Пилорикалық бездер асқазанның он екі елі ішекпен байланысқан аймағында орналасқан. Бұл бездердің саны 3,5 млн. Пилорикалық бездердің ерекшеліктері: олар баска бездерге қарағанда сирек орналасқан және тармақталған, секрет шығаратын мойын бөлігіндегі саңыраулары кең құрамында париетальді жасушалары болмайды. Пилорикалық бездердің жасушалары дипептидазаларға бай, бөлетін секретінің құрамы сілтілік касиетке ие.
Кардиальді бездер соңғы бөліктері тармақталған түтікшелі. Бездің мойын бөлігі басқа бездерге қарағанда қысқа және бұлардың құрамында призма тәрізді жасушалары болады. Бұлардың ядролары базальді бөлігіне жақын орналасқан, цитоплазмасының түсі анық. Кардиальді бездердін құрамында париетальді эпителиоциттері болады.
Асқазан мен ішек эндокриноциттері. Асқазанда морфологиялық, биохимиялық және функциональдық белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірнеше эндокриноциттердің түрлерін ажыратуға болады, олар: ЕС-жасушаларды сан жағынан ең көбі, бұлар бездің түбінде, денесінде және негізгі экзокриноциттердің арасында орналасады. ЕС-эндокриноциттері серотонин мен мелатонинді синтездейді. Серотонин ас корыту ферменттерінің секрециясына, шырыштын бөлінуіне жәрдемдеседі (ықпал етеді). Мелотонин бездердің функциональдік белсенділігін реттейді (яғни жарық циклінің әсеріне тәуелді). G - эндокринді жасушасы (гастринді өндіруші) пилорикалық және кардиальді бездердің денесі мен түбінде, кейде тіпті мойынында да кездеседі.
Бөліп шығаратын гормоны гастрин пепсиногеннің секрециясын негізгі экзокриноциттермен тұз қышқылының бөлінуін күшейтеді, сөйтіп, асқазанның жалпы қызметіне әсер етеді. Асқазан сөлінің гиперсекрециясы кезінде адамда G- жасушаның саны көбейеді. Бұл жасуша гастриннен баска да эндогендік морфиндердің бірі энкефалинді де бөліп шығарады. Асқазанда P-,ECL-, Д-, Д,-, А- деген эндокриноциттерінің саны аздау, бірақ бар. Р- эндокриноциті тұз қышқылы мен ферментке бай панкреатикалық сөлдін бөлінуіне әсер етіп, әрі өт қабының тегіс салалы бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. ECL- (энтерохромаффин тектес) әртүрлі пішіндегі эндокриноциттер фундальді бездердің денесі мен түбінде кездеседі. Бұлар хлоридтерді бөлетін париетальді экзокриноциттердің секреторлық белсенділігін реттейтін гистаминді синтездейді. Д- және Д1- эндокриноциттері пилорикалық бездердің құрамында кездеседі де, полипептидтерді өндіреді. Д- эндокриноциті белок синтезіндегі соматостатинді бөледі. Д1, қан тамырын кеңейтіп (d), артерия қысымын төмендетеді, сонымен қоса ұйқы безінің гормон бөлуін реттейтін вазоинтестинальдық пептидті (ВИП) түзеді. А- эндокриноциті глюкагонді синтездейді.