Гидролиз. Әр түрлі типті гидролизденуші тұздардың рН есептеу. Дәрілік препараттарды алу мен сақтаудағы гидролиздің маңызы



Дата10.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#66727

Гидролиз. Әр түрлі типті гидролизденуші тұздардың рН есептеу. Дәрілік препараттарды алу мен сақтаудағы гидролиздің маңызы

Орындаған: Амангелді А.

Тобы: В-ФҚ 04 19

Қабылдаған: Рысымбетова Ж.


«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
Химия пәндер кафедрасы

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Тұздар гидролизі

    Тұздардың сумен əркеттесуі

    Бейорганикалық қосылыстардың гидролизі.

    Органикалық қосылыстардың гидролизі.

    Анион бойынша гидролиз

  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Гидролиз су мен әр түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тианогидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.
  • Гидролиз — кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының əсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың жəне су буының қатты, сұйық жəне газ тектес заттарға тигізер əсері нəтижесінде жүзеге асады.
  • Гидролиз — судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы. Соның нəтижесінде сілтілік жəне сілтілік жер элементтерінің кристалл торындағы катиондар су молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады

Негізгі бөлім

  • Тұздар гидролизі
  • Еріген заттың сумен алмасу реакиясына түсіп, яғни диссоциацияланған иондардың H+ немесе OH ‾ иондарымен əрекеттесуін гидролиз деп атайды.
  • Тұздардың сумен əркеттесуінің 4 жағдайы бар:
  • Егер тұз күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген болса, онда мұндай тұз гидролизге ұшырмайды жəне оның сулы ерітіндісінің ортасы бейтарап болады (pH=7). Мысалы: КNO3 , NaСI жəне т.с.с.

    K₂⁺ + Cl⁻ + HOH = K⁺ + OH⁻ + H⁺ + Cl

    H₂O = H⁺ + OH⁻

2. Егер тұз күшті негіз катионы мен əлсіз қышқыл анионынан түзілген болса , онда тұз гидролизге анион бойынша ұшырайды. Орта сілтілік (рН˃7)болады Мысалы:

KCN + H₂O ↔HCN +KOH

CN‾ + H₂O ↔ HCN + OH

Na₂CO₃+ H₂O ↔ NaHCO₃ + NaOH

CO₃²‾ + H₂O ↔ HCO₃ + OH I-саты

NaHCO₃ + H₂O ↔H₂CO₃ + NaOH

HCO₃‾ + H₂O↔H₂CO₃ +OH‾ II-саты

  • 3. Егер тұз əлсіз негіз катионы мен күшті қышқыл анионынан түзілсе, онда тұз гидролизге катион бойынша ұшырайды жəне оның сулы ертіндісінің ортасы қышқылдық (рН<7) өте жақын болады. Мысалы:
  • NH₄Cl + H₂O = NH₄OH + HCl
  • NH₄⁺ + H₂O = NH₄OH + H⁺
  • 4. Егер тұз əлсіз негіз катионы мен əлсіз қышқыл анионынан түзілсе, онда бұл тұз гидролизге катион бойынша да, анион бойынша да ұшырайды. Егер қышқыл мен негіздің күштері бір біріне өте жақын болса, онда сулы ерітіндінің ортасы нейтралға (рН≈7) өте жақын болады. Мысалы:
  • NH₄CH₃COO + HOH = NH₄OH + CH₃COO
  • NH₄⁺ + CH₃COO⁻ + HOH = NH₄OH + CHCOOH
  • KNH₄OH = 1,8 * 10⁻⁵ KCH₃COOH = 1,8*10⁻⁵ PH≈7
  • Бейорганикалық қосылыстардың гидролизі.
  • Гидролизге тұздардың қоспалары ұшырайды. Осыған байланысты тұздардың судағы қосылыстары əр түрлі рН мəніне ие болады:

  • Қышқылдық (рН<7).
  • Негіздік (pH>7)
  • Бейтарап (рН=7).

Органикалық қосылыстардың гидролизі.

  • Органикалық қосылыстардың гидролизі.
  • 1. Галогеналкандардың гидролизі.

    С2Н5Сl + Н2О →С2Н5ОН + НСl

    2. Күрделі эфирлердің гидролизі .

    СН3-СОО-С2Н5 + Н2О → СН3-СООН +С2Н5ОН

3. Дисахаридтар гидолизі.

С12Н22О11 + Н2О →С6Н12О6 + С6Н12О6

4. Полисахаридтар гидролизі.

(С6Н10О5)n + nН2О →nС6Н12О6

  • Анион бойынша гидролиз:
  • 1. Қайтымды процесс.

    2. Химиялық тепе теңдік солға ығысқан.

    3. Реакция ортасы - сілтілік, рН>7.

    4. Тұздар гидролизі əлсіз қышқыл анионы бойынша жүреді.

Қорытынды

  • Гидролиздің биохимиялық процестердегі рөлі, оның фармациядағы маңызы
  • Көптеген дəрі-дəрмек құралдардың химиялық терапевтік іс əрекеті олардың қышқылды негіздік қаиеттерімен байланысқан, демек бұл да олардың гидролизге бейімділігімен тығыз үндестікте болатындығы. Гексаметилтетрааминнің антисептикалық құрал ретінде қолданылуы, ол препарат асқазан сөлінің қышқылды ортасында формальдегидтің түзілуімен байланысты гидролизденеді. (CN2)6N2 + 6H2O↔HCOH + 4NH3

  • Гидролиз химиялық өндірістерде глюкоза, ксилоза, фруктоза, этил спиртін, тағамдық органикалық қышқылдар жəне т.б көптеген өсімдік шикізаттарын, ағаш өңдеуші өндірістер қалдықтарын жəне ауылшаруашылық қалдықтарын өңдеу арқылы алуда кеңінен пайдаланылады. Пертұздар мен перекисьтер гидролизі полимерлер өндірісінде пайдаланылады: ол полимеризация процесін иницирлеуші перқышқылдардың түзілуіне алып келеді. Майлардың гидролизі глицирин мен сабын алу өндірісінің негізін қалайды. Ферментативті гидролизді тағамдық жəне фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданады.

Қолданылған әдебиеттер

1. Патсаев Ə.Қ. Жайлау С.Ж. Махатов Б.Қ. Мамытова В.Қ. «Бейорганикалық химия» Шымкент – 2008

2. Пірəлиев С.Ж. Бутин Б.М. Байназарова Г.М. Жайлау С.Ж. «Жалпы химия» Алматы - 2003

3. Қ.С. Құлажанов « Аналитикалық химия »

4. www.google.kz

5. Ə.Қ. Патсаев, С.Ж.Жайлау, Ш.С.Шыназбекова, Б.Қ.Махатов «Аналитикалық химия» Шымкент- 2007



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет