1.2.Интерактивті тақтаны қолдану негіздері
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім -оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар. Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады. Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған.
Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында, мектептерде мұғалімдер компьютерге қосылған кәдімгі ақ экранды электрондық проектормен жұмыс істейтін интерактивті тақтаны пайдаланады. Заман талабына сай пайда болған интерактивті тақтаны өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқыту барысында да алар орны ерекше. Интерактивті құралдардың көмегімен оқытушының, студенттің шығармашылықпен жұмыс істеуге жол ашылып отыр. Интерактивті тақтаны оқытушы сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп атауға болады. Сабақты түсіндіру кезінде оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарын қолдана алады. Сонымен қатар, интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану тілді үйретудің тиімді қайнар көзі. Тақта оқытудың мазмұнына және әдістемесіне оң әсер етеді. Бұл жерде жаңа техникалық құралдарды пайдалану дәстүрлі оқыту құралдарын жоққа шығару емес, керісінше бұл құралдар бір-бірін толықтырады. Сабақта интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы – дәстүрлі дидактиканы қайтадан жаңғыру болып табылады. Жалпы тілді үйреткенде тіл үйренушіге сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге талап қойылады. Олар оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім. Тіл үйренушінің сөздік қорын жетілдірудің жолын іздестіру үшін айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым үрдістері арқылы қазақ тілін оқытудың мүмкіндіктері мол. Сол мүмкіндіктердің бірі – қазақ тілі сабағында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану. Интерактивті тақта оқытушының әрбір студентке ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Сабақта қолданылатын көрнекіліктерді интерактивті тақта арқылы көрсете отырып, тіл үйренушілердің біріншіден, зейінін аудара аласыз, екіншіден, сабаққа қызығушылығын арттырасыз.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында оқытушы сабақ мазмұны тіл үйренушілер үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалдарды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдарды даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған өте тиімді. Интерактивті тақтада көрсетілген көріністерге зейіні ауған студент сабақ барысындағы тапсырмаларға белсене қатысады. Интерактивті тақта оқытушыға жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Тілді үйретуде ең алдымен, мәтінде пайдаланылатын жаңа сөздерге көңіл бөлінеді. Тілді үйренуші мәтінді әңгімелеу үшін тірек сөздерге сүйеніп, өз ойын қазақша жеткізу дағдысын қалыптастырады, әдемі сөйлеуге жаттықтырады. Осы тірек сөздерді жай ғана бормен тақтаға жазып немесе оқып жаздыртқаннан гөрі жаңа сөздерді интерактивті тақтаға әртүрлі анимациялық роликтер арқылы экранға шығарса, тіл үйренуші бірден назар аударады және жаңа сөздерді оқып түсінгенше экранға уақытын мөлшерлеп шығаруға болады. Сонымен қатар жаңа сөздердің аудармасын «шторка» құралымен экранның бір бөлігін көрсетпей, студенттерге белгісіз ақпаратты жауып қоюға болады.
1. Геометриялық фигура – қандай да бір ақырлы да (дербес жағдайда, бос) және ақырсыз да нүктелердің жиыны және бұл ұғым қоршаған болмыстағы объектілердің пішіні болу қасиетінің біздің санамызда бейнеленуін сипат-тайды.
2. Нүкте мен түзу жазықтықтағы негізгі геометриялық фигуралар. Олардың қасиеттері аксиомаларда көрсетіледі.
3. Сәуле – бұл а түзуінің қандай да бір О нүктесінен және одан оңға қарай (немесе одан солға қарай) орналасқан түзудің барлық нүктелерінен тұратын геометриялық фигура.
4. Кесінді – бұл а түзуінің әртүрлі екі нүктесінен және олардың арасында орналасқан түзудің барлық нүктелерінен тұратын геометриялық фигура.
5. Бұрыш - бұл бір нүктеден және осы нүктеден шығатын екі сәуледен тұра-тын геометриялық фигура. Бұрыштың түрлері: жазыңқы бұрыш, тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, сыбайлас бұрыштар, вертикаль бұрыштар, центрлік бұрыш, іштей сызылған бұрыш.
6. Егер сынық (осы сияқты қисық та) өзімен-өзі қиылыспаса, онда жай сызық деп аталады. Тұйықталған жай сынық жазықтықты ішкі және сыртқы облыстарға бөледі
7. Үшбұрыш – бұл үш бұрышы бар (түрлік ерекшелігі) көпбұрыш болатын (тиісті болатын тегі) геометриялық фигур.
8. Төртбұрыш – бұл төрт бұрышы бар (түрлік ерекшелігі) көпбұрыш болатын (тиісті болатын тегі) геометриялық фигура.
9. Шеңбер – бұл, оның центрі деп аталатын жазықтықтың қандай да бір берілген нүктесінен, берілген оң ара қашықтықтағы жазықтықтың барлық нүктелерінен тұратын геометриялық фигура.
10. Дөңгелек – бұл берілген нүктеден қашықтығы, берілген ара қашықтықтан аспайтын жазықтықтың барлық нүктелерінен тұратын геометриялық фигура. 11. Шар – бұл берілген нүктеден ара қашықтықтығы, оның қандай да бір оң мәнінен аспайтын, кеңістіктің барлық нүктелерінен тұратын геометриялық дене (фигура). Шарды жарты дөңгелекті, оның диаметрін қамтитын осьтен айналдырып та шығарып алуға болады.
Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық матриалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік турады түсінік», «нақты фигура туралы ұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар,оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», «әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру» және т.б. қарастырылады.
Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінже жиі қолданылады, сондайақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың төбелері-нүктелер болып табылатынына назар аударылады.
Сонымен бірге үшбұрыштың,төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері (бұрыштары, төбелері, қабырғалары) аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастуыш сыныпта:сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар); нүкте;сәуле;бұрыштар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |