Гомогендік (өздігінен) кристалдану


Кесек құйма металының құрылысы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі0,51 Mb.
#73267
1   2   3
Байланысты:
Лекция 2

 
2.2 Кесек құйма металының құрылысы 
Кристалдану 
процесі 
атомдардың 
ең 
тығыз 
орналасқан 
жазықтықтарына перпендикуляр бағытталған кристалдардың құрылуынан 
басталады. Пайда болған кристалл ағаштың дің бөлігіндей тік бойлап қатады 
(15-сурет). Ол бірінші реттік өс (1-дендриттің басты өстері) деп аталады. 
Өстің ұзарып өсуімен қатар дің қабырғаларына перпендикуляр екінші реттік 
(II) кристалдар пайда болып өсе бастайды.Оларға перпендикуляр үшінші 
реттік (III) – кристалдар пайда болып дамиды. Сөйтіп жалғаса береді. 


Кристалдану процесі сыртқы қырлары дұрыс емес дендритті кристалдар 
құрылуымен аяқталады. 
15 – сурет. Дендритті кристалл сұлбасы. 
Дендритті құрылым шлифті арнаулы химиялық өңдеу арқылы 
анықталынады. Дендрит бұтақтарының арасы саңылаусыз орналасып, оның 
арасындағы жіктері кристалдардың шекарасы ретінде көрінеді. Түйіршіктер 
бір - бірімен сығылысып орналасуына байланысты, дендритті құрылым 
дұрыс қалпын өзгертіп, бұзылады. Мұндай құрылымды көбінесе құймалы 
металдардың немесе қорытпалардың макро- және микроқұрылымдарынан 
байқауға болады. 16 - суретте көрсетілген кесек металдың құрылысында 
жоғарыда келтірілген процесс айқын көрінеді. Кристалдану үш сатыдан
тұрады. 
Сұйық металдың кристалдануы қалыптың суық қабырғаларынан 
басталады. Суыну жылдамдығы аса шапшаң болғандықтан, металдың 
ыдысқа тиген қабырғаларында тепе-тең ұсақ кристалдар түзілген жұқа бет 
құрылады. Ол ұ с а қ т е п е - т е ң кристалдар зонасы – бірінші зона (1). 
Екінші зона (2) – б а ғ а н а л ы кристалдар зонасы. Жылудың бөлініп 
шыққан бағытына қарай созыла орналасқан ірі кристалдар. Ең соңында 
суыну дәрежесі мен бөлінген жылу теңеліп, металдың өзегінде ірі
кристалдар түзіледі. Сонымен, үшінші зона (3) – і р і т е п е - т е ң кристалдар 
зонасы болып саналады. 
Егер металдың балқу температурасы өте жоғары болса, онда құйылу 
температурасы жоғарылап, суыну жылдамдығы артады. 


Қалыптың 
барлық 
көлемінде 
температура 
теңеліп, 
металл 
қоймалжыңданады. Сұйық металдың құрамында кездесетін ерімеген 
кірмелер әр жерде кристалдану орталықтарын құрып, металдың тепе-тең 
кристалдануына себепкер болады. Бағаналы зонада газды қуыстар, 
көпіршіктер болмайды, мұнда кристалдар тығыз орналасқан. Бірақ бағаналы 
кристалдардың жіктері осал болып келеді де, қысып өңдеу процесінде 
жарылып кету қаупі туады. Сондықтан, болат тәрізді созымталдығы төмен 
материалдарда бағаналы кристалдардың дамуы қолайсыз күйде болады. Мыс 
және оның қорытпалары сияқты созымтал материалдардан құрылымы 
бағаналы кристалдан тұратын құймалар алу көзделген. 
а) б) 
а) тік қимасы; б) көлденең қимасы

16-сурет. Кесек металл құрылысының сұлбасы. 
Ең соңғы кезекте құйманың беткі бөлігінің ортасы төмен түсіп, шөгеді. 
Себебі, қатайған кристалдың меншікті көлемі сұйық металмен 
салыстырғанда кіші. Төртінші зона - шөгу қуыстары. Бұл зонадағы металл 
қолдануға жарамайды, кесіліп алып тасталынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет