Термодинамиканың жоғары дәрежесі бар жүйелерде жылу және гидродинамикалық процестердің дамуы жүйеде барлық физикалық қасиеттердің өзгеру ауқымына байланысты болады. Қозғалыс және энергия теңдеулерінің физикалық жағдайларын талдау бұл жағдайда түрдің қосымша параметрлік өлшемдері пайда болатындығын көрсетеді.
Гидродинамикалық процесті анықтайтын параметрлер жиынтығын осы процестің дифференциалдық теңдеулерінің нақты шешімі ретінде қарастыруға болады. Оған белгілі бастапқы және шекаралық жағдайлар сәйкес келеді. Олар бастапқы сәтте және қозғалыс кезінде шекараларда физикалық параметрлерді анықтайтын тәуелділіктер немесе тұрақтылар. Сондықтан процесс теңдеулері ғана емес, сонымен қатар бастапқы және шекаралық өлшемдердің өлшемсіз формалары

Гидравлика
Гидравлика(гр. hydraulicos, hydor — су, aulos — түтік) — сүйықтықтардың қозғалысын және тепе-теңдік зандарын зерттеу мен оларды іс жүзінде пайдалану тәсілдерімен шұғылданатын ғылым саласы. Гидравлика тұтқырлығы аз, сығылмайтын сұйықтықтарды зерттейді. Қысым мен тығыздығы тұрақты газдарға да гидравликаның негізгі зандарын қолдануға болады. Гидравлика сұйықтықтың қозғалыс және тепе-тендік зандылықтарын анықтайтын теориялық гидравлика және ол зандарды инженерлік мақсаттарға қолданатын іс жүзінде пайдаланылатын гидравлика болып бөлінеді. Сұйықтықтың тепе-теңдік заңдылықтарын зерттейтін гидравлика саласы гидростатика және олардың қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін саласы гидродинамика деп аталады. Гидростатика ыдыс қабырғасына, құбырға, бөгетке, көпір тіреулеріне т.б. сұйықтыққа батырылған денеге әсер ететін сұйықтық қысымын зерттеу және денелердің жүзу шарттарын қарастырумен шұғылданады. Сүйықтықтың қозғалысын зерттеуде гидравлика гидродинамиканың Д. Бернулли есімімен аталатын және үздіксіздік тендеулеріне сүйенеді.