«гомеостаз және экскреция» модулі бойынша физиологиядан практикалық сабақ, боөж тапсырмалары тақырыбы: Тромбоциттер. Қанның ұюы (гемостаз). Гемостаздың физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері


)Бірінші жануар өледі.Себебі:тромбин көп дозада енгізілсе қанда тромб түзіліп қан ағу тоқтайды



бет5/5
Дата28.03.2023
өлшемі38,81 Kb.
#76939
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
физиология 6 апта

1)Бірінші жануар өледі.Себебі:тромбин көп дозада енгізілсе қанда тромб түзіліп қан ағу тоқтайды.
2)Тромбин-қан ұйытатын ең маңызды,әсерлі фермент
3)Тромбиннің әсерінен фибриноген фибринге айналады.
2. А гемофилиясымен ауратын науқаста тромбоциттер саны, қанның ұю уақыты және қан кету уақыты анықталды. Тромбоциттер саны және олардың функционалдық белсенділігі қалыпты деп табылды.
Сұрақтар:
1. Гемофилия А дегеніміз не?
2. VIII фактордың қандағы физиологиялық маңызы қандай?
3. Қанның ұю уақыты мен қан кету уақыты қалай өзгереді? Жауабыңызды негіздеңіз.
Жауаптар:
1)8 фактор ААГ жеткіліксіз болса гемофилия»А» пайда болады.
2)8 фактор 9 және 10 түрткілердің әсерін күшейтеді.
3)Қан ұю уақыты =5-6 минут
Қан кету уақыты=3-6 минут,Дук б/ша 1-3 минут.Ол қандағы тромбоциттердің мөлшеріне байланысты

8 тапсырма. Физиологиялық терминдердің орыс, ағылшын тілдерінде аудармасын жазып, анықтама беру.







Түсініктердің 3 тілде аталуы

Түсінікке білім алатын тілде анықтама беріңіз

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

1

Гемостаз



Гемостаз

Hemostasis

Қантамыр қабырғасының зақымдануы кезінде қан кетуін тоқтататын, сондай-ақ қанды сұйық күйде ұстайтын физиологиялық процестер кешені.

2

Тамырлы-тромбоцитарлық гемостаз

Сосудисто-тромбоцитарный гемостаз

vascular-platelet hemostasis

Қан қысым төмен жіңішке қыл тамырларды болады.5 кезеңнен тұрады

3

Коагуляциялық гемостаз

Коагуляционный гемостаз

Coagulation hemostasis

Бұл қан ұю факторлары мен олардың жиынтықтарының белсенуі біртіндеп ретімен орын алатын, тізбекті ферментативтік үдеріс.

4

Фибринолиз



Фибринолиз

Fibrinolysis

Пайда болған тромб қатайып тағыздалып, қантамыр жарақатын бітеп, сыртқа қан кетуі тоқтағаннан кейін, тығыз тромбпен бітелген қантамыр саңылауы тарылады. Тарылған қантамыр саңылауын қайта қалпына келтіру үшін келесі фибринолиз (фибриннің пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырауы) кезеңі – басталады. Ол еріткіш ферменттердің – плазминоген проферменті ретінде плазмада болатын протеолитикалық плазмин ферменті әсерінен ыдырайды.

5

Ретракция



Ретракция

Retraction

Зақымдалған тамырдағы тромбтың тығыздалуы мен бекітілуін қамтамасыз етеді. Ол тромбостениннің жиырылғыш белогына байланысты тромбоциттердің жеткілікті санымен ғана жүзеге асырылады. Оның жиырылуы кезінде тромб бастапқы көлемінен 25-50% кішірейеді, бұл онық қантамырға сенімдірек бекітеді. Ретракция тромб пайда болғаннан кейін 2-3 сағат ішінде аяқталады.

6

Тромбоциттер адгезиясы

Адгезия тромбоцитов

Platelet adhesion

Бұл субэндотелий компоненттеріне тромбоциттердің (коллагенге) немесе бөгде зат бетіне жабысуы (мысалы әйнекке).

7

Тромбоциттер агрегациясы

Агрегация тромбоцитов

Platelet aggregation

Адгезиямен қатар тромбоциттердің агрегациясы, яғни олардың ісінуі және зақымдалған қантамырлар аймағында пайда болған өсінділері арқылы бір-біріне жабысуы және тығынды қалыптастыруы жүреді. Агрегацияның маңызды ынталандырушыларына коллаген, АДФ, катехоламиндер, серотонин, сонымен қатар арахидон қышқылы, тромбин, тромбоксан А2 жатады. Адгезия мен агрегацияға ұшыраған тромбоциттерден агрегация процесін күшейтетін заттар белсенді түрде бөлінеді. Тромбоциттердің агрегация процесі екі кезеңге бөлінеді: қайтымды және қайтымсыз агрегация.

8

Фибрин

Фибрин

Fibrin

Фибриногеннен түзіледі.Ұйыған қанның негізін құрады

9

Қан ұюының тромбоциттңк факторлары

Тромбоцитарный фактор свертывание крови

platelet factor of blood clotting

Фактор 1-тромбоцитарлық
Фактор 2 –Тромбоцитарлық тромбиннің акцелераторы
Фактор3-тромбоцитарлық тромбопластин
Фактор 4-антигепариндік
Фактор5-Тромбоциттердің фибриногені
Фактор6-антифибринолитикалық фактор
Фактор7-антитромбопластикалық фактор
Фактор8-тромбостенин,ретрактоэнзим
Фактор9-тамыртарылтатын
Фактор10-пластикалық кофактор
Фактор11-фибринді тұрақтандырушы
Фактор12-агрегациялық фактор

10

Қан ұюының плазмалық факторлары

Плазменный фактор свертывание крови

plasma clotting factor

I – Фибриноген
II – Протромбин
III – Ұлпалық фактор
IV – Са2+
V, VI – Глобулин – проакцелерин,
акцелерин
VII – Проконвертин
VIII – Антигемофилдік глобулин А
IX – Кристмас факторы - антигемофилдік глобулин В
X – Стюарт-Проуэр факторы
XI – Тромбопластиннің плазмадағы негізі
XII – Хагеман факторы
XIII – фибрин тұрақтандырушы фактор (фибриназа), плазмалық трансглутаминаза, фибринолигаза
XIV – Флетчер факторы
XV – Фиджеральд Фложе факторы



Орындаған студент Рысбек Сания
топ _____ЖМ21-009_____факультет_______Жм

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет