3. Олимпиада қатысушылары 3.1. Олимпиаданың 1-нші және 2-нші кезеңдеріне шығармашылықпен жұмыс
жасайтын жалпы орта білім беру ұйымдарының 50 жасқа дейінгі қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімдері қатыса алады.
3.2. Олимпиадаға жаңартылған білім беру бағдарламасын игерген мұғалімдер
қатысады.
3.3. Олимпиаданың 2-нші кезеңіне 1-нші кезеңнің жүлдегер-мұғалімдері
қатысуы тиіс.
3.4. Олимпиада қатысушылары ұйымдастыру комитеті қойған мерзімде, осы
Ережеге сай олимпиада материалдарының толық жиынтығын ұсыну керек.
Ескерту: соңғы бес жыл арасында алдыңғы олимпиадалардан орын алған педагогтар қатыса алмайды. 4. Олимпиаданың өткізу тәртібі және мерзімі 4.1. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
а)
қалалық кезең - қазан;
б)
облыстық кезең – қараша;
- Бірінші кезең – сырттай:
а) жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бір сабақтың қысқа
мерзімді толық жоспарын жасау;
ә) осы сабақтың ең негізгі кезеңдерінің 10-15 минуттық бейне түсірілім
үзіндісін әзірлеу.
- Екінші кезең (облыстық) – іштей:
1.өзін-өзін таныстыру (3 минут);
2.берілген тақырып бойынша эссе жазу;
3.әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жүйесі презентациясы (5 минутқа
дейін);
4. тестілеу.
4.3. Олимпиадаға қатысу үшін «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімі» ММ
мектепке дейінгі жалпы орта білім беретін әдістемелік кабинетіне
олимпиадаға қатысу сұранысын электронды түрде келесі үлгіде ұсыну керек: