201
III көрініс
Салдар бұларға тура жүреді. Сырым аяғын асығып басып Қаракөзге тура
келе жатады. Салдар тегіс сәнді киінген, үкілі домбыра.
Қ а р а к ө з (
Сұрланған жүзбен қолын Сырымға қарай со
-
зып
). Сырым, ... жүрегім.
С а л С ы р ы м . (
Кұшағын жайып Қаракөзге таман келе
жатып
)
.
Қара түндей күнәнің ортасында жанған шамдай
жарығым, маңдайдағы жұлдызым... Торға түскен ақ тотым...
Келші күнім... (
Екеуі асығып келіп құшақтасып, сүйіседі, сал
-
дар күлісіп қарап, қосылып домбыра тартып тұрады.
)
А қ б а л а (
Шошып жағасын ұстап
)
.
Астапыралла, мы-
нау не деген сұмдық! Бір туысқан әкелердің балалары: көздері
тіріде... Құдай-ай, кәріңнен сақта. Төрем! Сені қара басқан екен
ғой (
жағасын ұстап, жүдеп кейін шегінеді.
)
С ы р ы м (
Қаракөздің құшағынан босанып, Ақбалаға
)
.
Тоқтат сөзіңді... кекселенбей.
Сен сынаймысың бізді, ол –
Қаракөз, мен – Сырым... Қаракөздің Сырымнан артық жері бо-
лушы ма еді. Бізді Құдайыңның өзі қосқан. Сәулемнің менен
өзге теңі кім, мен жылап жүріп тілеп алғамын.
Қ а р а к ө з . Жеңеше, мен саған бәрін айтқанда, атын неге
айтпады дейсің, айтуға аузым бармағандық –
көзі көрсін
дегенмін. Сүйгенім Сырым болмаса, мен жалғыз дер ме едім...
Сенен көмек сұрар ма едім?!
А қ б а л а (
төмен қарап жуасып
)
.
Мейлің шырағым... Тек
құдай бетіңнен жарылқасын. Құдай атын айттым, уәде бердім.
Менен шашау сөз шықпайды, өзің біле бер.
С ы р ы м (
Қаракөзге
)
.
Ақбала да біздік болды, сәулешім.
Енді қобалжыма, салдарым, жұрт бізді айырам десе де,
біз қосақталып өлейік, айтыңдар Қаракөздің әнін. (
Салдар
қоңырлатып ән салады, Ақбала жерде тұрады. Сырым мен
Қаракөз құшақтасып бір тастың үстінде отырады.
)
Ән (
салдыр-күлдір домбыраны қосып, бәрі қосылып ән са
-
лады
)
.
Күзетші
біз отырған жауды барлап,
Сыртыңда дұспандар жүр жындай сарнап.
Екі асық, ынтық болған мұратқа жет,
Жау жатсын іші күйіп онда зарлап.
Қошемет сөз айтамыз сендерге арнап,
202
Қостайды салдар сізді асық жарлап.
Мақұлдар теріс десе,
жолын алсын,
Береміз қалы кілем, қара нарлап.
(
Сырым күрсінеді.
)
Асықты Құдай өзі жаратыпты,
Асық қып бір-біріне қаратыпты.
Адам да Хауа анаға болған асық,
Солардан асықтарды таратыпты.
Қуаныш
ұзақ болсын, сүйіскен жас!
Жаманға асыл, жасық бәрі бір бәс.
Асылды асыл ғана таңдайтұғын,
Асыл жас бірігіңдер, бір бас – бір тас.
Бұл уақытта Сырым, Қаракөз қоштасып, сөйлесіп отырады. Салдар бұл-
ғақтап, кербезденіп жүріп айтады, Салдар Ақбаланың айналасына ақы рындап
жиналады, ақырындап ән салып отырады.
С ы р ы м . (
Достарыңызбен бөлісу: