2.2.1 Ұңғымалар қорының және олардың ағымдағы дебиттерін талдау Кен орынның игерілу жағдайын терең талдау үшін және әсер ету үрдістерін тиімді реттеу үшін қабаттардан өнім алу сипаты мен дәрежесі туралы сенімді мәліметтердің болуы өте маңызды. Игерудің ағымдағы жағдайына әсер ететін негізгі факторларға мұнай мен газдың бастапқы және ағымдағы жағдайы, коллекторлардың фильтрациялық-сыйымдылық қасиеттері, тор тығыздығы, игеру режимі жатады. Қаражанбас кен орны үшін жылулық әдістерді пайдалануға шарт болатын мұнай тұтқырлығы анықтаушы көрсеткіш болып табылады. Кен орнында өнімділік және қабатты қамту коэффициенттерін жоғарылату үшін қабатқа әсер етудің түрлі әдістері қолданылған. Термиялық әдістерді және түрлі ығыстырушы агенттерді(су,бу, мұнай, полимерлер) қолдану тілім бойынша да, аудандар бойынша да мұнай алудың күрделі көрінісінің шарты болды. Мұнай қорын өндіру дәрежесін сипаттайтын негізгі параметр ретінде ұңғылар бойынша ағымдағы мұнай алу коэффициенті (МАК) алынды. Барлық кеніш ауданы көршілес ұңғылардың арасындағы қашықтыққа тең шартты дренажды аймақтарға бөлінеді. Сосын әр ұңғы үшін көлемдік әдіспен меншікті мұнай қоры анықталады. Одан кейін әр пайдалану ұңғысы үшін жинақталған мұнай өндіру мөлшері анықталады. Мұнай алу коэффициенті дегеніміз әр ұңғы бойынша жинақталған мұнай өндірудің сол ұңғының шартты дренажды аймағындағы геологиялық мұнай қорына қатынасы. I игеру объектісіндегі А қабаты Жалпы алғанда қор алудың сипаты өзгерген жоқ, демек ағымдағы МАК өсуі жинақталған мұнай ондірудің өсуіне сәйкес. ВВГ ауданындағы 857, 878, 1736 ұңғылары және ПТВ-3 ауданындағы 141, 1695, 1963 ұңғылары бойынша қор алудың жоғарылауын атап өтуге болады. Қор алуға байланысты мұнайға қанығу коэффициентінің төмендеуі 2164 және 2198 ұңғыларында байқалды. I игеру объектісіндегі Б қабаты ВВГ ауданы бойынша МАК өсуі жинақталған мұнай алуға сәйкес жүруде. Ең үлкен мұнай алу 53 ұңғы аймағында анықталған және 0,89-ға тең. Су-мұнай аймағы үшін бұл көрсеткіштің орта мәні 0,1 тең. 2164 ұңғысында мұнайға қанығушылықтың 85 пайыздан 60 пайызға төмендеуі анықталған. II игеру объектісіндегі В қабаты Жалпы горизонт бойынша ағымдағы МАК-тердің 1-3 пайызға өсуі бақыланды. Мұндай өсім МАК-тері төмен аумақтарға тән, ал МАК-тері жоғары аймақтар үшін өсім 13-30 пайызды құрайды.
II игеру объектісіндегі Г қабаты
ВВГ ауданында ағымдағы МАК-тер көпшілік ұңғылар бойынша өзгермеген дерлік. ПТВ-2 ауданында меншікті мұнай қоры алынуының шамалы өсуі байқалады. Меншікті мұнай қоры алынуының максимал мәні 200, 536, 629, 630, 634 ұңғылары аймағында байқалып, 1-ден асады. ПТВ-3 ауданында меншікті мұнай қоры алуынуының өсуі 1-6 пайызды құрады.
III игеру объектісіндегі Ю-I қабаты
Батыс переклиналь шегінде мұнай қорын алумен мұнайөнімді горизонттың 50 пайыздан аз ауданы қамтылған. Меншікті мұнай қорын алудың ең үлкен көрсеткіштері 811-839, 828, 767-768, 2262, 2300 ұңғылар аймағында байқалады. Мұнай алу коэффициентінің шамасы игеріліп жатқан кеніштер арасындағы минималь мәнге ие және 0,083-ке тең.
IIIигеру объектісіндегі Ю-IIқабаты
Ағымдағы мұнай алу коэффициенті мұнда да ең төменгілердің бірі және 0,1-ге тең. Мұнай қорын алумен мұнайөнімді ауданның 60 пайызы қамтылған. Мұнайдың меншікті қорын алудың ең үлкен көрсеткіштері 828, 2221, 2222, 2223 ұңғылары аймағында байқалады.
ВВГ және ПТВ аудандарында ағымдағы МАК бойынша мұнай қорын алудың дәрежесін бағалау нәтижелері 12-кестеде келтірілген. Кестеден көрініп тұрғандай меншікті мұнай қорын алудың жоғарғы шамасы (0,32 және 0,35) ВВГ және ПТВ-2 аудандарындағы Г өнімді горизонтында анықталған.
Бұл әдістегі дренаждау аумақтарын анықтауда шамалы қателіктер кетеді. Бірақ объектіден мұнай алудың жалпы көрінісін жасауға толық жарамды және мұнай қоры аз алынатын аймақтарда ұңғыны бұрғылау орнын анықтауға негіз болып табылады.
Кесте 14- ПТВ және ВВГ аудандарындағы МАК-тердің сипаттамасы