66
Байқауға қатысушылар
Сайысқа мемлекеттік және орыс тілінде оқытылатын қала мектептерінің
бастауыш сынып және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері өз
еркімен қатыса алады (еңбек өтіліне байланысты) сайыскерлер үш аталым
бойынша қатысады :
«Үміт» аталымына
– педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан 5
жылға дейін ;
«Шеберлік шыңы» аталымына
– педагогикалық жұмыс өтілі 6 жылдан 15
жылға дейін ;
«Шоқ жұлдызы»
аталымына
– педагогикалық жұмыс өтілі 16 жылдан
жоғары.
2.
Ұйымдастырушы комитет және байқаудың әділ қазылар алқасы
Сайысты дайындау және өткізу үшін
білім бөлімінің және қала
мектептерінің өкілдерінен ұйымдастырушы комитет құрылады. Сайысқа
қатысушылардың еңбегі екі құрамынан құралған
әділ қазылар алқасымен
бағаланады (өзін-өзі таныстыру тіліне байланысты).
Сайыстың әділ қазылар алқасы жоғары оқу орындарының тәжірибелі
ұстаздарынан, мектеп басшылары
мен тәжірибелі ұстаздарынан, білім
бөлімінің өкілдерінен құрылады.
Сайыстың әділ қазылар алқасы:
-
түскен мәліметтерге сараптама жүргізеді
-
ұстаздың әрекетін, өзіндік
қасиетін, жұмысының нәтижесін бағалайды.
3.
Байқау мазмұны.
Сайыстың барлық кезеңдерінде әділ қазылар алқасы сайыскерлерді
бағалайды:
-
кәсіби шеберлігін
-
мұғалім жұмысының жүйесін
-
мұғалім әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігін
Достарыңызбен бөлісу: