Гос экзамен Тарих



бет6/8
Дата25.04.2022
өлшемі1,04 Mb.
#32221
1   2   3   4   5   6   7   8
Контитуция – бул басты заң. Оны тагыда ата заңымыз депте атайды.

Осы конституция экономикалык жане саяси реформалык құрылымгның негізін қалап , жекеменшік институтының заңдылығын жариялады.

Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету.

1993 жылғы Конституцияның тарихи маңызы:

Конституция тұтастай еліміздегі ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға негізделген; Кеңестік және қазақстандық тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен бостандығының басымдылығы танылды; Қазақстан халқы дүниежүзілік қоғамдастың ажырамас бөлігі боп айқындалды;

Конституция 131 негізгі және 13 өтпелі баптан тұрады. Оның құрылымында кіріспе, «Конституциялық құрылыстың негіздері», мынадай төрт бөлім:

I. «Азамат, оның құқықтары мен міндеттері»,

II. «Қоғам мен оның құрылысының негіздері»,

III. «Мемлекет, оның органдары мен институттары»,

IV. «Конституцияны сақтау кепілдіктері», сондай-ақ «Өтпелі ережелер» бар.

- 1993 жылғы Конституцияның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды. Бұл Конституция бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.

Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде негізгі заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды.

1993 жылғы конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.



  1. Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктерінің маңызы

Спорттағы ең биік шың - Олимпиада ойындары. Аталған дүбірлі дода төрт жылда бір өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған спортшы дәл осы биікті бағындыру үшін барын салады. Олимпиада ойындарына еліміз спортшылары тәуелсіздік алғалы алты мәрте қатысты. Әрі ешқашан алтын медалсіз қайтып көрген жоқ. Айта кетейік, 1992 жылғы Барселонадағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар ТМД-ның біріккен құрамасы сапында өнер көрсетті.

Еліміз спортшылары жазғы Олимпиада ойындарында 1996 жылдан бері жалпы 64 медаль жеңіп алды. Бұның 19-ы алтын, 20-сы күміс, 25-і қола медаль. Ал қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып жүрміз. Бұл жарыста қазірге дейін жеті жүлде жеңіп алдық. Атап айтқанда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медалге қол жеткіздік.

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қатысқан алғашқы Олимпиада - 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиада ойындары болатын. Қазақстанның әнұранын Олимп шыңында тұңғыш рет Владимир Смирнов шырқатты. Атақты шаңғышы сол кезде бір өзі бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алды.

996 жылы Қазақстан спортшылары алғаш рет Атлантадағы ХХVІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Әлемдегі ең ірі спорттық жарысқа алғаш рет қатысып жатқанына қарамастан Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медалге қол жеткізіп, командалық есепте 24-ші орынға табан тіреді. Медаль алған спортшылар, алтын медаль: боксшы Василий Жиров, (бұған қоса техникалық шеберлігі ең жоғары боксшыға берілетін Баркер кубогын жеңіп алды), балуан Юрий Мельниченко, бессайысшы Александр Парыгин. Күміс медаль: мерген Сергей Беляев (бір өзі екі күміс), боксшы Болат Жұмаділов, ауыр атлет Анатолий Храпатый. Қола медаль: боксшылар Ермахан Ибраимов пен Болат Ниязымбетов, балуан Мәулен Мамыров, мерген Владимир Вохмянин.

- 1996 жылы Атлантада өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салып, алғаш рет бірден бірнеше медальді жеңіп алған. Қытайда өткен Олимпиада ойындарындағы спортшыларымыздың көрсеткен өнерлері де елеусіз қалды деп айта алмаймыз. Қазақстан үшін саласындағы ең маңызды кезеңдердің бірі Лондондағы Олимпиадалық ойындар болды. Осы жарысқа дейін Қазақстан мұндай жоғары жетістікке жеткен жоқ еді. Еліміздің «спорт» атты тағы да бір жетістіктерін қысқаша болса да, айтып кетпеуге болмайды.

Қазақстан құрама командасындағы 115 алтын, бірі күміс және бесеуі медальдарымен марапатталып, 12-і жалпыкомандалық орынға көтерілді. Алғашқы алтын иегері Александр Винокуров «Алдыңғы қайда домаласа, соңғысы сонда домалайды» демекші, Александрдың бірнеше медаль қанжығамызға байланды.

Зульфия Чиншанло мен Майя Манеза, Светлана Подобедова Илья Ильин, Серік Сәпиев пен Ниязымбетов, Даниал Гаджиев пен Марина Вольнова, Гюзель Манюрова мен Иван сондай- ақ, Ақжүрек Таңатаров көрсетті.

Жеңімпаздарымызды салтанатты түрде қарсы алып, 1-орын алған спортшыға ел үкіметі тарапынан 100 мың АҚШ доллары, 2-орын алған спортшыға - 50 мың АҚШ доллары, 3-орын алған спортшыға АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.



  1. «Нұрлы көш» бағдарламасының (2008 ж. 2 желтоқсан) негізгі мазмұны

- “Нұрлы көш” бағдарламасы 2008 жылдың 2 желтоқсаны күні үкімет қаулысымен бекітіліп,үш жылдық бюджеттің есебіне енгізілді. Оның мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды, отандастарымызды қабылдау, орналастыру, депрессивті аудандарда тұратын Қазақстан азаматтарын ерікті негізде көшіру, облыс аумағында рационалды орналастыру. Бағдарламадағы мәліметтер бойынша, өткен жылдары Қазақстанға 53,4 мың адам келген,бұл 2006 жылғы денгейден 20,0 % төмен.

Бағдарламаның мазмұны өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамытумен және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандырумен және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесумен тікелей байланысты болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылардың бәріне тұрғын үймен қамтамасыз етудің тең шарттары көзделеді.Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін, өкілетті органның аймақтық органына жүгіну қажет. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көш¬¬тің тиегін қайта ағытса игі.Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзе¬ге асыру 2010 жылдан басталмақшы.Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлі¬нетін жер телімі тапшы.


  1. Қазақстан Республикасының «Нұрлы Көш» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттері

Нұрлы көш” бағдарламасы 2008 жылдың 2 желтоқсаны күні үкімет қаулысымен бекітіліп,үш жылдық бюджеттің есебіне енгізілді. Оның мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды, отандастарымызды қабылдау, орналастыру, депрессивті аудандарда тұратын Қазақстан азаматтарын ерікті негізде көшіру, облыс аумағында рационалды орналастыру. Бағдарламадағы мәліметтер бойынша, өткен жылдары Қазақстанға 53,4 мың адам келген,бұл 2006 жылғы денгейден 20,0 % төмен.

Бағдарламаның мазмұны өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамытумен және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандырумен және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесумен тікелей байланысты болып табылады.
- Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.

Ғаламат жобаның мақсаты – елімізге оралмандарды көптеп шақыру және оларға қолайлы жағдай туғызу.

Міндеттері

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

- Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктеріне сәйкес қоныстандыруды ынталандыру;
- Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу және іске асыру;
- Тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- Көші-қон процестерін реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.


  1. ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы

- 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болды. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасты. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатысты. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналды. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін берді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін берді.

Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызды. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толды. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтті. EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалады, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылды.

- ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік берді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналды. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін берді.

Көрменің бұлай аталуына тағы бір себеп:

Жобаның мәлімделген тақырыбының батылдылығына да лайықты бағасын беру керек. Дүние жүзіне болашақтың энергиясын іздеу туралы жария ету, барлық дүниежүзілік қауымдастықты адамзаттың болашағының өзекті мәселелері туралы ойлауға шақыру керек болды.

ЭКСПО-2017 көрмесін аралау энергияны үнемдеу саласындағы ең үздік әлемдік зерттемелерді, күннің, судың және желдің энергиясын пайдаланудың жаңа технологияларын көруге мүмкіндік берді.


  1. «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақтың энергиясы» деп аталу себебін  ашыңыз

- ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік берді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналды. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін берді.

Көрменің бұлай аталуына тағы бір себеп:

Жобаның мәлімделген тақырыбының батылдылығына да лайықты бағасын беру керек. Дүние жүзіне болашақтың энергиясын іздеу туралы жария ету, барлық дүниежүзілік қауымдастықты адамзаттың болашағының өзекті мәселелері туралы ойлауға шақыру керек болды.

ЭКСПО-2017 көрмесін аралау энергияны үнемдеу саласындағы ең үздік әлемдік зерттемелерді, күннің, судың және желдің энергиясын пайдаланудың жаңа технологияларын көруге мүмкіндік берді.



- 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болды. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасты. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатысты. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналды. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін берді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін берді.

  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2014ж. 11 қараша

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат.

Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда.

Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан.

Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған:

1) Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.

2) Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту.

3) Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.

4) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.

5) Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.

6) Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.

7) Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.

Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.

- Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды.

- Ел арқылы транзит көлемі артады.

- Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады.

- Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады,

- Жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты.

Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.



  1. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері

- Қазіргі білім жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін уғынуды,сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім мазмұнын,оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.

Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға жоғары оқу орындарында білім берудің Отандық және әлемдік тәрбиелерінде қалыптасып,өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын жобасын жүзеге асыруды қолданылатын жаңа педагогикалық технология арқылы жету көзделеді. Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның «өлшем»,«шама», «мөлшер» деген сөзі.

Сонымен қатар модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын,бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі,дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарымқатынас негізінде құруға болады. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт–бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс–шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.[1]



  1. «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы

- «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мақсаты – жаңа тұрпатты қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

Және ол жобаның мемлекетті стратегиялық тұрғыдан дамыту бағыты үш құрамдас бөліктен тұрады:

- білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру;

- қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық инновациялық технологиялар паркін қалыптастыру;

- жастарға рухани тәлім-тәрбие беру.

Ұлттық жобаның негізгі идеясы - жаңа тұрпатты азаматты тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адами капиталы қалыптасқан мемлекет деңгейіне жеткізумен байланысты.

Міндеті - Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын құру, әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның енуі үшін негізгі бағдар болып саналады. Бұл өте маңызды және тереңірек ұғынуды қажет етеді.

«Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында Елбасының бүкіл халықтың алдына қойған негізгі идеясы - экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру арқылы қоғамды дамытуды көздейді. Бүгінгі қоғамның алдында рухы күшті тұлға, халық, қуатты мемлекетті қалыптастыру мәселесі тұр. Осы тұрғыда тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесінің, бәсекеге қабілетті интеллектуалды тұлға қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше.

«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мазмұны:

- интеллектуалды тұлға мен интелектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруға негізделген индикаторларды және сол индикаторларға сәйкес құндылықтарды тұлға бойында қалыптастыру;

- ақпараттық және инновациялық технологияларды тіл арқылы ұлттық рухани құндылықтардың мәні мен маңызын ашу;

- қазақ тілін мемлекеттік тіл, ұлттық тіл, ана тілі ретінде қолдануды; орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде пайдалану;

- ағылшын тілін экономикаға кірігу тілі ретінде қолдану;

- мемлекетаралық, экономикалық және мәдени байланыстарда үш тілді игерудің тиімді тәсілдерін меңгеруі;

- электрондық білім беру ресурстарын жобалай білу іскерлігін меңгеруі, т.б;


  1. ҚР «Индустриалды-инновациялық даму» стратегиясының негізгі міндеттері

«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты.

Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.

- Міндеттері:

1. Ең алдымен, бұл – экономиканың диверсификациясы, оны шикізаттық бағыттылығынан өзгерту: «Елде өнеркәсіптік және өндірістік нысандарды ұлғайту қажет. Қазақстан шикізат өндіруші ел болып қала бермеуі керек. Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін есепке ала отырып, ғылыми-техникалық бағытты дамытып, шағын және ірі техникаларды өндіруді бастау қажет.

2. Келесі міндет, ол инновациялық даму шеңберінде шешуді талап ететін – әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан тиімді өту. Әлемдік дағдарыс айқын түрде көрсеткеніндей, мемлекеттің барлық экономикалық құрылғыларының әлсіз жақтарына әсер етеді. Бұл тек қана өңдеуші салалардың дамымағандығы мен экономиканың шикізаттық бағыттылығы емес, сонымен бірге экономиканың бөлек секторларының әлсіздігінен.

3. Үшіншіден, маңызды мәселелердің бірі, инновациялық дамумен байланысты – бұл адам капиталының сапасын көтеру. Жаңа индустриалды-инновациялық саясат шеңберінде жоғары кәсіби білікті мамандар класын қалыптастыру жоспарлануда, ол өз кезегінде елде заманауи өнеркәсіп орындарын ашуға, жоғары қосымша құны бар өнім өндіруге және өндірістен қол үзбей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер ашылады. Ол үшін елімізде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ұлғайтылуда, студенттерді шетелде тәжрибеден өткізу жүйесі белсенді түрде жүргізілуде, орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау мәселесі қарастырылуда.



  1. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі

Елбасы Н. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» идеясының шеңберінде өмірге келген «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасының Қазақстанның бүгіні мен келешектегі дамуына қосатын өзіндік әлеуметтік және экономикалық маңызы бар. Жобаның әлеуметтік маңызы - оңтүстік пен батыс өңірі жастарын индустриялды-инновациялық бағдарламаның ірі жобалары жүзеге асырылып жатқан солтүстік және шығыс аймақтарда орналасқан жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасап, демографиялық өсімі жоғары әрі жұмыс ресурстары қалыптан тыс артық қалыптасқан күнгейдегі, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге жәрдем беру, сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға мемлекеттік грант есебінен білім алу мүмкіндігін тудыру және оңтүстік пен солтүстік арасындағы тілдік, рухани таным шеңберіндегі сан алуандылықты ұлттық бірізділікке бағыттау. Ал экономикалық маңызының басты арнасына мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерді жұмыс күшімен, ұлттық кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Серпіндіктер иеленген мемлекеттік гранттар инженерлік, ақпараттық технологиялар және ауылшаруашылығы мен оны өңдеу және ветеринария бағытындағы 14 мамандыққа бөлінген. «Серпін-2050» жобасы жүзеге асырылып жатқан мамандықтардың оқу мазмұны индустриялды-иновациялық бағдарлама негізінде жүзеге асырылып жатқан кәсіпорындардың өндірістік жұмыс бағытына үйлестіріліп, оқу орны жергілікті жердегі өндірістік кәсіпорындармен дуальды оқыту жүйесінің тиімді үрдісін қалыптастырған. Бұл орайда, университет «Сарыарқаавтопром», «Агромаш Холдинг», «Агротехмаш», «Иволга холдинг», «Қарасу ет», «Жас қанат», «ДЕП», «Баян сұлу», «Новый день» сынды машина жасау және ауылшаруашылығын өңдеу өндірістерінің ірі кәсіпорындарында кафедра филиалдарын ашып, олармен тізе қоса отырып нарықтық бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды бірлесе жүзеге асырып келеді.



  1. «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жобасының (2014 ж.) мақсаты мен міндеттері

Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бүгінгі күні бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Әлеуметтік нысандар,үй,мектеп, балабақша, жетпейді. Қанша адам оқу бітірсе де жұмыссыз жүр. Мектеп бітіргендер коллдеждерге оқуға түсе алмайды – себебі үміткерлер көп болғасын, орын жетіспейді. Еңбек күші артып тұрғасын – кадрлық сұраныс аз болады. Бұл- нарық экономикасының заңдылығы. Оқуды бұрын бітіргендер жұмыссыз жүргесін – грант та аз бөлінеді. Керісінше еліміздің кейбір өңірлерінде қадр тапшылығы өте өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда бұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Басты себебі – бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.

Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселе.



  1. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының (2014 ж.) экономикалық маңызы

Негізі бұл жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі - экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялы инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айырықша байқалады. «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші маңызы -әлеуметтік проблемаларды шешу. Бағдарлама мақсаты – студенттерге білім берумен қатар, осы жерге тұрақтандыру, жұмысқа орналастыру.

  1. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңы. 2007 ж. 30 сәуір

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңның 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару тiлi. Сонымен бiрге, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген. Аталған Заңның 1-шi бабында диаспора деген терминге «өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық)» деген түсiнiктеме берiлген, яғни шет елдерде тұрып жатқан бiздiң қандас бауырларымыз. Қазақ халқы өзiнiң тарихи отанында тұрып ақ, ешқандай қуғын-сүргiнсiз ана тiлi мәселесiне келгенде диаспораға айналды.

Тiл туралы Заң қабылданғаннан берi, оны жүзеге асыру үшiн Қазақстан Үкiметi бiрқатар қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты. Қаншама жетiлген заңдар, бағдарламалар қабылданғанмен, оны iске асыратын адамдар.



1. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептерін ашып, ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатына талдау жасау Тіл ұлттық негізгі белгісі ретінде халықтық болмыс-бітімнің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениітінің бір бөлігі болып табылады. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылу себептері туралы сөз еткенде, тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Тіл саясаты өрескел бұрмаланып, оның орнына Сталиннің ұлттарды ұлттық рухани қазынасынан айыруды көздейтін «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орнықты. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті халықтың және Кеңес Одағында, соның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасында тұратын ұлттық топтардың мүдделері ескерілмей жүргізілді.

Тіпті, қазіргі қазақ қоғамындағы көп талқыланып, шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – мемлекеттік тіл қолданысының жай-күйі. Ел тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы Тіл туралы арнайы заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi  – қазақ тiлi» – деп, оның мәртебесі арнайы заңда тұңғыш рет көрсетілді. Еліміздің Ата заңы Республика Конституциясының 7-бабында да «1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл  – қазақ тілі»  екендігі тайға таңба басқандай айқын жазылды. Қазақ тілі заңдық мәртебеге ие болды. Осылайша, Тәуелсіздікпен бірге қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталды

  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы. 2012 ж. 16 шілде

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарапшылары сан мәрте айтты. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды. Шынын айтқанда, қоғамда әлі өз орнын таба алмай еңбек етуге құлқы болмай жүргендер бар. Сондықтан да біздің басқарма жыл сайын бағдарламаны тұрғындар арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бағытында нақты шараларды жүзеге асыруда. Жұмыспен қамту бағыттары бойынша 3000 буклет, 2500 плакат және 570 әдістемелік нұсқаулар дайындап, барлық ауылдық округтерге жіберілді. Баспасөз беттерінде, телеарналарда, радио хабарларында басқарма қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның мәні мен маңызын білмейтіндер де табылды. Сондықтан да басқарма қызметкерлері және осы бағытта жұмыс істейтін аудандық буындар тұрғындар арасында жиі болып, игі бағдарлама әркімнің еңбек етуіне жол ашқандығын нақты мысалдармен түсіндіруден жалыққан емес. Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында »Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға облыста 6708,9 миллион теңге бөлу қарастырылған. Осы жылдың 9 айында ол қаржының 91,3 пайызы игерілді. Бағдарламаның аясында үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін 8599 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды. Жыл соңына дейін олардың қатарын белгіленген жоспар бойынша 14 мыңға жеткізу қарастырылып отыр. Бұл бағдарламаға өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар тартылды. Сонымен бірге, табысы аз, мүгедектер де осы бағдарламаның шарапатын көруде. Осы бағдарламаға қатысушылардың 44,6 пайызы жастар болса, 48 пайызға жуығы әйелдер. Үстіміздегі жылы 5482 адамды тұрақты жұмысқа орналастырдық»-деді.

  1. ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар

Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады.

Саяси партиялардың негізгі мақсаты — қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу.

Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты.

1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.

Қоғамдық – саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік, экокномикалық, саяси және рухани тілегі бір әрдайым қозғалыстағы көптеген адамдардың бірлестік тобы.

Қоғамдық бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің негізгі принциптері мыналар: еріктілігі, мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы, ашықтылығы.

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.;

2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.б.;

3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т.с.с.;

Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.

Жеке ұйымдар мен қозғалыстар.

"Азат"азаматтық қозғалысы.Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.

"Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамы- жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.

Қазіргі уақытта "Әділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері.

"Ақиқат"тарихи-ағартушылық қоғамы1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.

Республикалық қоғамдық славян қозғалысы "Лад" 1993 жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында. Қозғалыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.



  1. 1980-1990 жж. Қазақстанда көп партиялы жүйенің қалыптасуы

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық , саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшее берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты.

Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетіндамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990ж. мамырда) счоның негізінде осы аттас партия құрылды.

Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы айтарлықтай рқл атқарды. Ол азаматарға қоғасдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәіртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.

Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күроестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншңкке сатылуы және т.б. қойылды.

Егер Республика аумағында белді рқл атқарған белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламарына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:

Ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда «Әділет», «Азамат», «Жерұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» қаралды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.

Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдән толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандыұтармен тығыз байланыс ұйымдастару, ислам дінінің қайта өркендеу жолында күрес жүргізу көрсетілген.

Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық «Азат» партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыру, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.

Жалпы алғанда ұлттық- демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы, «Алаш» ұлтбостандық партиялары ұлттық және ұлттық- демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс- әрекеттеріне қамықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.

Қазақстанның социал- демократиялық партиясы.1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдердегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастқ, әділеттілік идеяларын ту ететді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экомомикалық, әлеуметтік рефрмаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.

Қазақстанның социалистік партиясы.1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партисының кезектен тыс съезі өтіп, оның мүшелері өзін- өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып,соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялықмақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында – қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада – халықтың осал жігін – аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. өздерін коммунистік партияның мейрасқорымыз деп санайды.

«Қазақстанның халық конгресі» партиясы 1991 жылы 5 қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Өзін центристік либералдық – демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп празиденттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағыттағы мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамьамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиалы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.

«Қазақстанның халық бірлігі» одағы 1993 жылғы 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары «Номенклатуралық партия», «Үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президент Н.Ә. Назарбаевтің көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариалады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрапқтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қантарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия «Отан»парттиясының құрамына кірді. 2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал- деморатиялық «Ауыл» партиясы, Республиканың саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік папртиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, «Руханият»партиясы және т.б. жатады.

Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақжол» партиясы. Оның басшылары – кезінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар, қырықтың қырқасына шыққан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси – экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарастары, тұжырымдамалары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып отырады. «Ақ жол Қазақстан», «Эпоха» сияқты басылымдары бар.

Қазіргі электораты (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар Республикалық саяси «Отан» партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н.Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақстан Республикасы Конститутциясы бойынша Президент ешқандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партиядағы мүшелігін тоқтатты. Бұл партиядағылардың басым көпшілігі – мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар.

«Отан» партиясына жақын тұрған – Қазақстаның Азаматтық партиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының қызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ олардың шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, мейлінше, соларға тиімді заңдар қабылдауға ұмтылады.

«Асар» партиясының бағдарламасына қарағанда ол «оңшылдар» («Отан», Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен «солшылдардың» ( «Ақжол», Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси – әлеуметтенген мемлекет орнақтпақ.. Республикамызда өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен құтқармақ. Жерді жекеменшікке беруді дұрыс деп санайды.

Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазқстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.

Қорытындылай келе қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдынғы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.


  1. ХХ ғ. 80-90 жж. Қазақстандағы бейресми бірлестіктер мен қозғалыстар: қалыптасуы мен дамуы

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлейменов.

Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары.

Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б.

Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с. «Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.

«Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.

«Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста.

«Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.

Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек. «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.

Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелеки үстел,Мәскеуде арал күні,Арал аймағында экоклогиялық апат туралы телемарафон өткізіледі.1996 жылы халықаралық «Арал-азия-Қазақстан» қоғамдық комитетінің мәртебесі бекітілді.Аралды сақтау туралы, Арал аймағындағы экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы шараларды іске асыруда көптеген шаралар іске асырылуда.Осы мақсатпен «Халықаралық Арал сыйлығы» құрылып, ол Арал аймағындағы мәселелерді шешуге үлес қосқан ғалымдарға, қоғамдық, қайраткерлерге беріледі. Комитет жанынан Арал және Қазақстан экологиясы туралы қоғамдық академия құрылды. Жоғарыда қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстарға біршама сипаттама бердік.Олардан щығатын қорытынды – қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тәуелсіз республикамыздың күрделі мәселелерін шешуге зор үлес қосуда.


  1. Тәуелсіз Қазақстанда көп партиялы жүйенің қалыптасуы

Қазіргі кезде қазақстандық партиялардың тек аты ғана көппартиялы, өйткені қалыпты дамыған демократиялық қоғамдағы партиялардың атқаруғатиіс міндеттерін олар әлі атқара алмай келеді. Қазақстандағы көппартиялық қазірдің өзінде саяси ақиқатқа айналды және өздерінің қалыптасу жолындағы ең қиын баспалдақтардан көтеріліп үлгерді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.

Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.

Партиялық жүйенің қалыптасуының және дамуының жаңа кезеңі біріншіден, 2002 жылы саяси партиялар туралы заңның қабылдануымен, екіншіден, 2004 жылғы парламенттік сайлауға партиялардың қатысуымен байланысты болды.

Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі саяси күштердің тарихына жасалған қысқаша шолу көрсеткендей, Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы жалғасуда және толыққанды тұрақты партиялық жүйе туралы, саяси күштердің айқын түрде анықталуы туралы айтуға әлі де болса ертерек. Республиканың саяси партиялары алдында дәстүрлі міндеттермен қатар, партия дамуының ортақ тенденцияларын және өтпелі қоғамды Қазақстанның ерекшеліктерін анықтайтын жаңа міндеттер де тұр.

Келешекте партиялық жүйенің одан ары нығаюы және Парламенттегі партиялық өкілдікті кеңейту Қазақстандағы саяси процестерді демократияландыруды жеделдетеді.



  1. Қазақстанның Еуропалық одақ (ЕО) елдерімен қарым-қатынастарын ашып көрсетіңіз.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап әріптес болып табылады және ұдайы кеңейіп тұратын бірлескен диалог жүргізуде. Ынтымақтастықтың бірінші жылдары бұл диалог сауда мен инвестициялар мәселелеріне бағдарланды, ал 2002 жылдан бастап энергетика, көлік, сондай-ақ сот әділдігі мен құқықтық тәртіп сияқты басқа да маңызды салаларды қамти бастады.

1995 жылы қол қойылған және 1999 жылы күшіне енген Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) ЕО мен Қазақстанның әріптестігі негізделетін басты құжат болып табылады. 2009 жылғы мамырдан бастап Брюссель мен Нұр-Сұлтанда жаңа жетілдірілген келісімді талқылау басталды.

ЕО мен Қазақстан арасындағы жаңа кеңейтілген Әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша келіссөздер 2011 жылы 27 маусымда Брюссельде басталды.

2011 жылдан бері Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы кеңейтілген ӘЫК жобасы бойынша келіссөздердің сегіз отырысы болып өтті.

2014 ж. 9 қазанда Брюссельде Еуропалық комиссия Президенті Ж.М. Баррозу және Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша келіссөздердің аяқталуы жөніндегі Хаттамаға қол қою рәсімі өтіп, 2015 ж. 20 қаңтар күні Брюссельде ЕО пен Қазақстан арасындағы аталған келісімді дәйектеу рәсімі тамамдалды.

2015 ж. 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Кеңейтілген ӘЫК ЕО мен оған кіретін мүше-мемлекеттердің Қазақстанмен қатынастарын одан әрі дамыту және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды кезең болып табылады.

Cауда-экономикалық байланыстар

Еуропалық одақ (ЕО) пен Қазақстан Республикасының арасында тығыз сауда-экономикалық әріптестік қалыптасты. ЕО Қазақстанның бірінші сауда әріптесі (2015 ж. ел саудасының жалпы көлемінің үштен бірі) және оның ірі инвесторы болып табылады.

Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК)

ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды реттейді.

o Еуропалық одақ Қазақстанда аса ірі инвестор болып табылады.

o 2000-2014 жж. ЕО жалпы инвестициялары шамамен 106 миллиард АҚШ долларын құрады.

o Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша 2014 жылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы түсімі 23.9 миллиард АҚШ долларын құрады. ЕО үлесіне 45% (10.7 миллиард АҚШ доллары) келді.

o 2014 ж. ЕО ТШИ көлемі 41.5 миллиард евро құрады.

Энергетика саласындағы қарым-қатынастар

Қазақстанның экономикасы негізінен мұнай секторынан, сондай-ақ көмір мен уранды және басқа маңызды шикізат материалдарды шығарудан тұрады.Соңғы екі он жылдық ішінде Қазақстан мен ЕО арасында энергетика саласында орнықты және өзара тиімді қарым-қатынастар орнады. Ірі еуропалық энергетикалық компаниялар Қазақстанның мұнайгаз саласына айтарлықтай қаражат салды. Қазіргі уақытта экспортталатын қазақстандық мұнайдың жалпы көлемінің шамамен 70% Еуроодақ елдеріне келеді, бұл ЕО мұнай импортының жалпы көлемінің шамамен 6% сәйкес. Екінші жақтан, Қазақстандық Ұлттық мұнайгаз компаниясы «ҚазМұнайГаз» мұнайды өңдеу үшін, Оңтүстік Шығыс Еуропа және Шығыс әріптестік елдерінде мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы үшін ЕО аумағындағы елеулі активтерді бақылайды. Өндірістің және Еуропа елдеріне экспорт көлемінің көбеюі арқасында, Қазақстан осылайша Еуроодақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, ЕО үшін энергия көздерінің әртараптануына үлес қосады.

Тиісті келісімдерді іске асырумен байланысты мәселелерді талқылау үшін ЕО мен Қазақстанның лауазымды адамдарының қатысуымен кезеңдік кеңестер ұйымдастырылады.

ЕО қаржыландыратын энергетикалық бағдарламаларға және бастамаларға Қазақстанның қатысуы

o Қазақстанның аумағында Халықаралық атом энергиясы агенттігіне тиесілі және оның бақылауында болатын, бұл ретте Банкті басқаруды ҚР заңнамасына, МАГАТЭ қауіпсіздігі жөніндегі стандарттары мен нұсқаулығына сәйкес Қазақстан Үкіметі жүзеге асыратын төмен байытылған уран банкін (ТБУБ)(link is external) құруға ЕО жоғары деңгейде саяси қолдау және айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетеді. Банк ядролық энергияны, ТБУ кепілді қорын коммерциялық нарықта немесе өзге тәсілмен оны алу мүмкін болмаған жағдайда, бейбіт пайдалану бағдарламасын іске асыратын елдерді қамтамасыз етуге арналған.

o Энергетикалық хартияға(link is external) Шарт шеңберінде ЕО мен Қазақстан әріптес болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан бәсекеге қабілетті энергетикалық нарықтарды құру, жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту және оны тиімді пайдалану жөніндегі INOGATE(link is external) техникалық көмек бағдарламасының бенефициары болып табылады.

Даму мақсатындағы ынтымақтастық

Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан бірқатар құқықтық құралдар негізінде ЕО тарапынан қаржылық және техникалық көмек ала алады. 2014 жылдан бастап 2020 жыл бойы кезеңде мұндай құралдарға Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралы (DCI), Демократияға және адам құқықтарына көмектесу еуропалық құралы (EIDHR), Тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесу құралы (IcSP), Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық құралы, Әріптестік, сондай-ақ білім сапасын көтеруге көмектесу және "ERASMUS +" (бұрын қолданылған ERASMUS пен TEMPUS бағдарламаларын біріктіру нәтижесі) бағдарламасы шеңберінде студенттермен алмасу құралы жатады.

DCI Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың аса маңызды құралы болып табылады. Осы құрал шеңберінде Қазақстанға орта деңгейлі ел мәртебесіне жеткенге дейін екі жақты көмек көрсетілді. Осыған байланысты 2014 жылдан бастап Қазақстанда DCI шеңберінде жаңа екі жақты әрекет жүзеге асырылған жоқ, бірақ елдің DCI шеңберінде 2014-2020 жылдарға арналған Орталық Азия мемлекеттері үшін өңірлік бағдарламаға толық қатысу құқығына әлі де ие, бұл бағдарлама 245 млн. еуро мөлшеріндегі ұйғарымды ортақ бюджетімен Орталық Азияның бес елінде өңірлік іс-шараларды көздейді.

Гуманитарлық көмек

Қазақстан Орталық Азияның басқа елдеріне ұқсас болғандықтан, бұл жерде де әртүрлі табиғи апаттар соның ішінде жер сілкіністері мен су тасқындары болып тұрады. Қазақстанға төтенше маусымдық өзгерістер тән болғандықтан суық және ұзақ қыс пен ыстық жазы тіршілікке, ауыл және мал шаруашылығына теріс ықпал етеді. Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты орташа температураның артуы климаттық апаттардың әсерін тереңдетті.

Шығыс Қазақстан, сонымен қатар Алматы қаласы таулы жерлер болғандықтан, жер сілкінісі, қар көшкіні және су тасқыны сияқты апаттар көрсеткіші жоғары, қауіп-қатерлі аумақтар болып саналады. 2010-2015 жылдар аралығында Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде 4 қиратушы су тасқынынан 50-ден астам адам қаза тапты және 70000 сол аймақтың тұрғындары зардап шекті.


  1. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) көтерген бастамаларының маңызы

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан халықаралық форумы – 1992 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық саясаты жөнін-де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуың ұсынып, Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасаған.Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық келісімдерге жолын ұстаушылықты өте жоғары бағалыды.Біздің еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нығайтуға үлкен көніл бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату қызметіне белсенді қатысады. Біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы – Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы, адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады.Біріккен Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит төңірегінде резолюцияны қабылдауға бастама жасаған. Бұл резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту бағдарламаларың ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін бекітеді. 1997 жылдың 16 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Семей полигоны жөңінде қабылданған резолюцияға сәйкес Қазақстан өкіметі мекемеаралық комиссияны құрған.Осындағы ең маңызды мақсат – Семей полигонындағы өткізілген ядролық сынақтардың нәтижелерін жою. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары ұлттық және халықаралық күштердің қолданылудың бес приоритетті секторларын анықтаған:

1. денсаулық сақтау

2. экология мен қоршаған орта

3. экономиканы қалпына келтіру

4. гуманитарлық көмек

5. ақпараттың таратылуы

Бұл приоритетті секторлардағы жұмыстардың асырылуы 50 млн. доллар төңірегінде қаржы – қаражатты талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрылымдары осындай жұмыстарды қаржыландыра алмағандықтан, олардың атқарылуы тікелей халықаралық ұйымдардың көмегімен байланысты. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірнеше резолюциялар қабылдаған. Қазақстан аталған форумдарда алғашқы күйдегі құжат жобаларына ұсыныстарды ғана жасамай, сонымен қатар оларды ұлттық деңгейде асыруға белсенді ат салысты.

Жанұяның, әйелдердің, балалардың әлеуметтік қорғанылуы – мемлекеттік саясатының ең приоритетті бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысқан халықаралық әмбебап келісімдерінің бірі – Бала құқықтары туралы Конвенция. 1994 жылы аталған Конвенцияның Қазақстан Республикасының Парламентімен жариялануы Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің приоритеттерінің бірі халықаралық құқық нормалары мен принциптерін бекіту, олардың ілгерішілді дамытуы мен кодификациясы болып табылады.

Осы жылдары ішінде еліміз қарусыздандыру, сауда мен транспорт, экология, терроризммен күресу, гуманитарлы дипломатиялық құқық жөніндегі келісімдердің қатысушысы болып қалды. Осы жылдары еліміз қатысқан құжаттарының көбісіне депозитарий ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы шыққан.



Соңғы жылдары Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы ғарыштық кеністікті игеру саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап кетуге тура келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 49 сессиясында Қазақстан Ғарыш Кеңістігін Бейбіт Мақсатта Пайдалану жөніндегі Комитетіне (КОПУОС) сайланған. Бұл Қазақстанның ғарыштық саласын игеру үлесінің әлемдік қауымдасты- ғымен мойындалуың көрсетеді. Осымен қатар, біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да арнайы комитеттеріне, ұйымдарына, қорлары мен комиссияларына, агенттіктер мен басқармаларға тұрақты мүше ретінде кіріп, барлық мәселелерді шешуде белсенді рөлді атқаруда.

  1. Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығының нәтижесі мен тарихи маңызы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп отыр. Халықаралық деңгейдегі осы бір беделді ұйымға жетекшілік жасау миссиясы елімізге үлкен сеніммен тапсырылды. Бұл міндетті атқарудағы Қазақстанның рөлі, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты, атқарылған ауқымды істер туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков өз ойларын ортаға салды. - Әмзебек Рысбекұлы, Сіз Парламент Мәжілісіндегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жетекшілік етесіз. Еліміздің барлық сыртқы саясатына қатысты мәселелер Сіздің комитет арқылы өтеді. Осы орайда Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде, еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі рөлі туралы ойларыңызды ортаға салсаңыз. - Қазір Қазақстан - әлем назарындағы ел. Тарих сахнасына жаңадан қадам басқан 2010 жылдың алғашқы күнін Қазақстан Республикасы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметінен бастады. Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалығына бірден бел шешіп кірісіп кетті. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндеті - ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылып отыр. Мұның өзі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздігіміздің 18 жылында еліміздің халықаралық саясат сахнасында беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы деп білемін. 2009 жылдың 22 желтоқсанында елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен Ақордада өткен кездесуінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлану - Қазақстанға деген еуропалық және әлемдік қауымдастық тарапынан зор сенімге ие болып отырғанымыздың арқасы»,- деп, бұл миссияның қазақ елі үшін аса маңыздылығы мен үлкен жауапкершілігін анық айтты. Одан әрі ЕҚЫҰ қызметін қамтамасыз ететін қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық саладағы тепе-теңдікті сақтау еліміздің алдына қойылған жаңа міндеттер екенін атап өткен болатын. Ашығын айту керек, төр¬¬ағалық қызметі үлкен беделі¬мен, мәртебесімен қоса, барлығымызға айрықша мін¬деттер жүктейді. Сондай-ақ бүкіл әлем елдерінің, оның ішінде атал¬ған ұйымға мүше мемлекет¬тер¬дің жүктеп отырған зор сенімі тағы бар. Бұл жауапты жұмыстан беде¬лімізді түсірмей, абыройы¬мызды асқақтатып шығу үшін тек Елбасы беделі мен отандық дипломатия¬ның табанды жұмысы ғана емес, сонымен бірге біз сана¬лы қоғам ре¬тін¬де, бүкіл халық бо¬лып жұмыла жұ¬мыс жасап, барын¬ша қолдау көр¬сетуге баршамыз мүдделіміз деп ойлаймын. Себебі бұл - біздің елі¬міз¬дің басқа дүниежүзі елдерімен те¬ре¬зесі теңескен күн, туған еліміз¬ Қазақстан Республикасының асқақтаған абы¬ройы! Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға және бүкіл әлемге ағылшын тілінде алғанда төрт "Т" ұранымен ай¬шық¬¬талған құндылықтарды ұсы¬нып отыр. Еліміздің төрт негізгі ұстанымы мемлекеттік және ағылшын тілінде: Сенім (Trust), Дәстүр (Tradіtіon), Ашықтық (Transpa¬ren¬cy), Төзім¬ділік (Tolerance) 1994 жылғы Будапешт саммитінде Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) деп аталатын жаңа мәртебесіне ие болды. ЕҚЫҰ бүгінде еуроатланттық және еуразиялық қауіпсіздік архитектурасының маңызды бөлігі болып табылады. - 1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні өз тәуелсіздігін алған Қазақстан өзге елдермен ынтымақтастық байланыс орната бастады. Сонымен қатар әлем елдері санасып отырған халықаралық ұйымдарға мүше болды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен байланыс орнатуы да тарихи оқиға екені анық. Енді осы туралы? - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына кезінде зор қолдау көрсеткенін айтпай кетуге болмайды. 1992 жылдардағы еліміздегі жағдайдың қандай болғаны белгілі. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін өз алдына түтін түтетіп, дербес шаңырақ құрған бұрынғы кеңестік республикалардың өз проблемалары өздеріне жеткілікті болды. Бұрынғы экономикалық байланыстар үзілді, соның ішінде Одақ тұсында шикізаттық база болып келген, индустриясы орталыққа бағынған Қазақстан бәрін де тың жерден қайтадан басынан бастауға тиіс болды. Кейбір сәуегейлер Қазақстанның өз алдына өмір сүруіне күмәнмен қарады. Осындай жағдайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында нарықтық экономиканың негіздері қаланып, «әуелі экономика, содан кейін - саясат» ұстанымымен көшімізді түзей бастадық, мемлекеттіктің негізгі атрибуттары жасалды, елімізде ішкі тұрақтылықты сақтау арқылы саяси жүйе дамуының демократиялық векторы орнықты, БҰҰ-ға мүше болдық. Сол тұста әр түрлі ұлтаралық кикілжіңдерге бой алдырған кейбір жас мемлекеттердің талай қиыншылықтарға ұшырағаны баршамызға мәлім. Қазақстан сол кездің өзінде әлемдегі төртінші ядролық сынақтан бас тартып, Семейдегі ядролық сынақ аймағын жауып, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты іргелі елдердің қолдауына ие болып, өзінің бейбітшіл саясатымен, ішкі тұрақтылығымен тікелей шетелдік инвестициялар ағынын өзіне қарай бұра білді. Сондай-ақ ЕҚЫҰ ауқымында барлық мүдделі тараптардың ұстанымдарын, сондай-ақ энергетикалық держава ретіндегі Қазақстанның қомақты әлеуетін ескере отырып, энергетика қауіпсіздігі проблемасы бойынша диалогты жалғастыру қажет екендігіне назар аударады. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету алдыңғы қатарлы меммлекеттердің бірі ретінде Қазақстанның беделі арта түсуіне жол ашатын, іскерлік және қоғамдық топтар арқылы халықаралық қаржы және экономикалық құрылымдардың өңірдегі тұрақтылық негізі болып табылатын біздің мемлекетімізге деген сенімін арттыратын маңызды саяси оқиға болмақ. Бұл міндеттерді жүзеге асыру басқа да көптарапты ұйымдар аясында, екі жақты қатынастар форматында біздің позициямызды нығайтатын болады, отандық дипломатиялық қызмет пен мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін көтереді. Халықаралық беделді ұйымға төрағалық ету еліміз ішіндегі қоғамдық-саяси ахуалды да нығайта түсетін болады. Халқымыздың арасында қоғамдық-құқықтық реформаларға белсене араласу және өмір сүру стандарттарын көтеруге деген алға ұмтылушылық бар. Мәдениет, білім, медицина және басқа кәсіби салалардың деңгейін арттыру арқылы Еуропада орнығып үлгерген алдыңғы қатарлы стандарттарға жақындауымызға, ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарта түсуімізге мол мүмкіндіктер де ашылмақ. Осы жайттарды айта келе, мен Қазақстандағы табысты экономикалық және саяси реформаларды қолдау Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс жүргізуіміздің оң қадамы деп бағалаймын.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында ұстанған көп бағыттылық саясаты

Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.

Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау.


  1. ҚР-ның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекетбасшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық

Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.

Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық

Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.

Мұсылман елдерімен ынтымақтастық

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық

Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.

ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері

Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.


  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі стратегиялық міндеттері

1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының – өз аумағында толық билікті игерген, сыртқы саясатын өз бетінше анықтайтын демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Осы күннен бастап, жаңа мазмұнға толы Қазақстан Республикасының халықаралық құқықсубъектілігі санақ алып келеді деуге болады. Қазақстанның сыртқы саясатының Бірінші Тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» еңбегінде анықтады. Қалыптасқан жағдайда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды принциптерін анықтады:

1) сыртқы саясаттың ішкі саясатпен тығыз өзара байланысы;

2) мемлекеттер егемендігін және тәуелсіздігін өзара құрметтеу;

3) мемлекеттердің тең құқықтығы;

4) мемлекеттік мүдделерді қорғау кезінде принциптілігі мен икемділігі, позициялық маневрлеуге қабілеттігі, «сіресіп қалған» стереоптерден бас тарту;

5) сыртқы саясаттың балансталғандығы және көп бағыттылығы, одақтастар мен серіктестерді таңдау кезінде прагматикалық;

6) бөлінбестік, қауіпсіздік, яғни оның түрлі деңгейлерінің тығыз өзара байланысы (саяси, экономикалық, әскери, экономикалық және т.б.);

7) бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларын шешуде жаһандық аймақтық, субаймақтық және ұлттық тәсілдер арасында балансқа қол жеткізу;

8) Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде халықаралық құқық принциптері негізінде сыртқы саясат жүргізеді;

9) Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы ретінде өзінің сыртқы саясат қызметінде Хелсин қорытынды актісі декларацияларының принциптеріне сүйенеді

Белгілі болғандай, сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – бұл елдің мызғымастығы, тәуелсіздігі, аумақтық бүтіндігі және шекарасына қол сұғылмайтындығы туралы түбегейлі ережелер нұсқаулығы. Қазақстанның сыртқы саясатының түбегейлігі бейбітшілік сүйгіштігімен және серіктестігімен шектеледі. 1994 жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ Будапешт мәжілісі кезінде депозитарийлер тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы Меморандумға, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания ядролық қаруды тарату туралы Шарттарға қол қойылды, онда Қазақстанның аумақтық бүтіндігі мен саяси тәуелсіздігіна қарсы күш қолданбау туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттемелер болды. Кейін өз кепілдіктерін ҚХР мен Франция жіберді.Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады, бұның астарында ең алдымен аумақтық бүтіндік пен егемендік жатыр. Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.

Біріншіден, біздің мемлекетіміз шындығында қандай екенін көрсету.

Екіншіден, Қазақстанның халықаралық мойындалуын ғана емес, сондай-ақ оның қауіпсіздігін, аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету.

Үшіншіден, бейбір-шаруашылық экономикалық байланыстарға қосылу. Сол кезде біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасуы басталады.

Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары жеке сыртқы саясатының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларына, әлем экономикасына және әлемдік қауымдастыққа өз бетінше кіру проблемаларына жолықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:

1) ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту;

2) саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы;

3) қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, онсыз даму болуы мүмкін емес;

4) азаматтық әлем, ұлтаралық келісім;

5) ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу .



Халықаралық аренаға шыға отырып, Қазақстан сапалы басқа ортаға бас қойды. Өзінің геосаяси ахуалының ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Еуропа, сондай-ақАзия елдерімен теңдестірілген қарым-қатынастарын даму курсын жүзеге асыра отырып, көп бағыттылық саясатын ұстана бастады. Бүгінгі күні біздің республикамыздың халықаралық байланыстар географиясы практикалық түрде барлық континенттерді қамтиды. Біздің серіктестеріміз арасында Азияның, Еуропаның, Американың жетекші елдері бар.Латын Америкасы бағытында және Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерімен бірге жылжуы байқалды. Араб және тұтастай мұсылман әлемімен байланыстар жандануда. Алайда қазіргі кезде әлемде саяси және әлеуметтік күштерді жаңадан таратып қою қалыптасты. Жаңа әлемдік тәртіп бекітіледі, құндылықтар жүйесі және саяси басымдықтар өзгереді.

  1. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ұстанған басым бағыттары

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия құрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.



  1. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанада өткен саммитінің тарихи маңызы

Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕҚЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.

Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.



  1. Шанхай бірлестігінің құрылу себебін, мақсатын және қызметін ашып беріңіз.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген. 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:

• мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынастарды нығайту;

• саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;

• ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды ұстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады.



  1. Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет