Науқастарға күтім жасау мейірбикенің әдістемелік ұйымдастыру үдерісі болып табылады.
ұйымдастыру үдерісі болып табылады. Ол негізгі 5 кезеңнен тұрады: 1 – науқас туралы объективті және субъективті ақпарат жинау 2 – мейірбикелік диагностика 3 – мейірбикелік іс-әрекетті жоспарлау 4 – жоспарды іске асыру 5 – жасалған жұмысты тиімді бағалау.
Бірінші кезеңде мейірбике мына жағдайларға баға беруі керек: • ағзадағы негізгі жүйелердің жағдайы; • психологиялық статусы; • науқастың өз-өзіне күтім жасай алуы; • қоршаған ортадағы құбылыстардың науқасқа оң және те ріс әсер етуі; • әлеуметтік статус. Гериатриялық науқастармен жұмыс жүргізу барысында кездесетін қиыншылықтар: есту және сөйлеуі қиын, есте сақтау қабілеті төмен науқастар. Сол себепті жұмыс барысында мына ережелерді қатаң сақтау керек: • әңгімелесу барысы науқасқа да өзіне де ыңғайлы орын табу;

• әңгіме соңы науқастың жағдайын жақсарта түсуі керек; • әңгімеге зейін қою, оның мәселесіне қызығу; • науқасты аты-жөнімен атау, науқаспен тұрып сөйлеспеу, сабырлықпен тыңдау, артық іс-қимыл қолданбау; • құлағы ауыр науқастармен асығыс сөйлеспеу, сіздің «ер ніңізден оқуға» мүмкіндік беру; • науқас алдында өзінің сенімсіздігін білдірмеу, оның орнына үндемей қалу, артық сөйлемеу; • сөйлесу барысында әңгімені дұрыс бағытқа бұру; • науқасты қобалжытатын тақырыпта сөз қозғамау. Анамнез жинау барысында көп ақпаратты жинауда науқастың туысқандары, оның үйдегі күтушісі, ұзақ жыл бойы қатынаста болған медицина қызметкерлерінің рөлі жоғары.