Қуандықов Қ
. Тұңғыш ұлт театры. Алматы, 1969. 55-б.
**
Нұрғалиев Р.
Трагедия табиғаты. Алматы, 1968. 91-б.
26–1247
жарық сәуле» болып, Катерина орыс қоғамының белгілі бір кезеңінде
күрескер дәрежесіне жетті.
Ал, қазақтың феодалдық заманында Нарша сияқты әлдінің ба-
ласын менсін бей, Мөржан сияқты азулылармен арпалысып, дәстүр,
жоралғы-жоба ны бұзу, өзінің сүйгенімен қосылып алып шымылдық
ішінде айтыс құру Қара көз бойына аз әрекет емес. Және драматургтің
қыз бойына лайықтап алған тартыс, оқиға Қаракөз бейнесін ашуға
әбден жетіп жатыр. Махаббат үшін жаралған Қаракөздің тартыс
үстінде жынданып кетуі – қайғылы трагедия, бірақ героиняның
моральдық жеңісі. Ә. Тәжібаев «... Қаракөз, шынында, бөлек жан
екен ғой. Мұхтар бұған да жанының оттарын берген, Қаракөзді де
Еңліктен гөрі ақын етіп алған... Адамның адамнан күн табуы – жарық,
жы лу алуы – адамгершіліктің әбден жетіккен, сомда биік шағының
белгісі. Мұх тар екі жастың махаббатын осындай қасиетті түрде:
қараңғылықтың жарық беті, суықтықтың отты беті, қураған, күйген
өмірдің жасыл бояулы, жапырақтың беті етіп алған. Өзі сол еркін жан-
ды адамдармен бірге солардың туын көтерісуде»
*
, – деп трагедияның
поэтикалық сазын, философиялық маз мұнын әдемі түсіндірген. Ақын-
драматург Қаракөз бойынан қолына қару ұстаған күрескер батырдың
белгісін іздемейді, феодалдық заманның зорлық-зомбылығына
қарсы қойылған ізгі жандардан адамгершіліктің жоғарғы қасиетін,
гуманистік идеалын, жан сұлулығын, ақындық шабытты, отты сезімді
іздестірген.
Біз сонда ғана махаббат үшін жаралған Қаракөздің дөрекі күшке
төтеп бере алмай жынданып кеткеніне сенеміз.
Қаракөз тұрпатынан қайсар мінез, батырлық келбет, ашық күрескер
әрекетін іздегендер таргедия мағынасын, М. Әуезов пьесасының
ақындық поэтикасын, лирикалық сазын толық ұғынбаудан туған. Ак-
триса З. Атабаева Қаракөз бойынан айқасуға дайын, батыл күрескерден
гөрі мөлдір махаббатқа еркін алдырған, сынық мінезді, сөйлеген
сөзі сыпайы, қимыл-қозғалысы нәзік, тал шыбықтай майысқан, аса
сүйкімді де көрікті жанды елестеткен. Оның сахналық сымбатты
қимыл-әрекеті ішкі жан сұлулығына сай келген.
Қабағынан қар жауған қатал Мөржанның алдында ол міз бақбай,
өзін еркін ұстайды) Айбарлы әженің сұрағына көзінің астымен бір
қарап алып барып, баяу да селқос жауап береді. Ел билігін ұстаған осы
кісінің зілді ескертуі өңменінен өтіп, еңсесін басып кеткен сияқты.)
Героиня характеріндегі осы бір өзгеріс барған сайын дендеп, қыз
тағдырында болатын алдағы ауыр трагедияның түрткісі іспеттес. Сы-
*
Тәжібаев Ә
. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы, 82-б.
394
рым кіріп келгенде, Қаракөз әлгі селқостығынан бір сәт арылғандай
бойы жазылып, еңсесі көтерілгендей өңіне өзгеріс енеді. Бұл уақытша
ғана алданыш белгісі. «Жар-жарға» қосылып шырқаған сазды әуеннен
қыз мұңы сезілгендей. Орындаушының героиня бейнесіне лайықты
осы қимыл-әрекеттері мұнан кейінгі көріністердегі сұрғылт тартқан
жүзіне, селқос қимылына үйлесім тауып, Қаракөздің жындануы сах-
нада шынайы бейнелеу тапқан. Сахналық кейіпкер әрекетінің осы-
лай жүйелі тартылуы, әрі характердің даму процесін беруі – Қаракөз
бейнесінің мұнан кейінгі көріністерде де көркемдік биікке көтерілуіне
тікелей әсер еткен.
Сол уақыттағы спектакльге жазылған сында «Қаракөз болған
– Зура, Сырым болған – Құрманбек еді. Бұл екеуінің ойыны күшті,
әсерлі болды. Бұл екеуі Қаракөз, Сырым болып мұнан бұрын да та-
лай ойнаған еді, онысын ақтады. Әсіресе Зураның (Қаракөздің –
Б. Қ.
)
жынданып жүргендегі түрі: арқасына жайылған қара шашы, сұрғылт
тартып қуарған өң, кенеттен құбылған жүздері кәдімгі жынды әйелдің
күйінен ешбір бөтендігі болмады»
*
,– деп актрисаның шеберлігін атап
өтеді.
Осы рөлді меңгеруде З. Атабаева өзінің жастық шағындағы
сұрықсыз өмірін еске алып, соның септігі тигенін айтады. «Мен жа-
стайымнан жетім қалып, бөтен семьяда ананың аймалауын көрмей
естім. Сондықтан Қаракөздің рөліне енуім, қайғы-қасіретін түсінуім
маған оңай болды. Мен сахнада Зура екенімді ұмытып, өзімді Қаракөз
деп білдім, оның сезімін өзімнің сезімім деп таныдым»,
**
– дейді З.
Атабаева.
Бойға біткен дарынға қоса, көп ізденудің, автор материалын
толық түсіну дің нәтижесінде орындаушы өзінің кіршіксіз махабба-
ты, жекебасының бостан дығы жолында опат болған қазақ қызының
трагедиялық бейнесін жасаған.
Қойылымның сәтті болып шығуына мол үлес қосқан – Сырым
рөліндегі Құрманбек Жандарбеков. Бұл күрделі бейне сахнада жан-
жақты көркемдік шешім тапқан. Асан салдың аузымен айтылатын
«ол жаланған ер, жалындаған ақын, салтанатты сал Сырым...» деген
тамаша авторлық суреттеме бар. Талантты актер өз қаһарманының
бойындағы осы үш қасиетіне баса көңіл аударған. Спектакльге
қатысқандардың бірі: «Сырым сахнаға жалт етіп шыққанда жұрттың
көңілін бірден өзіне аударып алатын лаулаған жалын сияқты, қимылы
*
Еңбекші қазақ. 1927. 7 декабрь.
**
Академиялық драма театры актерлерімен сұбхат. ҚР ҒА-ның Орталық
кітапханасының қолжазба қоры.
395
ширақ, сөйлеген сөзі ақынша төгіліп тұратын», – дейді. Ауызекі ай-
тыла салған осы бағада актерлік үлкен өнерге тән шығармашылық
шабыт көзі бар. Жасы 21-ге енді шыққан, актерлік талантына қоса,
шебер әнші, келбетті Қ. Жандарбековтің Сырым табиғатына сай кел-
ген шағы. Орындаушы, ең алдымен, Сырымды ақын, өмірге кұштар,
еркіндік аңсаған, төңірегіндегі әлем мен құбылысты өз жүрегімен,
өз сезімімен қабылдайтын ерекше жан деп түсінген. Сондықтан
ол бейнелеген Сырым сүйсе – құлап түсетін, күйінсе – оттай жа-
натын, сөйлесе – ақынша толғайтын кесек тұлға болып құйылған.
Қойылымның алғашқы көрінісінде сәнді киініп, баяу әндетіп сахнаға
шыққан топтың ортасындағы салтанатты сал Сырымның жүзінде бір
түрлі толқу бар сияқты. Міне, алыстағы арманы, асыл махаббаты –
Қаракөзді құшағына алып: «Қара түндей қасірет ортасында жалғыз
шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақ тотым...
келші, күнім!» – деген сөздері актер аузынан махаббаттың гимні,
ыстық жүректердің лүпіліндей естіледі. Ұлы махаббаттың өртіне
өзі шалынумен бірге, Қаракөзді де айықпастай етіп шарпып өтеді.
Қаракөзге айтылатын мол мағыналы монологтар, уытты өлең жолда-
ры сахнада небір терең астар тауып, Қ. Жандарбековтің шеберлігімен
бірде зарлаған бейбақтың зарындай, енді бірде асқақ бойына ыза мен
кек құйып, алдағы тағдыр тартысын елестеткендей болады, Трагедия
оқиғасының қауырт басталатын ерекшелігіне қарай Қ. Жандарбеков
осы алғашқы актінің өзінде-ақ Сырымның көңіл күй тебіреністерін
терең ашады. Оның Сырымы кіршіксіз махаббаттың ләззатына
бөленіп, бөтен дүниені ұмытқандай болады, бір сәт сол шынайы
махаббатқа жасалатын зорлықты сезгендей батырларша дүр сілкініп,
жігері жалын атқандай, тағы бірде сүйгенінен айырылысуға қимайтын
жанның трагедиялық кескін-келбетін елестетеді.
Қойылымның бірінші актісі «Қаракөз» әнінің:
Қаракөз айым!
Қалдың кейін!
Кеткенде сен алысқа
Зар еңірейін! –
деген мұңлы қайырмасы Сырым бастаған салдардың қосылып
күңірене айтуы – спектакльдің трагедиялық бояуын қоюлата түскен.
Жалпы, салдар тобы «Қаракөз» қойылымының ең бір көрікті көрінісі.
Сырымның қасындағы салдар рөлдеріне Қалыбек Қуанышбаев
(Дулат), Әміре Қашаубаев (Қоскелді) сияқты үлкен өнер иелерін
қоссақ, бұлардың сахналық кескінінің жоғары көркемдік дәрежеде
мүсінделгенін түсіну қиын емес.
396
Спектакльде бұларға қарсы топ – Наршаның рөлін Иса Байза-
ков, Асан сал ды Елубай Өмірзақов ойнауы – сахнадағы салдар өмірі
мен өнерін ерекше көркемдікке көтерген. Байыптап қарасақ, салдар
рөлдеріндегілер шетінен май талман, халық өнерінің бар маржанын
бойына жинай білген, әрі оның қай таланбас шеберлері еді. Олар
өздері бейнелеген сал-серілерді елдің сәні, ән мен жырдың еркесі,
жүрген жерлері қызық, той-думан, әзіл-күлкісі үзілмейтін өзге ше
өнер иелері деп түсінген, тіпті өз өнерлері, өз болмыстары жағынан
да со ларға мейлінше жақын тұрды. Салдар аузымен немесе солардың
қатысуы мен айтылатын ән мен жыр, өлең мен айтыс көріністерін ше-
бер өткізумен бір ге, олардың психологиялық толғаныстарын, көңіл
күй сезімдерін де терең аш қан. Жоғарыдағы аталған мақаладан:
«Сырымның жолдастары Қалыбек пен Әмі ре Сырымның қасы мен
қабағына қарап, ол күлгенде күліп, қайғысына бір дей ортақтық
қалыпты келтірді. Әсіресе Сырым мен Қаракөз сөйлесіп отыр ғанда,
Ақбаланы ортасына алып жүріп Әміренің ойда жоқ жерде өз жаны-
нан шығарып әңгіме айтқандай болуы келісіп тұр» деген жолдарды
оқимыз. Бү гінгі театрдың тілімен айтқанда, текстсіз сахналық қарым-
қатынас жасау деген осы.
Театр сынының балаң шағынан елес беріп өтетін бұл мақалада
автор әлі келгенше орындаушылардың қимыл-қозғалысын беруге
ұмтылған. Осының өзінде екі шебер өз кейіпкерлерінің ішкі дүниесіне
молырақ үңілгені көрініп-ақ тұр және бұдан бұрын бірі шалқыған
әнімен, бірі сықақ әңгіме, өлеңімен майталман аталып келсе, енді
драмалық өнерге де бейімділігін танытқан.
Спектакль туралы ойын жалғастыра келіп, Құрманбек Жандар-
беков салдар рөлдеріндегідей сақадай сайланып шыққан артистер
тобын мұнан кейінгі қойылымдарда кездестіре алмағанын өкінішпен
еске алады. Шағын ғана Дулат бейнесін Сырыммен терезесін тең
еткен – Қалыбек өнерінің құдіреті. Сырым мен Қаракөздің қайғылы
тағдырына қатысты Дулат пен Қоскелдінің өлең жолдарын Қ.
Қуанышбаев пен Ә. Қашаубаевтың жыламсырап, зарлатып айтатын
көрінісі көрерменнің сай-сүйегін сырқыратып жіберетін трагедиялық
деңгейге жеткенін еске алады режиссер.
Сахнадағы тартысты шиеленістіріп, барлық оқиғаның дамуына
тікелей жетекші болатын Сырым мен Асан бүкіл спектакльдің де тар-
тысын өрбітерлік әрекет етеді.
Екі ақынның бір-біріне қарама-қарсы алынуы – Пушкиннің Мо-
царт пен Сольерін еске түсіреді. Демек, Сырым мен Асанның ақындық
толғауларында, қимыл-әрекеттерінде, ұстаған бағыт-бағдарында
397
әлеуметтік мақсат, идеялық нысана жатыр. Ә. Тәжібаев жоғарыдағы
аталған кітабында екі ақынның идеялық келбетін тексере келіп: «... бұл
екеуінің арасындағы күрес – идеялық күрес, принципиальді тартыс»
(89-бет) деген қорытынды жасайды. Міне, осы тартыс желісі бүкіл
спектакльдің өн бойынан өтіп, оның идеялық сипатын анықтайды.
Бірінші актінің шымылдығы жабыларда сахнаға Асан шығып,
жан-жағына сезіктене қарайды, оқыс бір оқиғаның болғанын сезген
ол:
Қара шапан жамылып,
Қыз кетеді бір жаққа.
Ән шырқатып қағынып,
Сал кетеді сол шақта.
Салқын кеште сейіл ғып,
Кім келеді бұл тасқа?
Мәні-жөнін ұқпадым,
Сонда да мұнда сыр басқа,–
деп, көп ойланып, мұның аяғының бітпейтін дауға, тынбайтын
тартысқа соқтыратынын сездіреді.
Мұнан кейінгі көріністе сахнаға шыққан Сырым мүлде өзгерген,
жүзі жүдеу, көңілі жадау. Жаланған ер, жалындаған ақын өзін «оқ
тиген жаралы жыртқышқа» теңейді. Жаралы жан ызалы болмақ,
оның үстіне, ол ақын болғандықтан да орынды, ешкімді аямайтын,
жасқанбайтын қайсар тұлға ретінде көрінбек. Сондықтан Сырым –
Жандарбековтің шымылдық ішіндегі «Жар-жары» жалын атып, от
шашады, Мөржанмен арадағы диалогтардан ащы мысқыл, ызалы
леп еседі. Актер Сырымның осы жаралы жанын әр көрініс сайын
тереңдетіп, қайнаған кек тасып төгіліп, ақыры, Қаракөздің ұзатылып
бара жатқан жерінде өзінің шарықтау шегіне жетеді. Дулаттың асыл
арман, ізгі мақсатқа жету тілеуі біте бере қоршауға түскен Сырым –
сахнаның бір шетінен екінші шетіне жолбарысша атылып, қанжарды
суырып алып, қарсыластарын тежеп тұра қалғанда, көзі от шашып,
әр сөзі оқша атылады. Төңірегіндегілерді баудай түсіріп, сахна-
дан ата жөнелген Сырым нағыз жаужүрек батырлардың қимылын
елестетеді.
Қаракөздің жынданғанын естіп сахнаға шыққан Сырым дел-сал
болып өзін әзер ұстайды. «Сәулешім, сәулешім Қаракөз» деген сөздер
көзден аққан ыс тық жаспен араласып, Сырымды тұншықтырып
өткендей болады. Бойын кер неген ыза мен жалын атқан өксік
қабаттасып, өзін тежей алмаған Сырым қай та күңіренгенде, залдағы
398
көрермендердің көзінен еріксіз жас үйірілген. Ак тер дің осы бір
трагедиялық сәтін жоғарыдағы рецензияда: «Құрманбек қайғы-қасірет
жолына түсіп, тілегі бір ғана Қаракөз болып кеткендігін көрсете алды»
дейді.
Актер Сырым тартқан азапты, басынан кешкен ауыр қасіретті
ғана көрсетумен шектелмейді. Ол белді бекем буып, Қаракөз үшін кек
алуға, намысын, еркіндігін қорғауға ұмтылып, мұнан басқа жолдың
қалмағанын да шынайы бейнелейді.
Пьеса оқиғасының дамуына қарай Сырым бойындағы күрескерлік
сипаттар трагедиялық сарынмен алма-кезек ауысып, кейде осы екі
бағыт бір арнада тоғысып, сахналық бейненің көркемдік тұтастығын
құрайды.
Үшінші актінің аяғындағы Сырымның ұзақ монологі: «Жә жә...
керістік те кешпеске! Кешпес кекке кеттім мен де келмеске! Білем
сенің де шымбайыңа батады. Алам, шашам, Өсер, сенің қалтырай
құшқан малыңды!... Судай төгем, өзгені, зорлау-қорлау үшін құрал
еткен барыңды!.... Айрандай төгем «ақты-бозды» дейтұғын, таңбалы
құтыңды! Құртам мен де, аузы қанды бөрің болам! Шайқаймын,
қарғыс атқыр мүлкіңді. Кегім.., кегім... Қаракөзім! Аяулы ару,
ардақтарым! Арнадым, саған сол ашу-кегімді! ...» деген соңғы жол-
дары актер аузынан жалын болып шарпып, жайдың оғындай тіліп
өтеді. Мұнда Сырымның ендігі өмірінің мағынасы, махаббат пен
еркіндік жолында құрбан болар өр мінезді өжет ақынның батырға
айналып найза ұстағандағы қанды серті жатыр. Сондықтан мұнан
кейінгі көріністердегі Сырым тобында баяғы салтанатты салдық
белгілер көрінбейді. Бәрінің де түстері суық, жүрістері суыт, сақал-
мұрты өскен, киімдері жұпыны, қолдарында айбалта, найза, өліспей
берілмейтін күрескерлер кескіні аңғарылады.
Сырымға кісі жібертіп шақыртып Қаракөзбен ақырғы рет жолығу
сахнасы өте әсерлі. Әсіресе, Қ. Жандарбековтің жылай отырып салған
әні көрерменді сілтідей тындырып, залдан: «Ой, боздақ-ай!» – деп да-
уыс шығып отырғанын еске алады қойылымға қатысушылар.
Мен келдім зарға толып, күнім, саған
Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған? –
деп келетін ән текстеріне орындаушының мұңлы сипат беріп,
күңірентіп айтуы – арманда кеткен екі жастың нағыз трагедиялық
қайғысы. Осылай қасірет шегіп, жүдеп сарғайған Сырым –
Жандарбековтің бейіт басындағы зарлатып айтатын өлеңі мен үлкен
монологі де трагедиялық қайғы болып шыққан. Қабірді құшақтап,
399
еңіреп жатқан Сырымның дауысы әлсіреп барып сахнадағы шаммен
бірге сөнеді.
Қаракөздің бойға қуат берген отты сөзінен кейін орнынан баяу
тұрған Сырым бір сәт ой үстінде әйгілі монологін бастайды. Бірте-
бірте үдете екпіндетіп жөнеледі. Монологтің ортасына келгенде Сы-
рым – Жандарбеков дүр сілкініп, батырлық қайрат пен ақындық ша-
быт тоғыса келіп, «құйын болып үйірілген, дауыл болып соққан» (Ә.
Тәжібаев) монологі – Қ. Жандарбековтың шебер орындауынан қанды
трагедияның соңғы шымылдығы оптимистік рухқа көтерілген. Және
спектакльдің жарқын идеясы, күрескерлік идеясы айқындай түсетін
шешім бұл. Сырымдардың бүгін жеңілгенімен, ертең жеңетініне,
болашақ солар жағында екеніне сенесіз. Демек, олардың еркіндік пен
махаббат жолындағы күресі – әділеттік күрес, гуманистік күрес.
Қойылымның осындай идеялық мазмұны қазақ театрының та-
рихына арналған кейбір еңбектерде дұрыс көрінбей, орынсыз
сыналғанын айта кеткен жөн. Қазақ сахна өнерін зерттеп, көлемді
кітап жазған Н. И. Львов «Қаракөз» спектаклі туралы кең талдау жа-
сап дәлелдеместен, жаңсақ қорытындыға келген. Ол трагедия авто-
рын «Қазақтың көне өмірі мен дәстүрін, феодалдық дәуірдің көрінісін
қызықтап кетеді. Ескі ауыл тірлігін көтере мадақтап, кезбе ақындар
өмірін уайымсыз және сүйкімді етіп суреттейді. Осының салдарынан
спектакль ұлтшылдық рең алған»
*
, – дейді. Пьеса мен қойылымға
айтылған бұл орынсыз сынға біз түбірімен қарсымыз. Және пьеса ма-
териалында тұтас спектакльге ұлтшылдық бағыт беретіндей негіз де
жоқ.
Сырымға қарама-қарсы алынып, трагедия тартысының бір
ұшын ұстаған Асан сал Елубай Өмірзақовтың орындауында шы-
найы шыққан сахналық бейне. Ол Сырым ізін сырттан бағып, тіке
бетіне келмей, қапысын тауып, білдірмей сүріндіруге ұмтылады. «...
Сен менің соқтықпайтын кісімсің... Саған мен жол бердім ғой, көп
таласпаймын...» – деп, Асан Сырымды өзіне тарта сөйлеп, жұмсақ
мінез көрсетуі – Наршамен татуластыру ниеті. Сөйтіп жүріп ол
тағы да Сырымға: «... сөз барымтасы жаман болады», – деп, өз на-
мысын қолдан бермейтіндігін де сездіреді. Мұндай сәттерде Асан
сөзіне мысқыл, кекесін сипат беріп отырған. Сырымға оның ашық
қарсы келуі – «Жар-жар» үстінде. Той сахнасындағы айқай-шуды
басып, үкілі домбырасын безілдетіп, шырқата салған әнімен қалың
жұртты аузына қаратқан Асан – Өмірзақов спектакльге ерекше
бір лирикалық әуен әкелгендей. Ол өз өнеріне өзі риза болғандай,
*
Достарыңызбен бөлісу: |