Глобус оқу ордамыздағы ең үлкен көрнекі құрал



Дата07.09.2023
өлшемі16,28 Kb.
#106388

Глобус – оқу ордамыздағы ең үлкен көрнекі құрал
Глобус латын тілінен аударғанда «шар» деген мағынаны білдіретіні және ол жер шарының шағын үлгісі екендігі барлығымызға белгілі. Жердің бүкіл беті глобуста белгіленген. Демек, глобус - жер шарының сфералық пішіні жердің тұтастай қалай көрінетінін, мұхиттар, континенттер, елдер, қалалар қандай пішінде және қалай орналасқанын көруге мүмкіндік береді және жер шарының өз осінен айналуы түн мен күннің қалай алмасатынын зерттеуге мүмкіндік береді.
Глобус бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнінен бастап жоғарғы сыныптардағы география секілді пәндерде қолданылатын негізгі құралдарының бірі әрі бірегейі десекте болады. Жаратылыстану және география пәндерін глобус арқылы оқыту пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты. Өйткені, онда жүздеген беттік шағын мәтіні бар оқулықтағыдай ақпараттар анық көрсетілген. Ал визуалды сурет арқылы есте сақтау кітаптағы мәтінді сығып алудан әлдеқайда оңай әрі қызықты.
Осы орайда, Шымкент каласындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы оқушылардың жан-жақты терең білім алуларына жағдай жасай отырып, оқушыларды көрнекі құралдармен қамтамасыз етуде. Сондай көрнекі құралдырдың бірі – мектебіміздің екінші қабатында орналасқан глобус болып табылады.
Глобусты жасаудағы негізгі мақсат - оқушылардың дуниетанымын, білімдерін терендету. Оқушыларға білім алуға қажетті құралдармен барынша қамтамасыз етіп, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру.
Бұл глобустын экватор шеңберінің ұзындығы 650 см, меридианның ұзындығы 320 сантиметр, биіктігі 256 сантиметр, диаметрі 206, ал салмағы 1000 киллограмм. Бұл глобус 2015-2016 оқу жылында жасалып, ашылуы өткен. Оның авторы мектебіміздін директоры Арман Шымбайұлы Орынбеков
Глобустың керемет жасалынуына технология пәнінің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары да атсалысып, 6 айда жасап шығарған. Бұл глобуста кұрлықтар мен теңіздер керемет бейнеленген. Бұл глобустың артында үлкен талап пен қажырлы еңбек жатқанын айтпай кетуге болмайды.
Осындай көрнекі құралдар арқылы оқыту білім сапасын жыл санап артып келеді. Сабактардын терендетіліп өткізілуі және саяхат сабактардын өткізіліп отыруы білім сапасының көтерілуіне септігін тигізуде. Сондай саяхат сабақтардың бірі мектептің екінші қабатында орналасқан глобустың жанында өткізілетін сабақтap. Бұл глобусты орналастырудағы мақсатқа жету үшін оқу ордамыздың мұғалімдері осы глобустың жанында оқу бағдарламамызға және глобусты қажет ететін тақырыбымыздың толыққанды ашылуына мүмкіндік беретін сабақтар, ашық сабақтар мен іс-шараларды жиі өткіздік.
Соның бірі, 4 «Д» сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен « Жер ғаламшары қандай?» такырыбындағы сабақты мектебіміздегі осы глобустың жанында өткіздік. Бұл сабақта оқушылар глобус макеті арқылы Жер ғаламшарындағы материктер мен мұхиттарды көру арқылы есте сақтайды. Ал балаға сабақты естуден гөрі көрсетудің тиімділігі жоғары. Оқушыларға бұл сабақ өте қызықты өтті және сабақ оқу мақсатына толық жетті. Глобустың жанындағы сабақ тек бастауыш сынып оқушыларына ғана емес, жоғары сынып оқушылары үшін де ерекше.
Сонымен қатар, мектеп қабырғасына үлкен масштабтағы жер шарының картасы да ілінген. Жаратылыстану, география сабақтарында бұл керемет, таптырмас көрнекілік құрал.

К.Ж. Даулетбахова,


№90 ДБММГ 4 «Д» сынып жетекшісі.
Шымкент қаласы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет