Конструкторрежиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Мәнге шарт беру (Условие на значение) сипаттамасын беріңіз, мысалы Between 1950 And 1998 түрінде. Бұл барлық кітаптардың 1950 ж. және 1998ж. арасында шыққанын білдіреді.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз да, кітаптың шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1947, жүйенің реакциясын байқаңыз.
Конструктор режиміне кіріңіз. “Шыққан жылы” өрісі үшін Қате түралы мәлімет (Сообщение об ошибке)қасиетті беріңіз, мысалы, “Кітап шыққан жылы 1950 және 1998 жылдар арасында жатыр” деген мәліметті енгізіңіз.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз, кітап шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1999, оған Access жүйесінің қалай жауап беретінін байқаңыз.
Тура сол сияқты өрістердің басқа қасиеттерімен де жұмыс істеп шығыңыз.
Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
3 жаттығу Кесте шебері режиміне кіріңіз де, Мәліметтер базасында бар кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.