 267432
D) 258229

12. Қазақстан елінен эмигранттардың көп бөлігі кететін мемлекетті белгілеңіздер.


A) Ресей
B) Украина
C) Германия
D) Өзбекстан

13.Қазақстанның аса ірі ауылдардың халық санын белгілеңіздер.


A) 200-ден артық емес
B) 201-1000
C) 1000 аса
D) 5000 аса
14. Сарқылатын қалпына келмейтін табиғат ресурстарын атаңыздар.
A) Орман
B) Су
C) Минералды
D) Климаттық

15. Мұнай өңдеу өнеркәсіп орталықтарын анықтаңыздар.


A) Павлодар, Атырау
B) Балқаш, Теміртау
C) Жезқазган, Балқаш
D) Актөбе, Қостанай


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет