Глоссарий атрибут


Оқытушылар (Оқытушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Ғылыми дәрежесі, Қызметі, Жұмыс өтілі). Пәндер



бет71/77
Дата14.12.2022
өлшемі2,28 Mb.
#57151
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
Байланысты:
дәрістер1-15

Оқытушылар (Оқытушы коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Ғылыми дәрежесі, Қызметі, Жұмыс өтілі).
Пәндер (Пәннің коды, Атауы, Сағат саны).
Жүктеме (Оқытушы коды, Пәннің коды, Топ нөмірі).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Енді жағдай өзгерді. Жүргізілетін сабақтардың дәрістік және практикалық болып бөлінетіні анықталды. Әрбір сабақ түрі бойынша өзінің сағат саны орнатылады. Сонымен қатар жүктеме бойынша мәліметтерді бірнеше жыл сақтау керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.

  1. Жүк тасымалдау

Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз жүк тасымалдайтын компанияда жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз көлік жүргізушілерінің еңбек ақысын ескере отырып тасымалданатын жүктің бағасын бақылау болып табылады.
Сіздің компанияңыз әртүрлі бағытта жүк тасымалдаумен айналысады. Осы әр бағытқа оның атауын, мөлшермен алғандағы қашықтығын және көлік жүргізушілерге сәйкесінше еңбек ақысын есептеп тағайындадыңыз. Көлік жүргізушілері туралы ақпараттарға тегі, аты, әкесінің аты және жұмыс өтілі кіреді. Есептеулер жүргізуіңіз үшін Сіз жүк тасымалы туралы толық ақпаратты сақтайсыз (бағыты, жүргізуші, жөнелтілген және келген күні). Белгілі бір себептерге байланысты көлік жүргізушілеріне ынталандыру максатында қосымша ақша (премия) тағайындалады.
Кестелер:
Бағыттар (Бағыт коды, Атауы, Қашықтығы, Жолға қанша күн кетеді, Еңбекақы)
Жүргізушілер (Жүргізуші коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Жұмыс өтілі).
Атқарылған жұмыс (Бағыт коды, Жүргізуші коды, Жөнелтілген күні, Қайтып келу күні, Премия).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Енді жағдай өзгерді. Сіздің компанияңыз еңбекақыны есептеудің бір жүйесін енгізді. Енді, көлік жүргізушілердің еңбекақысы жүк тасымалдау бағытынан ғана емес, оның жұмыс өтіліне де қарап есептелінеді. Сонымен қатар жүк тасымалдауда жүргізушілердің екеу болатынын ескеру керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет