297
Н а р ш а . Қарагөзден айырылар шамам жоқ еді. Әруағымды,
бағымды аман сақтаймын деп шыдап көрмедім бе, отты бүркеп
етегіммен?.. Оның бәрінің үстіне, қандай ынтық ем мен өзім
де Қарагөзге. Ол сұлулық гауһары емес пе еді?! Қа-а-ай-тейін?!
Қарагөз кіреді. Өлердей жүдеу, зорға қозғалады. Шашы тал-тал боп бетін
жапқан. Ыңырсып ән салып келеді. Жүзінде мағына жоқ. Көзі белгісіз қыдырып
қарайды. Қолында – жапырағы бар ағаштың бұтағы. Қарагөз жынданған.
Қ а р а г ө з (
айнала қарап тұрып, өз-өзінен
)
.
Тоғайға бар-
дым... Тағы барам ба?.. Тоғайды қуалап кете-кете барып... азы-
наған көрге барам ба?! (
Күліп
.) Тоғай да ән салады екен. Жібек
шапаны бар... Біресе жел боп кетеді. Торғай болып кетеді.
Жоқ-жоқ... шөп боп кете ме?.. Әлденеме боп кетеді. Ұйқым
кеп кетеді... Тоғай... жапырақ... тоғай түн... (
Шошып.
) Ойбай...
пышақ... кісен... әже!
Н а р ш а . Қарагөз, қиналмасаңшы, бейшара!.. Әлің біткен
жоқ па еді? Не шамаң қалды?.. Жүруге де жарамайсың... жат-
саңшы!..
Қ а р а г ө з (
Достарыңызбен бөлісу: