Гүлхан Нұраддиннің «Мәдениет философиясы» кітабынан «Мәдениет» сөзінің шығу төркіні мен ұғым ретінде қалыптасуы



Дата11.05.2023
өлшемі24,82 Kb.
#91809
Байланысты:
Нығыметолла Әлихан ДИО-11к (мәдениеттану кітабы)


Гүлхан Нұраддиннің «Мәдениет философиясы» кітабынан


1.«Мәдениет» сөзінің шығу төркіні мен ұғым ретінде қалыптасуы.
2..Ойлау және сөйлеу мәдениеттерінің өзара байланыстылығы мен ара
қатынасын ажыратыңыз?
3.Сөйлеу мәдениетінің негізгі критерийлеріне не жатады?

Жауап:
Мәдениет дегеніміз – ( латын тілінде cultura – өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау ) – адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі [1, 5 б.]. Мәдениет түсінігі туралы мыңға жуық анықтамалар бар. Мәдениет сөзі латынша тәрбие, қамқорлық деген мағынаны білдіреді. Мәдениет анықтамасы ең алғаш рет Ежелгі Грецияда қолданыла бастады. Осыған орай мәдениет сөзінің түсінігі мен қолданатын аясы кеңейе бастады. Мәдениеттің жақсы қарқынмен дамуы оның екі үлкен бағытқа бөлінуіне алып келді; 


-адамның тұлғалық белгісінің қалыптасуы;
-қоғамдық өмірдің әмбебаптық құралы. 
Мәдениет – латын сөзінен бастау алып, XVII ғасырдың екінші ширегінде ғана Еуропалық ойлау жүйесіне ене бастады. Мәдениет сөзі ең бірінші латын ғалымы Марка Порция Катонның латын поэзиясының үлкен жетістігі болып табылатын «De Agri Cultura» еңбегінде қолданылған. Латны тілінде мәдениет сөзі бірнеше мағынаны білдіреді:
-өсіру, қамқор болу;
ауыл шаруашылығы, жер өңдеу;
жер өңдеу, білім алу, өсу;
табыну, ұрпақ.
Алғашында латын тіліндегі мәдениет сөзі адамның табиғатпен шынайы байланысы деп түсіндірілді. Ал кейін келе «мәдениет» термині – атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалып отыратын белгілі бір наным-сенім салт-дәстүр , әдет-ғұрып , деген мағынаны білдірді.
Мәдениет – адамдар үшін жасалған ең құнды дүние болып табылады. Сондықтан біз мәдениеттің негізгі мағынасы жеті аспектіден тұратынын ұмытпағанымыз абзал, яғни, мәдениет ол – нәтиже, процесс, амал, қызмет, қарым-қатынас, норма және жүйе.
2.
Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы
Адамның ойлауы мен сөйлеуі өзара қаншалықты берік түрде байланысқанын біз ойлау мен сөйлеудің жоғырғы деңгейде дамуынан, адамның ойлауының сөздік - логикалық қалыптасуында сөйлеу мен ойлаудың бір - бірімен тығыз байланысынан білеміз. Алайда, ойлаудың барлык түрлері міндетті түрде сөздік негізде жүзеге аспайды. Сөйлеуден тікелей байланысы жоқ ойлаудын түрлері болады. Бүл - кернекі - әрекеттік, көрнекі - бейнелік ойлау. Сондай - ақ ойлаумен байланысы жок сөйлеудің әртүрлілігі жатады. Мүндай сөйлеудің қарапайым түріне дене қозғалысы тілі деп аталатын жест, мимика, пантомимика жатады. Мүндай күрделірек сөйлеудің коммуникативтік түрін балалар ерте жаста, яғни 1 жастан 3 жаска дейін меңгереді. Бүл кәдімгі дыбыстық сөйлеуді балалар айналасындағы адамдармен қарым - катынас процесінде белсенді түрде қолданады., бірақ ерте жастағы балалр оны өзінің ойлауын үйымдастыру үшін колданбайды. Сейлеудің дамуының жалпы логикасына сүйенсек, филогенез үшін де. онтогенез үшін де сипатқа тән балалар басында сөйлеуді оның коммуникативтік фунуциясы үшін меңгеріп, сонан кейін ғана 4 жастаи кейін сөйлеудің интеллектуалдық функциясына назар аударады.
Айтылғандардан адамның психикасында ойлау мен сөйлеу бір -бірінен бөлек және бірге өмір сүре алатынын көре аламыз. Бүдан шығптын мәселе сөздік - логикалық ойлауда сөйлеу мен ойлаудың органпкалык бірігуінің көрінісі.
Бүл мәселені отандық психологияда алғаш қойып, талқылаған . І.С. Выготский болды және оның идеялары әлемдік психология ғылымында мойындалды.
Сөздік - логикалык ойлаудағы ой мен сөз Выготский бойынша бір бірімен тығыз байланысты және оларды бөлу мүмкін емес. Айтыін-андардан шығатыны көптеген дамыған ғылымдар дәстүрінде күрделі қүбылыстарды элементтерге емес, бірліктерге бөледі және осы бойынша Выготскші сөздік -логикалық олйауды бірліктерге бөліп, оны сөздің мағынасы деп белпледі. Өзінің «Ойлау мен сөйлеу» деген белгілі кітабында Выготский сөздін мағынасын сөйлеудің шоғырлануы сиякты, ойлаудың шоғырлануына жатқызды. Мүны мынадан түсінуге болады.
Сөздің мағынасы тілде айтылатын, адамдар жинақтаған сөздік түсініктің мазмүнын қосады. Сөздердің мағынасы, әдетте, белгілі бір тілге сәйкес түсіндірмелік сөздікте көрініс табады. Адамдар белгілі бір тілде бір -бірімен қарым - қатынас жасағанда, олар алдымен сөздердіи мағынасьш алмасып, өзара түсіністікке кол жеткізеді. Демек, сөздің мағынпсы - бүл сөйлеумен үздіксіз байланыс, яғни Выготский бойынша «сөплеуді шоғырлануына жатады».
Алайда сөздің мағынасы - бүл да түсінік, ал түсппк ойлпуга катынасады. Сондықтан сөздін мағынасы ойлаудыц бірлігі болъш т;.:ібыладі::,:і.. Шындығында, Выготский айтканындай, ересек адамдардын ойлауъ:і мен сөйлеуінде сипатталған сөз бірден толыктай мағынаға ие болманды. Бул процесс өте үзақ, ол адамның онтогенезінде он шақты жыл алады. Бүдан біз ойлау мен сөйлеудің онтогенезде бірігу заңдылығын белгілейміз. Ойлау мен сөйлеудің бірігу процесі қалай жүреді? Бүл процесс ересек адамдардың балалармен қарым - қатынас жасай отырып, бірігіп тапсырманы шешу үшін қажет сөйлеуді баламен ақпарат алмасудың қүралы ретінде колдануынан басталады. Бала үлкендерге еліктеп 2-3 жаста сөйлеуді менгере бастағанда, бірлесіп тапсырманы шешуде өзінін жеке сөзін пайдаланады. Ойлау мен сөйлеудің бірігуінің алғашқы кезені осылай басталады.
Ойлау мен сөйлеудің бірігуінің екінші кезеңі мынадай болады. Үлкендердің, өзінің тапсырмасын шешу процесінде кейде өзімен өзінін сөйлескенін бала бақылап, байкап, соларға еліктеп сондай әрекет жасайды. Бүл кезеңдегі балаларда /шамамен 3-4 жас/ эгоцентрикалык сөйлеу пайда болады. Алғаш рет бүған назар аударып, оған сипаттама берген Ж. Пиаже болды. Ол эгоцентрикалык сайлауды баланың ойнай отырып, қандай да бір қиыншылыққа тап болғанда пайда болатын баланың ойлау процесіндеі сәйлеу деп анықтады. Оларды жеңуге тырысуда балаға эгоцентрикалық сөйлеу көмектеседі.
3.
Сөйлеу мәдениеті жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда қажет. Тіл мәдениеті студенттердің педагогикалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді, оқу-тәрбие процесінде маңызды роль атқарады. Мамандардың ойынша сөйлеу қабілеттігі мен мәдениеті өмірлік жағдайлардағы қолайсыздықтарды шешуге мүмкіндік береді. Осыны қазіргі кездегі педагог-мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарындағы студенттерге сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптың жоғаруы болуы керектігінң мәні осында. Еліміздің тарихы бай, рухани және материалдық мәдениеті жоғары болуы үшін Х.Досмұхамедовтың: «Мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады», - деген пікірі бүгінгі күннің шындығына айналып отыр [4]. Педагогтың тіл мәдениетін қалыптастырудағы аса маңызды парадигма – ана тілін ұлттық құндылық ретінде меңгерту парадигмасы. Тіл мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық тілді қалыптастыру болып саналады. Мәдениет, ойлау, тіл секілді ең негізгі құндылықтар халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі ретінде тіл мәдениетінің ішкі мазмұны мен жалпы болмысында өзара тығыз ұштасып жатыр.
Сөйлеу бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін тәжірибеде іске асырып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. 
Сөзді қабылдау мен ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты әрі бір мезгілде жүріп отыратын процестер. Егер де қабылдауға ісер ететін негізгі қасиеттер болмаса сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – оның мәнерлілігі. Сөйлейтін сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Ал сөздің міндік маңыздылығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. 
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезінде эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өз мәнерімен, сазымен айтуы. Ал бұл ұғымдардың барлығы сөйлеу мәдениетінің мазмұнын қамтиды. 
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады. Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан; өз үйлесімін дұрыс құрмауынан; с өздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан; сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе деректі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б. Сөйлеу мәдениетіне ие болу – бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет