АВ нәрсені Ғ және 2F аралығына, яғни фокустық қашықтықтан сәл үлкен қашықтықтан объектив (Об) пен қысқа фокусты линзаның арасына қояды.
Объектив окулярдың алдында шын, өте үлкейтілген және төнкерілген A1B1 кескінін береді. Окулярды қозғап, А1В1 кескшнің фокуста болуына қол жеткізеді. Бұл жағдайда окуляр лупа тәрізді жұмыс істейді.
Микроскоптың көмегімен біз микробтардың сан алуан түрлерін, қан түйіршіктерін анық көре аламыз. Бүл үшін 200 есе үлкейтетін микроскоп жеткілікті. 3. Линзаның алдында тұрған нәрсенің кескінін дұрыс салу үшін үш сәуленің линза арқылы өтетін жолын білу бірден–бір қажетті шарт.
а) линзаға оның оптикалық бас өсіне параллель болып түскен сәуле еніп линзадан одан сынып шыққаннан кейін сол линзаның бас фокусы арқылы өтеді;
б) линзаның бас фокусын басып өтуге тиіс бағыт бойынша линзаға түскен сәуле линзада сынғаннан кейін, линзаның оптикалық бас өсіне параллель өтеді (түсу және сыну сәулелерінің қайтымдылық қасиеті бойынша);
в) линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле линзадан шыққанда өзінің бағытын ешқашанда өзгертпейді.
4. Нәрсе линза мен оның фокусының арасында орналасқан жағдайда, осы нәрсенің кескіні сол дененің өзі тұрған жағында болатынын оп–оңай дәлелдеуге де болады.
Мұны орындау үшін, мысалы, бір нүктеден шыққан оптикалық бас өске параллель сәуленің сол сәуленің жалғасымен (линзада сынып, линзаның фокусы арқылы өткен) қиылысқан нүктесін бір әріппен (мысалы К әрпімен) белгілеңіздер.
FКАО трапециясының үлкен табаны — FО, ал кіші табаны — КА (себебі КА ОF-тің бөлігі ғана).Сондықтан FК және АО трапецияның бүйір қабырғалары болғандықтан оларды созғанда ол созындылар трапецияның кіші табанының ар жағанда қиылысады, яғни нәрсе линзаның қай жағында болса, сол жағында қиылысады.
5. Алдыңғы суретте орындалған линзада кескін салу линзаны лупа ретінде пайдаланған жағдайда шығатын нәрсенің кескіні болып табылады. Лупа қарастырылып отырған нәрсенің алдына, фокус аралықтан аз қашықтыққа орналастырылады. Нәрсенің өзі қай жақта болса, сол жақта кескін пайда болады, ал көз линзаның екінші жағында болады. Үлкейтілген түзу және жалған кескін шығады.
6. Дөңес айнадан түрлі қашықтықтағы нәрсенің кескіндері қандай және қай жерде пайда болатынын нақты білу керек.
7 Нәрсені дөңес линзадан түрлі қашықтыққа жылжытқанда нәрсенің кескіні қалай ауытқитынын жақсы елестете білу керек. Фокустан шексіздікке дейін нәрсе мен оның линзадағы кескіні әрқашанда бір бағытта қозғалады (нәрсенің жылжуын және оның ойыс сфералық айнадағы кескінінің ауытқуын салыстырыңыздар).
V, Телескоптар алыстағы нөрселердің кескінін үлкейту үшін қолданылады (182-сурет). Оның көмегімен ғарыштық кещстіктегі шырақтар туралы аса көп мәліметтер алынады. Телескоптың басты және негізгі бөліктері — объектив пен окуляр. Шъектив — бақыланатын объектіге Спланетаға, жүлдызға, түмандыкка), ал окуляр бакылаушьшьщ квзіне немесе фотопленкаға базрытталған.
Бірішиі рефлектор-телескопты — кішкентай айналы теле-скопты 1668 жылы Ньютон ойлап тауып және жасап шығарды. Бүл кішкентай телескоп осы кезге дейін Лондонда сактаулы түр.
Соңғы бірнеше жүз жылдьщ іпгінде телескоптың екі түрі жасалған: линза негізіндегі телескоп-рефракторлар және айна негізіндегі телескоп-рефлекторлар.
Телескоп түтігінің ашык санылауына алыстағы шырақтан. параллель сәуле шоғы түрінде жарық түседі (183-сурет). Жа-рык шоры ойыс айнадан (Об) шағыльш, жішакты шоқ түзеді. Көлбеу жазык айна (А) өзіне түскен жинакты шокты окуляр (Ок) жақка қарай шағылыстырады. Сондьщтан аспан объектісі-нін кескіні окуляр фокусьшьщ жанында үлкейіл керінеді.
Шьшыдан үлкен айналы объектив жасау өлшемдері, дөл осындай, рефрактор объективінін шыны линзасьш жатудан жеңіл және арзанға түседі. Сондьщтан ірі астрономиялык телес-коптар рефлекторлык больш келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |