Мысал 1: 2СО2« 2СО + О2реакциясы үшін 2000°С температурада тепе-теңдіктегі қоспадағы заттардың көлемдік үлестері, % : 85,2 СО2; 9,9 СО және 4,9 О2болса, жүйенің жалпы қысымы 1,013×105Па болса,
А) реакцияласатын заттардың парциалды қысымдары арқылы көрсетілген (Кр ) ;
Б) молярлы концентрациялары арқылы көрсетілген ( Кс) тепе-теңдік константалары нешеге тең?
Шешуі: газдың парциалды қысымы жалпы қысымды қоспадағы газдың көлемдік үлесіне көбейткенге тең: а) р( СО2) = 1,013×105×0,852 = 0,863×105Па;
б) р( СО) = 1,013×105 ×0,099 = 0,1×105 Па; в) р( О2) = 1,013×105 ×0,049 = 0,050×105 Па;
Кр = р (СО)2 ×р (О2) / р(СО2)2 = 67,1 Па; Кс = Кр / RT = 67,1/ 8,31×2273 = 3,6×10-3 моль/л. Кр мен Кс арасындағы байланыс идеал газдар үшін Менделеев – Клапейрон теңдеуі арқылы көрсетіледі:
Кр = Кс (RT)Dn мұндағы Dn – реакция нәтижесінде түзілген газ тәріздес заттардың моль саны мен реакцияға түскен газ тәріздес заттардың моль сандарының айырымы, осы реакция үшін олDn = 3 – 2 = 1 болады.
Мысал 2: Газ тәріздес мына заттар А + 2 В = C әрекеттескенде , тепе-теңдік ол заттардың концентрациялары сәйкесінше мына сандарға тең болғанда 0,06 моль/л, 0,12 моль/л, 0,216 моль/л орнаған болса, реакцияның тепе-теңдік константасын және А мен В заттарының алғашқы концентрацияларын табу керек.
Шешуі:К = [ С] / [А]× [В]2 ; К = 0,216 / 0,06×(0,12)2 = 2,5. 1 моль А және 2 моль В заттарынан 1 моль С заты түзіледі. Есеп шарты бойынша жүйенің әр литрінде 0,216 моль С заты түзіледі, сонда 0,216 моль А және
0,216×2 = 0,432 моль В заты түзіледі. Олай болса, алғашқы концентрациялар
[А]0 = 0,06 + 0,216 = 0,276 моль/л; [В]0 = 0,12 + 0,432 = 0,552 моль/л.
Сыртқы жағдай (температура, қысым, концентрация) өзгермесе, химиялық тепе-теңдік ұзақ уақыт сақталады. Сыртқы жағдайлардың өзгеруі тура реакция мен кері реакцияның жылдамдығына түрліше әсер ететіндіктен, тепе-теңдік реакция тура реакцияның немесе кері реакцияның бағытына қарай ығысады. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты химиялық тепе-теңдік белгісі бір бағытқа ығысуын Ле-Шателье принципіанықтайды.