Байланысты: Геометриялық ұғымдарды оқытуда интерактивті тақтаны қолдану
Практикалық бөлім Республикамызда орын алып отырған әлеуметтiк-экономикалық бағыттар және жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресс, қазiргi заман талабына сай математиканы оқыту мен тәрбиелеу проблемасы, оқыту мақсатын, мазмұнын, түрiн, әдiстерiн қайта қарап, оқу үдерісiне көптеген өзгерiстер енгiзудi қажет етедi. Біз математиканы оқытуда интербелсенді тақта құралдарын тиімді қолдану арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесін қарастырдық.
Сабақтың тақырыбы: §35. Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүкте салу.
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі; 2) Сабақтың өтілуі:
Жаңа сабақ (276-278 бет)
Сабақтың тірек-сызбасында көрсетілгендей 7 іс-әрекет орындалады:
1. Теориялық материал түсіндіріледі; 2. Практикалық материалдар бөлімінде мысалдар келтіріледі; 3. Тарихи деректерден мәлімет келтіріледі; 4. Үш деңгейлі тапсырмалар орындалады;
5. Ойын түріндегі есептерді шығару; 6. Үйге тапсырма беру; 7. Қорытындылау үшін тест қабылдау.
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүктені салу қарастырылады. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіре келе интербелсенді тақта құралдарын қолданып, төмендегі іс-әрекеттерді орындайды. Сабақтың тірек-сызбасында көрсетілгендей 7 іс-әрекет орындалады:
1. Теориялық материал түсіндіріледі; 2. Практикалық материалдар бөлімінде мысалдар келтіріледі; 3. Тарихи деректерден мәлімет келтіріледі; 4. Үш деңгейлі тапсырмалар орындалады;
5. Ойын түріндегі есептерді шығару; 6. Үйге тапсырма беру; 7. Қорытындылау үшін тест қабылдау.
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүктені салу қарастырылады. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіре келе интербелсенді тақта құралдарын қолданып, төмендегі іс-әрекеттерді орындайды.
Мысалы, (-1;4) – бұл «Б» әрпі, (-5;6) – бұл «А» әрпі, (-7;-3) – бұл «Р» әрпі, (3;3) – бұл «Ы» әрпі, (1;-4) – бұл «С» әрпі, нәтижеде «БАРЫС» қазақша жыл атауы шықты. Дәл осылайша орысша «ТИГР» сөзін де шығару керек, яғни (-4;2) – бұл «Т» әрпі, (-7;3) – бұл «И» әрпі, (7;0) – бұл «Г» әрпі, (-7;-3) – бұл «Р» әрпі. Осылайша ағылшынша жыл атауын табыңдар деп, оқушыларға өзіндік жұмыс беруге болады. «Нысана көздеу ойыны» деп аталатын ойын түріндегі есеп берілген. Берілген аң-құстарды атып, яғни олардың коордианаталық нүктелерін дұрыс тауып, балл жинайды.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды қояды:
1. Координаталар жүйесі қалай құрылады?
2. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады?