Герцпрунг–Рассел диаграммасы (қысқаша H-R диаграммасы деп аталады) — жұлдыздардың спектрлік кластары мен абсолют жұлдыздық шамасы арасындағы байланысты көрсететін диаграмма. Спектрлік кластар жұлдыздардың беткі температурасына байланысты бөлінетін болғандықтан мұны абсолют шама мен беткі теппмература байланысы арқылы сипатталатын диаграмма деуге де болады.
Г-Р диаграммасын бір уақытта, бір-біріне тәуелсіз екі ғалым ойлап тапқан. Генри Норрис Рассел, XX ғасырдың америкалық ғалымы, жұлдыздардың өмірлік циклін сипаттайтын диаграмманың негізгі идеясын 1909 жылы ойлап тапты. Ал дат ғалымы Эйнар Герцшпрунг диаграмманы Расселден бірнеше жыл бұрын (1905-1907 жылдары) ойлап тапты. Рассел диаграммасы деп аталып келген диаграмма 1930 жылдан кейін екі ғалымның атымен атала бастады.