Геотермалды энергияны пайдалану мәселелері 6В05203– География «Геология геоморфология негіздерімен»



бет2/4
Дата01.06.2023
өлшемі395,16 Kb.
#97682
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
ГЕОТЕРМАЛДЫ ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Күн энергиясы. Бүгінде Германияда (күн), Данияда (жел) және Имспанияда (күн мен жел) электр энергиясының 20%-ға жуығы дәстүрлі емес жолмен алынады. Қытай Халық Республикасы да күн қуаты мен жел энергиясын белсенді түрде пайдалануда.
Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд Квт/сағ-қа деп бағалануда. Елімізде күн энергиясын электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғайда жатқан елді-мекендерге күн энергиясын өндіретін қондырғылар орнатылуы тиіс. Елімізде 2015 жылға дейін қуаттылығы 91 МВт күн энергиясын өндіретін қондырғыларды іске қосу жүзеге асты. Сонымен қатар Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға қажетті кремний және фотоэлектрлік элементтер шығаратын өндірістік база құруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Астанада күн батареясын шығаратын зауыт 2012 жылы желтоқсанда іске қосылды. Фотоэлектрлік стансыдағы 1 кг кремний өндіретін энергияның көлемі жылу стансысындағы 75 т мұнай жұмсап өндіретін энергиямен пара-пар.
Жел әлеуеті. «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, елімізде жел күшімен өндірілетін электр энергиясы қуатын шаруашылық салаларына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшінен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен өндіруге мүмкіндік бар. Өйткені еліміздің барлық өңірлерінде қуатты желдер жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары мол. Жел энергиясын өндіретін қондырғылардың технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады(1-кесте).

Кесте 2. Қазақстандағы жел электрстансыларын салу үшін зерттелген алаптар тізімі [44].





Алаптар атауы

Облыс

Желдің 50 метр биіктіктегі жалдамдығы

ЖЭС-тің жоспарланған
қуаты

1

Жоңғар қақпасы

Алматы облысы

9,7

50 МВт

2

Шелек дәлізі

Алматы облысы

7,7

100 МВт

3

Қордай

Жамбыл облысы

6,1

10-20 МВт

4

Жүзімдік-Шаян

Оңтүстік Қазақстан облысы

6,7

10-20 МВт

5

Астана

Ақмола облысы

6,8

20 МВт

6

Ерейментау

Ақмола облысы

7,3

50 МВт

7

Қарқаралы

Қарағанды облысы

6,1

10-20 МВт

8

Арқалық

Қостанай облысы

6,2

10-20 МВт

9

Атырау

Атырау облысы

6,8

100 МВт

10

Форт-Шевченко

Маңғыстау облысы

7,5

50 МВт


Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансылары мен жел электр стансыларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, керісінше қыс айларына қарағанда жазда су энергетикасын өндірген тиімдірек.
Жел электрстансыларын жел жиі тұратын жерлерде, орталықтандырылған электрмен жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мекендерде, далалық, шөлейтті, т.б. жерлерде қолданған тиімді. Жел энергетикасы қондырғысының қуаты 100 Квт-тан бірнеше МВт-қа дейін жетеді. Ең қуатты (3 МВт) жел энергетикасы қондырғысы Германияда салынған (1983 жылы.). Қазіргі кезде бірлік қуаты 15 МВт-қа дейінгі жел энергетикасы қондырғысын салу жобалануда.
Бүгінде еліміздің электр энергетикасы саласында жел энергиясының үлесі 0,5%, ал 2021 жылдың ағына дейін оның көлемі еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында 1%-ға дейін жететін болады, яғни елдегі жел электрстансыларынан өндірілетін энергия көлемі 1 млрд Квт/сағ-қа дейін артады.
Елімізде жел энергиясын өндірудің келешегі зор. Жел энергиясы – қалпына келетін экологиялық таза, арзан әрі тиімді энергия көзі. Оны пайдалану табиғатқа зиян келтірмейді. 2011 жылы Жамбыл облысында екі бірдей ірі жоба – Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) энергетика кешенін іске асыру қолға алынды. Олардың құрылысына жұмсалған инвестиция қоры 1 млрд долларға жуық. 2014 жылы мемлекеттің қолдауымен Шелек дәлізінде қуаттылығы 51 МВт, Жоңғар қақпасында, Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энергетикасы құрылысын жүргізу басталды.
Жамбыл облысының Қордай кентінде қуаты 1,5 МВт және Солтүстік Қазақстанда Новоникольск ауылында қуаты 1,5 МВт жел электрстансыларының құрылысы басталып, Отар ауылында өнеркәсіптік көлемдегі жел электрстансысы іске қосылды.
Жалпы дүниежүзінде жел электрстансылары өндіретін қуат көзі электр энергиясының 1,5%-ын құрайды. Оның өсу қарқынының орташа көрсеткіші 30%-дай және де ол жыл сайын ұлғайып келеді. Елімізде жел әлеуетін пайдалану мүмкіндігі әсіресе оңтүстік облыстарда анықталған. Осыған орай, бірқатар шетелдік және отандық компаниялар жел энергетикасын дамыту бойынша жобаларға қатысуға ниет білдірген. Жел энергиясын пайдаланудың болашағы зор және ең бастысы – ол бізге керек шара. Өйткені Қазақстанда бұған қажетті мүмкіндіктер мол. Алайда осы энергия көзін пайдалану оған жұмсалатын қаржы мен алынатын өнімге байланысты болып отыр. Қазіргі таңда еліміздегі жел энергиясына қатысты жобалардың техникалық-экономикалық негіздерін жасау жұмыстары аяқталуға таяу. «GE Energy» компаниясы «Invenergy LLC» компаниясымен жел турбиналарын өндіруге арналған ең ірі (1 млрд долларға) келісім жасады. «GE Energy» компанияның өнеркәсіптің әртүрлі саласына арналған жабдықтары Қазақстанға сонау кеңестік кезеңде-ақ жеткізе бастаған болатын. Қазіргі таңда бұл компанияның Қазақстандағы кеңсесі Астана қаласында орналасқан. «Invenergy LLC» - дүниежүзі бойынша жел энергетикасы жобаларын жасап, оны жүзеге асырумен айналысатын америкалық ірі компания. Компания жобасын «GE Energy» жел турбиналарын жасауға қолдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет