Глоссарий синергистер-бір уақытта бірыңғай жұмыс атқаратын еттер. Антогонистер



Дата02.03.2023
өлшемі15,11 Kb.
#71323
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ АДАМ АНАТОМИЯСЫ


ГЛОССАРИЙ
Синергистер-бір уақытта бірыңғай жұмыс атқаратын еттер.
Антогонистер-бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқаратын еттер.
Фиксаторлар-бір қалыпта қимылсыз қатайтып ұстайтын еттер.
Миофибрилдер-бір-бірімен бірігіп,дәнекер тканімен қапталған ет талшықтары.
Саркалема-ет талшықтарының шеттерінде шашыранды ядросы мен сыртын қаптап жатқан қабықша.
Сфинкторлар-сақиналы еттердің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде тесіктердің тарылуы.
Фасциялар-еттердің шандырлы жапқыштары.
Меншікті шандыр жапқыш-шандырлы жапқыш жеке еттің өзін қоршап жатуы.
Шығыршық-шеміршекпен қапталған ойық келген сүйек.
Диафрагма-көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрған көк ет.
Көкіректің көлденең еті-төстің ішкі бетіне жабыса жататын,пішіні желпуіш тәрізді жұқа келген ет.
Эндомезий-бұлшық ет будаларының сыртынан қаптап тұрған жұқа дәнекер ұлпалы қапшық.
Перимерзий-бұлшық еттердің ірірек будаларының қапшығы.
Эпимезий-бұлшық еттердің ірі будаларының қапшығы.
Синовиальді қапшық-ішінде сұйықтығы бар,қысылған қапшық.
Апоневроз-тік еттің қынабын құрайтын жалпақ шандыр.
Құрсақтың ішкі қиғаш еті-бос арқа шандырынан,мықын сүйегінің жиегінен және шат сіңірінен басталып төменнен жоғарыға қарай қиғаш бағытталып бір бөлігі төменгі қабырғаларға бекитін ет.
Белдің шаршы еті-мықын сүйегінің жиегінен басталып бел омыртқаның көлденең өсінділері мен төменгі қабырғаға бекитін ет.
Шат каналы-құрсақтың төменгі шат бөлігінде орналасқан ұзындығы 4-5 см саңылау кеңістік.
Трапеция тәрізді ет-тері астында мойынның және арқаның жоғарғы бөлігін алып жататын ет.
Арқаның жалпақ еті-көкірек клеткасы мен арқаның төменгі бөлігін жауып жататын ет.
Ромба тәрізді ет-төменгі мойын,жоғарғы көкірек омыртқаларының арқа өсінділерінен басталып жауырынның ішкі қырына бекитін ет.
Омыртқа жотасын жазатын ет-омыртқа жотасының екі жағында сегізкөзден шүйдеге дейін созылып жататын ет.
Көлденең өсінді аралық еттер-омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасқан еттер.
Қабырға көтеруші еттер-омыртқа жотасының көкірек бөлімінде ғана жататын еттер.
Шүйде немесе желке еттері-нәзік,қысқа талшықты еттер.
Төс-бұғана-еміздік еті-мойынның алдыңғы бүйір бөлігінде орналасқан екі басты ет.
Жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзетін,шаршы келген жалпақ ет.
Иек-тіл асты еті-иектен басталып тіл асты сүйегіне бекитін ет.
Дельта тәрізді бұлшық ет-иық буының қаптай орналасып иыққа пішін беріп тұратын ет.
Кіші жұмыр ет-жауырын еттерінің төменгі жағында жататын ет.
Үлкен жұмыр ет-жауырынның бұрышынан басталып қолтық астынан алға өтіп,тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекитін ет.
Бас бармақ бүгетін ұзын ет-білектің кәрі жілік жағында терең орналасқан еттер.
Меншікті шайнау еті-шықшық сүйегінің доғасынан басталып,төменгі жақтың бұрышына тіркелетін ет.
Самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан байқалатын ет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет