Метаморфтық жыныстардың белгіленуі. Аймақтық метаморфизм түзілімдері индекс жəне түстер арқылы белгіленеді. Метаморфтық жыныстардың заттық кұрамын көрсету үшін, арнайы штрихтер мен краптар қолданылады.
Стратифицияланбаған ультраметаморфты кристалдық жыныстар мен метаморфтық ортожыныстар магмалықтар сияқты белгіленеді; яғни түсі құрамы көрсетіледі, индекс-құрамы, жасы мен қай комплекске жатуын көрсетеді. Мысалы: Аrpr - Архейдің приазов комплексінің мигматиті. Мигматиттер (мигматталған жыныстар), жапсарлы метаморфизмді жыныстар, тектониттер, диафториттер, т.б. болып берілген стратифицияланбаған бөлімшелер түрлі түсті белгілермен беріледі. Əр түрлі шартты белгілер. Ондай шартты белгілер 2-суретте берілген. Əр жасты геологиялық түзілімдер (стратиграфиялық, интрузивті, метаморфты) шекаралары қара сызықтармен сызылады, мүмкін сызықтар (болжамдар) нүкте-сызық болып келеді. Нақты анықталған жарылымдар қалың қара сызықпен, болжамдысы үзілмелі сызықпен ьеріледі. Жарылымдардың түрлері (лықсыма, ығыспа, ысырма) бергштрихтер (бастырмалар) жəне тістер (жамылғылар) көмегімен көрсетіледі. Жанында жазылған сандар олардың еңістену бұрышын көрсетеді.
Геологиялық картаға тек басты-басты палеонтологиялық ашылымдар жəне ұнғымалар, геологиялық құрылымда ерекше рөл атқаратын нүктелер кіргізіледі.
Геологиялық қима түсiрiлгеннен соң стратиграфиялық бағана жасалынады. Стратиграфиялық бағанада картадағы бөлiнген барлық тау жыныстары (төрттiк жəне интрузивтiктен өзгелерi) көрсетiледi. Олар бағана бойында жас ретiмен, геологиялық қимадан алынған қабат қалыңдықтарымен үйлестiрiле орналастырылады. Бағанада арнайы шартты белгiлер арқылы стратиграфиялық бөлiмдер арасындағы байланыс (үйлесiмдi, үйлесiмсiз, параллельдi, бұрыштық, құрылымдық) көрсетiледi. Бағанада тау жыныстары картадағыға сəйкес стратиграфиялық бөлiм- демелерге бөлшектенедi. Бағаналар масштабы аудандағы жыныстардың жалпы қалыңдығына байланысты əртүрлi болып келедi. Негiзiнде бағананың биiктiгi картаның меридиàналдық биiктiгiне сəйкес болғандығы жөн. Ал стратиграфиялық бөлiмдерiнiң қалыңдығы жайлы мəлiметтер қабаттар созылымын тiк қиып өтушi қимадан алынады. Сондықтан да, бағанадағы қабаттар қалыңдығы мiндеттi түрде олардың геологиялық қимадағысымен пара-пар болуы тиiс. Бұл қима бағананы өзара тексеру үшiн қажет. Геологиялық карта, шартты белгiлер, қима мен стратиграфиялық бағананың жалпы орналасу схемасы көрсетiлген