Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет100/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106
Львов Н. И.
Казахский академический театр драмы. Алматы, 1957. С. 32.
400


шабытқа мінген Асанның жарқын жүзінде қуанышты күлкі ой-
найды. Бірақ, Сырым тобы кіріп келіп, «Жар-жарға» бөтен мазмұн 
беріп бұра тартқанда, Асан іштей тынып, жақтырмағанын түйілген 
қабағынан танытады.
Өзінің спектакль туралы пікірінде қоюшы – режиссер Қ. Жандар-
беков – актердің шеберлігін жоғары бағалап, күні кешеге дейін Елубай 
Өмірзақов сияқты Асанды сахнадан әлі кездестірмегенін еске алады. 
Шынында Асан рөлін актер асқан әншілік өнерімен, табиғи сахналық 
қимыл-әрекетімен психологиялық көңіл күйімен спектакльдің 
орталық бейнелерінің қатарына көтерген.
Тұңғыш ашылған ұлт театрында ойнаған рөлдерімен, тыңдаушысын 
тебіренткен тамаша термесімен, суырыпсалма асқан ақындығымен 
танылған Иса Байзақов бұл жолы Наршаның сахналық тұлғасын 
келісті жасаған. Ол суреттеген Нарша махаббат дертіне ұшыраған, 
қайғы-қасіретке душар болған сезімтал да аянышты болып көрінген. 
Әйгілі ақынның рөлі тұралы рецензент: «... Күйік пен қайғылы күйге 
түскен Наршаның халі жұртқа өте аянышты болды. Исаның өзі де сон-
дай аянышты күйге түсті», – дегеннің өзінен-ақ И. Байзақовтың Нар-
ша басындағы трагедияны көрсете білгені көрініп тұр.
Қойылымдағы өзге кейіпкерлер рөлдері де көркем шыққан. Ре-
цензияда Шәрбану Байзақова (Мөржан), Серке Қожамқұлов (Жабай), 
Әбілқай Абдуллин (Жарылғап), т. б. актерлердің ойындары жоғары 
бағаланған.
Сонымен, «Қаракөз» қазақтың тұңғыш театрының шығармалық 
мүмкін шілігін, оның труппа құрамында аса дарынды шеберлердің ба-
рын, келешекте ірі драматургиялық шығармаларды меңгере алатынын 
танытты.
Дүниеге ұлттық сахна өнерімен бірге келген бұл шығарманы ұзақ 
үзілістен кейін, алпысыншы жылдардың басында, ең алдымен Семей, 
одан кейін Шымкенттен бастап барлық қазақ театрлары түгел қойды.
«Қаракөзді» ең алдымен сахнаға қойған Семей (режиссері 
Бәйтен Ома ров), Шымкент (режиссері Әубәкір Ордабаев) театрлары 
трагедияның халық тық негізін, елдің әдет-ғұрып салтын, көркемдік 
дәстүрін берік сақтаған. Режиссер Б. Омаров қойылымға поэзиялық 
рух, ақындық шабыт беруге ұм тыл ған. Ол пьесаның «Жар-жар» 
мен «Беташар» түріндегі қазақтың айтыс поэзиясындағы тамаша 
үлгілердің сахнада әсерлі шығуына баса көңіл бөлген.
... Сахнада бейнеленген ала көлеңке кешкі даланың тыныштығын 
бұзып, Асан салдың шырқата салған «Баянауыл басынан бұлт кет-
пес» әнімен бас талады. Жас актер Б. Сыбановтың тамаша әншілік 
401


шеберлігі сал характерін ашуға септігін тигізумен бірге, режиссерге 
спектакльдің поэтикалық кілтін дұрыс табуға мүмкіндік берген.
Театр сыншысы Қ. Қуандықов бірнеше театрларда қойылған 
спектакльдерді талдай келіп: «Ән, махаббат және өмір – «Қаракөз» 
трагедиясының идеялық-көркемдік негізі. Ән мен махаббат спек-
такльге лирикалық нәзіктік, романтикалық өң беріп, қаһармандарын 
сұлулық нұрына шомылдырады»,
*
– деген орынды қорытындыға кел-
ген. Міне, осы ән мен махаббат жайын айқын да терең ашуға талпыныс 
барлық театрлардың қойылымдарына ортақ. Семей театрында Асан 
рөліне Б. Сыбановтан басқа лайықты әнші актерлердің болмауынан 
спектакльдің лирикалық жағынан гөрі, психологиялық толғаныс жағы 
тереңірек ашылған. Сырым – Ә. Жаңбырбаев, Қарагөз – Т. Иісова ой-
ындары осы психологизмге құрылған.
Шымкент қойылымында Сырым рөлін алғашында М. Өтебаев, со-
дан соң С. Рақышев, кейін А. Қалмырзаев ойнады. Бұлардың үшеуі де 
драмалық өнерлерінің үстіне, тамаша әншіліктерімен көп ұтқан. Орын-
даушылар Сырымды ерлігімен бірге, жалындаған ақын, салтанатты сал 
етіп бейнелеген. Асан сал рөлін ойнаған О. Жұмабеков те жезтаңдай 
әнші актер. Сондықтан Шымкент театрының сахнасында ақындық 
шабыт, әншілік өнер, «Жар-жар», «Беташар» қойылымның бағасын 
одан сайын арттыра түсті. Көрермен қауым әсерлі ән мен ақындық 
өнерге барынша қошемет көрсетіп, жылы ілтипат білдірді. Алайда, 
кейіпкерлердің психологиялық көңіл күйі, характер ерекшеліктері 
қойылымда үнемі ескерілмеді, кейде екінші планда қалып қоя берді. 
Жұмабике Серікбаеваның шыншылдықпен, шеберлікпен сомдаған 
Қаракөзінен басқа характерлер толық ашылмаған күйінде қалды.
Облыс сахналарында қойылған спектакльдердің ішінде көркемдік 
тұтастық тауып, табысты болғаны – Қызылорда театрының 
«Қарагөзі». Режиссер Мен Дон-Ук трагедия сырын терең ұғып, шын 
мағынасында шығармалық тапқырлық, ізденімпаздық көрсетті. Қ. 
Қуандықов жоғарыда аталған еңбегінде қойылымның режиссерлік 
байламы жайында былай деп сүйсіне әңгімелейді: «... режиссер зал 
мен сахнаны бір сәтте түгелдей қараңғылық құшағына көміп, түнек 
дүние әлеміне тартып әкетті... Зіл қараңғылық, меңіреу тыныштық 
ішінен булыққан күрес күйінің сарыны талып жетеді. Жанталас күрес 
сарыны. Қараша желіндей біртіндеп күшейе түскен күй енді бірде ер 
арқасын қоздырып дабыл қағады, бірде өзек жарған қайғылы мұңға 
айналып, жүйкеңді босатады. Содан ол жүрек тебірентер нәзік әуенге 
ауысып, еңсені басқан қараңғылықты серпіп тастайды... Сахна мен зал 
*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет