Сыну көрсеткіші – электромагнитті толқындардың вакуумдегі жəне
нағыз ортадағы жылдамдықтарының қатынасына тең шама.
Стандартты атмосфера – сынап бағанасы бойынша 760 мм. Немесе
101,325 кПа.
Стандартты жағдай (қалыпты) – көбінесе газ күйіндегі заттарға
қолданатын (күй параметрлі) 1 атм. Қысым жəне температура 0°С.
Стандартты электродтық потенциал Е° - барлық еріген бөлшектердің
концентрациясы 1, ал барлық газ тəрізді заттар 1 атм. Қалыпты қысымға ие
болатын жартылай реакцияның тотықсыздану потенциалы; бұл потенциал сутек
электродына қатысты өлшенеді, оның стандарттың электродтық потенциалы
Е°В тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |