Сұйықтың қайнау температурасы – сұйық буының тепе-теңдіктегі
қысымы сыртқы қысыммен теңескендегі температура.
Температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік
күйін сипаттайтын физикалық шама.
Термиялық жүйе – жеке бөлшектер арасында энергияның алмасуы
мүмкін болатын жүйе.
Термодинамикалық тепе-теңдік – уақыт өтумен өзгермейтін жүйенің
күйі.
Термодинамикалық еркіндік дəрежесінің саны – жүйедегі тəуелсіз
айнымалылардың (параметрлердің) саны, яғни жүйедегі фазалардың түрі мен
сандарын кейбір аралықтарда өзгеріссіз еркін ауыстыру.
Термодинамика – энергия жəне оның бір-біріне айналуы туралы ғылым.
Термодинамиканың бірінші заңы – кез келген процесте əлемнің толық
энергиясы тұрақты болып қалады. Бұл заң сонымен қатар энергияның сақталу
заңы деген атаумен де белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |