Резусы оң болса, анти-Д цоликлонын тамызғанда, агглютинация жүреді(+), ал резусы теріс болса, яғни ресуссыз қан болса, анти-Д цоликлонын тамызғанда, агглютинация жүрмейді(-). №6 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу. 1. Емделушінің қан тобы мен резус-факторын анықтау кезінде келесі, суреттегідей нәтижелер алынды.
Сұрақтар:
1. Агглютиногендер, агглютининдер деген не?
2. Агглютинация реакциясы дегеніміз не?
3. Емделушінің қан тобы мен резус факторын анықтаңыз. Жауабыңызды негіздеп түсіндіріңіз.
Жауаптар:
Агглютиногендер – организмде эритроциттердің мембранасында болатын агглютининдер (аллоантиденелер) түзілуін тудыратын антигендер(белоктар). Агглютинин – организмде қа плазмасының құрамында кездесетін қан жасушаларының, бактериялардың және басқа да бірқатар антигенді бөлшектердің агглютинация реакциясын тудыратын антидене.
Агглютинация реакциясы - қанның құрамындағы эритроциттердің бір-біріне жабысып, желімденіп, конгломерат(теңге тәрізді тізбек) түзуі. Және осы реакциямен эритроциттердің аллоантигендеріне қарсы моноклоналды антиденелермен қолданып қанның топтарын анықтағанда қолданады.
Вα(ІІІ) қан тобы,резус факторы-оң (+). Себебі суреттен көріп тұрғанызмыздай, анти-В,анти-АВ цоликлонын тамызғанда эритроциттердің агглютинацияландығын байқаймыз, анти-Д цоликлоны бұл резус факторын анықтайды, оны тамызғанда да қан агглютинацияланған.
2. Зерттелушіде эритроциттер саны - 4,7 х1012 /л, гемоглобин концентрациясы - 116 г/л болғандағы қанның түсті көрсеткішін (ҚТК) есептеп табу.
Сұрақтар:
1. Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК) деген не?
2. ҚТК анықтау әдісі қандай?
3. Зеттелушінің ҚТК анықтаңыз. Алынған нәтижені талқылап жазыңыз.
Жауаптар:
Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК) – эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесі. ҚТК = Қалыпты, ҚТК = 0, 86 – 1, 05 – нормохромия. ҚТК 0, 86 -дан төмен – гипохромия. ҚТК 1, 05 -тен жоғары – гиперхромия .ҚТК өзгермей эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің азаюы – нормохромды анемия.