ӨЛКЕТАНУ ТУРАЛЫ
Әрбір мәдениетті қоғам өзінің жұмысын ғылым негізіне
құрып жүргізуге ұмтылады.
Өлкетану дегеніміз не? Егер де бұл жөнмен жүргізген
жұмысы жемісті болған сайын елдің мәдени тұрмысы
көтерілмекші, бірақ ғылымға сүйеніп жұмыс жүргізу үшін,
сол істейтін ісіңнің жайын жақсы білу шарт. Қоғам тұрмысын
құру үшін алдымен сол қоғамның мән-жайын, айналасындағы
табиғат мәдени қалпын жақсы білу керек. Басқа шартқа да
жергілікті мәдениетке өлкені үзбестен ұдайымен арымай-тал-
май аудара қарап, актара тексеріп зерттеуге тура келеді. Міне,
осы жұмыстардан барып
өлкетану
деген қозғалыс туады.
Өлкетану
деген – қашаннан өлке құру жұмысының бір сала-
сы, сондықтан ол шынында ертедегі мәдениет тарихында жуан
орын тепкен жұмыстың бір саласы. Бұрын жұрт оған көп назар
салмай келіп, осы соңғы кезде ғана етек жайып өрісін кеңейтіп,
біздің тұрмысымызда ғана өлкетану мәселесі реттегі жұмыстың
бірі болып қолға алынып отыр.
Осы күнгі өлкетану жұмысының ең маңыздысы сол өлкедегі
халық шаруасын, өлкенің өндіріс күштерін зерттеумен байла-
нысты.
Бұлай болудың жөні де бар.
Осы күнгі социалдық тұрмысқа көшіп жатқан кезеңде қа-
ланың да, ауылдың да шаруашылық, саясаттық ниет құры лыс-
тарын алдағы сатыға өткізу үшін айналадағы жағдайды өте
жақсы білу шарт.
Сондықтан өндірістің түрлерін зерттеу, қалада да, ауылда да
сол өндірістің жалпы жағдайларын зерттеп білу – осы кездегі
екпінді мақсаттардың бірі; міні – сол мақсатты баянды шешіп
тұрмыс жүзінде, іске асыру жөнінде өлкетанушылық өзінің
тиісті орнын алып, мойындағы міндетін атқару керек.
Мұнымен қатар сөзде ғана емес, іс жүзінде де елдің шаруа-
сы көтеріліп, ілгері қарай дамып, алдағы сатыға жетуді мақсат
қылып, шаруаны зерттеу керек.
Олай болғанда, алдымен қажымай, талмай әр ауыл бірлестік
шаруасын, кеңес шаруасын, кооперативті, фабриканы, зауытты,
колөнерімен кәсіп қылатынды тағы тағыларды зерттеу керек.
65
Міні – осындай жолға қойылған өлкетану жұмысы ғана
жалпақ еңбекші жұртты бауырыңа тартып, қалың еңбекшінің
игілігіне айналдырып жіберіп, өлкетанушылық күшейіп, үлкен
қоғамдық салмағы болып шықпақшы.
Көзі ашық азаматтарын өзінің бауырына тартып, жәрдем
иесі қылып алуында сөз жоқ. Қазақстан өлкесі көп тексерілген.
Жерінің құйқасы, жәндіктері, өсімдігі, тұрғын халқы, кен
байлықтары, жер-судың өзге жағдайлары жайынан жазылған
талай адамдардың еңбектері бар. Бірақ бұлар қазақ жерінің
байлығының, қазақ халқының ескі дәуірінің жүзден біріндей
де болмайды. Қазақ кедей жалпы үстемдігі дәуірінде ты-
ныс алып, өзінің өткендегі тарихты мәдениетін жаңада ғана
қолы жетіп кірісіп отыр. Қазақ жұртшылығы жуық алдағы
жылдардың ішінде ескіліктің сарқыншағынан тегіс айыры-
лып, мәдениет қорғауға, социалдық шаруашылыққа аяқ басуға
өжеттікпен кіріп отыр. Қазақ жерінен мақта, резеңке, түсті ме-
талл шығатыны табылып отыр. Қазақ кедей орташалары ма-
лын, егінін өнерлі жолмен жүргізіп, еңбегінің берекесін, өнімін
молайтуға техника, пән табысын түгел қолдануға жол ашылып
отыр. Қазақ кедейі жаңа дәуір бастап отыр. Елдің салты, шаруа
реті, негізінен, өзгермек, қайта құрылмақ.
Бүкіл жаратылыс байлығы қайта тексеріліп, еңбекшілердің
пайдаға асыратындай, жағдайға асыратындай жағдайларды
іздемек. Бұл зерттеу білімінің, ірі мамандардың ғана жұмысы
емес.
Өлкетанудың өндіріс жұмысында қолғанаты, жәрдемшісі
алдымен жергілікті шаруа, өндіріс орындары қызметкерлер мен
үнемшілер болуы тиіс.
Нақ осы кезде өлкетанудың өндіріс жұмысында бізде айқын
бел сеніп істеушілер – күн санап етек жайып, өрісін кеңейтіп
ке ле жатқан жұмыскерлер мен ауылдардан шыққан тілшілер.
Міне, жұмыскерлер мен ауылдан шыққан тілшіліктің ең жақсы
жа ғы осы өлкетану жағын айыра білуде. Айналасындағы
шаруа лардың ұсақ-түйегіне шейін қалдырмай бейнелеп қарап,
бақылап қоғам тұрмысына назарын салып, кемшіліктерін айқын
көрсетіп, оларды жойып жаңғыртуға, жақсылауға күрес ашуда.
Бірақ шаруа жайын, қоғам тұрмысын зерттеу жалғыз білім
үшін ғана керек болмауы тиіс, оның үстіне, жергілікті еңбек-
ші елдің мұң-мұқтажын өтеу керек. Мынау осындай қоғам
5–1247
тұрмысына бейімделген, еңбекші елдің өте керекті шаруа, мә-
дени, саяси құрылысына байланысқан жұмыстарына назарын
салып, көңілін бөліп лайықты жәрдемін тигізген өлкетану
жұмысы болса, оған қалың енбекшілердің талапты, бұл зерт-
теу жұмысына бүкіл еңбекшілер, ауылдың белсенді азаматта-
ры жедел қатынастырылып орындалмақ. Аймақтану съезі ай-
рық ша көңіл бөлетін жұмысы. Қазақ шаруашылық мәдениеті
үстіміздегі дәуірде ең ірі міндеттерді жалпы елдің алдына
салу, жеңіл тілмен айтып ірі ілім сөзін елге жеткізу, түсіндіру –
оқытушылардың міндеті. Аймақтану съезінің бүкіл жұмысы –
баспасөздегі мақалаларды көзден таса қылмай елге түсіндіре
отыру. Аймақтану съезінің деректерінен пайдаланып өз бетімен
аймақтану жұмысының қолынан келетіні – түрлі қолынан
атқаруға үйренуі болады.
|