Гидролиз су мен әр түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тианогидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.
Гидролиз — кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының əсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың жəне су буының қатты, сұйық жəне газ тектес заттарға тигізер əсері нəтижесінде жүзеге асады.
Гидролиз — судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы. Соның нəтижесінде сілтілік жəне сілтілік жер элементтерінің кристалл торындағы катиондар су молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады
Негізгі бөлім
Тұздар гидролизі
Еріген заттың сумен алмасу реакиясына түсіп, яғни диссоциацияланған иондардың H+ немесе OH ‾ иондарымен əрекеттесуін гидролиз деп атайды.
Тұздардың сумен əркеттесуінің 4 жағдайы бар:
Егер тұз күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген болса, онда мұндай тұз гидролизге ұшырмайды жəне оның сулы ерітіндісінің ортасы бейтарап болады (pH=7). Мысалы: КNO3 , NaСI жəне т.с.с.
K₂⁺ + Cl⁻ + HOH = K⁺ + OH⁻ + H⁺ + Cl
H₂O = H⁺ + OH⁻
2. Егер тұз күшті негіз катионы мен əлсіз қышқыл анионынан түзілген болса , онда тұз гидролизге анион бойынша ұшырайды. Орта сілтілік (рН˃7)болады Мысалы:
3. Егер тұз əлсіз негіз катионы мен күшті қышқыл анионынан түзілсе, онда тұз гидролизге катион бойынша ұшырайды жəне оның сулы ертіндісінің ортасы қышқылдық (рН<7) өте жақын болады. Мысалы:
NH₄Cl + H₂O = NH₄OH + HCl
NH₄⁺ + H₂O = NH₄OH + H⁺
4. Егер тұз əлсіз негіз катионы мен əлсіз қышқыл анионынан түзілсе, онда бұл тұз гидролизге катион бойынша да, анион бойынша да ұшырайды. Егер қышқыл мен негіздің күштері бір біріне өте жақын болса, онда сулы ерітіндінің ортасы нейтралға (рН≈7) өте жақын болады. Мысалы:
NH₄CH₃COO + HOH = NH₄OH + CH₃COO
NH₄⁺ + CH₃COO⁻ + HOH = NH₄OH + CHCOOH
KNH₄OH = 1,8 * 10⁻⁵ KCH₃COOH = 1,8*10⁻⁵ PH≈7
Бейорганикалық қосылыстардың гидролизі.
Гидролизге тұздардың қоспалары ұшырайды. Осыған байланысты тұздардың судағы қосылыстары əр түрлі рН мəніне ие болады:
4. Тұздар гидролизі əлсіз қышқыл анионы бойынша жүреді.
Қорытынды
Гидролиздің биохимиялық процестердегі рөлі, оның фармациядағы маңызы
Көптеген дəрі-дəрмек құралдардың химиялық терапевтік іс əрекеті олардың қышқылды негіздік қаиеттерімен байланысқан, демек бұл да олардың гидролизге бейімділігімен тығыз үндестікте болатындығы. Гексаметилтетрааминнің антисептикалық құрал ретінде қолданылуы, ол препарат асқазан сөлінің қышқылды ортасында формальдегидтің түзілуімен байланысты гидролизденеді. (CN2)6N2 + 6H2O↔HCOH + 4NH3
Гидролиз химиялық өндірістерде глюкоза, ксилоза, фруктоза, этил спиртін, тағамдық органикалық қышқылдар жəне т.б көптеген өсімдік шикізаттарын, ағаш өңдеуші өндірістер қалдықтарын жəне ауылшаруашылық қалдықтарын өңдеу арқылы алуда кеңінен пайдаланылады. Пертұздар мен перекисьтер гидролизі полимерлер өндірісінде пайдаланылады: ол полимеризация процесін иницирлеуші перқышқылдардың түзілуіне алып келеді. Майлардың гидролизі глицирин мен сабын алу өндірісінің негізін қалайды. Ферментативті гидролизді тағамдық жəне фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданады.