Гипогликемия – қан плазмасындағы глюкоза мөлшерінің төмендеп, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенді қызметімен немесе орталық жүйке жүйесінің дисфункциясымен сипатталатын клиникалық синдром. (плазмадағы глюкоза концентрациясы 2,2 – 2,8 ммоль/л төмен)
Гипогликемия организмдегі тым көп инсулиннен туындайды. Инсулин – сіздің денеңіздің белгілі бір функцияларын басқаратын гормон. Бұл сіздің денеңізге энергия үшін глюкозаны пайдалануға көмектеседі.
Гипогликемиялық команың негізгі себептері (этиологиясы)
Гипогликемия ауырлығына байланысты:
Жеңіл гипогликемия аурудың айқындылығына және субъективті симптоматиканың жалғасуына қарамастан науқас көмірсуды қабылдай алады.
Ауыр гипогликемияда естен танады және емдеуге венаішілік глюкозаны енгізу керек.
Жеңіл белгілерде сырқатқа қанттың бірнеше түйірін, 100 г-дай балдың 2-3 қасығын тез арада беру керек.
Ауыр белгілерде:
егер науқас жұта алатын болса ауызына жылы шәй (3-4 қасық қанты бар стақан) құйған жөн; шәй құярдан бұрын тістерінің арасына бекіткіш (фиксатор) қойылады. Бұл жақтың күрт қарысуынан сақтайды;
сырқаттың жай-күйінің жақсару дәрежесіне сәйкес оны көмірсуға бай тамақпен тамақтандырады (жемістер, ұннан жасалған тағамдар және ботқалар);
келесі ұстаманың алдын алу үшін ертеңгі күнгі таңертең инсулин дозасын 4-8 Бірлікке азайтады;
гипогликемиялық реакцияларды жойғаннан соң дәрігерге қаралу керек.
Жеңіл гипогликемияны емдеуде құрамында 1-2 ХЕ (хлебная единица, қазақша нан бірлігі) (10-210грамм глюкоза) бар тамақ ішу керек. Эффективті болып шырынды сусындар болып табылады.(глюкоза сұйық кезінде тез сіңіріледі) 1 ХЕ = 2 қант рафинат бөлшегі. Сондықтан науқас қалтасында 5-6 қант рафинат бөлшегін немесе шоколадты конфет салып жүру керек.
Ауыр гипогликемияда вена ішіне глюкозаны немесе глюкагонды бұлшықетке енгізеді.