Зертханалық жұмыс №5 (2 сағат)
Тақырып: “ФОРМА ЖАСАУ”
Жаттығу: Форма жасаудың тәсілдерін және түрлерін үйрену, форма жасауға арналған аспаптар тақтасын меңгеру мақсатында келесі жаттығуларды орындаңыздар.
Лабораториялық жұмыстың салмағы – 1,5 ұпай
Жаттығуларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Форма шеберінің көмегімен форма жасау
Access-те МБ-мен жұмыс жасауға арналған графикалық интерфейс құрастырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Олардың ең маңыздысының бірі мәліметтерді енгізу-шығару формалары болып саналады. Формалар МБ-ын өңдеудің негізгі қызметтерін: жүйені іске қосу, қарау, іздеу, түзету істерін жүзеге асырады. Формаларды құрастыру тұтынушы талаптарына сәйкес Access құралдары арқылы жасалады. Форма жасау барысында: формаға енетін мәліметтер қай кестеден алынатындығы, атап айтқанда кестенің қай өрісі, қандай графикалық элементтер-сызықтар, жазулар, суреттер енгізілетіндігі анықталады.
Бір кесте негізінде жасалатын форма біркестелік деп аталады. Форманы жасау үшін бірнеше тәсіл қолдануға болады:
Кірістіру – Форма (Вставка – Форма) командаларын орындау;
Кірістіру – Автоформа (Вставка – Автоформа) командаларын орындау;
Access обектілерінің ішінен “Формалар” бөлімін таңдап, Жасау (Создать) батырмасына шерту.
1- және 3-жағдайда жұмыс форманы құру режимін таңдаудан басталады. Жаңа форма жасау cұхбат терезесі 22-суретте көрсетілген. Режимді таңдап алған соң, форманың қандай кесте негізінде құрылатындығын көрсету керек.
22-сурет. Форманы құру режимін таңдау терезесі
Форма шебері форма жасау барысында форма негізін құрайтын кестені, кестенің қажет өрістерін, безендіру стилін таңдауға, формаға ат қоюға мүмкіндік береді.
Форма шебері режимінің бірінші қадамда форма негізін құрайтын кестені және сол кестенің қажет өрістерін таңдау керек (23-сурет). > батырмасын басу арқылы белгіленген өрісті, ал >> батырмасын басу арқылы барлық өрістерді жаңа формаға енгіземіз. < және << батырмалары кері қызмет атқарады, сәйкесінше белгіленген өрісті және барлық өрістерді жаңа формадан алып тастайды.
23-сурет. Форма жасаудағы өрістерді таңдау терезесі
Форма шебері режимінің екінші қадамында формадағы мәліметтердің орналасу түрін таңдаймыз: бір бағанаға – өрістер тігінен орналасып, жазбаның бір ғана түрі шығады; таспалық – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; кестелік – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; тураланған – өрістер бір немесе бірнеше жолдарға орналасып, жазбанаң біреуі ғана шығады (24-сурет).
Келесі қадамда форманың стилін таңдаймыз (25-сурет). Бір стильден екінші стильге ауыса отырып, ең үйлесімді деген стильге тоқтауға болады. Форма шеберінің соңғы қадамында формаға ат беру керек. Access жүйесі оны автоматты түрде жасай алады. Бастапқы ат ретінде бұл кесте үшін жасалатын форманың рет нөмірі жазылады. Бұл қадамда өзіңнің келесі әрекеттеріңді де анықтауға болады. Ол үшін ауыстырғыштың “форманы қарау үшін немесе мәліметтерді енгізу үшін ашу” немесе “Форма макетін өзерту” күйінің бірін таңдау керек. Форма шеберінің кез келген қадамда Дайын батырмасын шертіп, форма жасауды тоқтатуға немесе Ары қарай батырмасын баса отырып жалғастыруға болады. Егер де Форма шеберінің жұмысы соңына жетпей тоқтатылса, онда орындалмаған қадамдар соңғы жасалған формаға негізделіп автоматты түрде жасалады.
24-сурет. Форманың көркін таңдау терезесі
25-сурет. Форманың стилін таңдау терезесі.
26-сурет. Формаға ат қою терезесі.
27-суретте “Авто” кестесі үшін құрылған “Бір бағаналық” түріндегі форма көрсетілген. Бұл форманы құру қадамдары 23-26-суреттерде бейнеленген. Формада кестенің тек кейбір өрістері көрсетілген.
27-сурет. “Бір бағаналық” қалыбының түрі
Форманың төменгі бөлігінде жазбалар арасында бірінен-біріне ауысу үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |