Анри-Рене-Альбер Ги де Мопассан 1850 жылы 5 тамызда Нормандияда дүниеге келген. Әкесі – Гюстав де Мопассан Парижде биржалық маклер қызметін атқарады. Анасы – Лаура ле Пуатвен нормандиялық буржуазиялық әулеттен шыққан. Оның анасы әдебиетке жақын адам болған. Мопассанның әдебиетке қызығушылығын әрдайым қолдап отырған. Әкесі мен анасыны жанұяны сақтап қала алмайды. Екеуі ажырасып кеткен соң, анасы Ги мен оның інісі Эрвені алып Этрет қаласына кетіп қалады. Бұл қалада олар Верги вилласында тұрады. Балалық шағы осы қалада өтеді. Ол еркіндікті пайдаланып, теңізге барып балық аулауды үйренеді. Мопассан тек балық аулауды үйреніп қоймай, қаланың көрнекті жерлерімен, мәдениетімен танысады.

Мопассан 13-ке келгенде, анасы Иветто қаласындағы діни семинарияға береді. Еркін болып өскен балаға қатаң тәртәп ұнамайды, оның үстіне дінге деген сенімі аз еді. 1866 жылы бірнеше рет тәртіп бұзғандығы үшін семинариядан шығарылады.

Анасы 1867 жылы Мопассанды Руан лицейіне оқуға жібереді. Бұл жабық оқу орны болады. Лицейдегі мүғалімдерінің бірі Луи Буйе. Ол Флобердің досы болған. Лицей тәртібі Мопассанның әдебиетпен шұғылдануына кедергі болмайды. Мұғалім Луи болашақ жазушының бойындағы талантын байқап ақыл – кеңес беріп отырады. Сонымен қатар Флобермен кездесуге барғанда өзімен бірге алып барады.
1870 жылы лицейді бітірген соң, Канедегі заң факультетіне оқуға түседі. Осы жылдары Франция – Пруссия соғысы басталады. Мопассан әскерге алынады. Соғыс Франция әскерінің жеңілісімен аяқталады. Үкіметтің халық жағдайына немқұрайлы қарауы Мопассанның песимизмге салынуына әсер етеді. Соғыс жылдарында көптеген шығармалары жарық көреді. Аяқталмай қалған «Аннелюс» романының тууына соғыс жылдары әсер еткен.
Оның кітаптарын сынап, өз кеңестерін берген, ұстазы – Флобер болатын. Флобер Мопассанның анасы Лаураның өтінішімен оған демеу болып қана қоймай кеңесшісі де болады.
Флобер жас жазушының шығармашылық шеберлігіне зор ынта қояды. Мопассан өз ұстазынан қоғамның тұрмыс-тіршілігін, адам өміріндегі жайдайларды, сол кезеңдегі адамдарға тән мінездерді шебер көрсетуді үйренген. Флобер Мопассанның шығармаларына қатаң сыншы болғанмен, оның шығармаларын керемет деп танып, жоғары бағалап отырған. Флобердің өмірдің қыр-сырын тануға, адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерді тануға, адамгершілікке тәрбиелеуі Мопассанның әдебиетке деген қызығушылығын танытады.
1870 жылдары алғашқы «Өлеңдер жинағы» атты шығармасы жарық көрді. 1880 жылы «Медан кештері» атты жинағында маңызды шығармасы «Пышка» новелласы жарық көрді. Бұл шығармадан кейін Мопассан әдебиетке толығымен бет бұрды. Мопассан еңбек сүйгіш адам болған. Ол: «Еңбек ету мен кемемен жүзу – менің бар өмірім» - деп жазған.