Государственного педагогического


Аннотация.  В статье рассматриваются  правово-нормативные акты о языке.  Annotation



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата06.02.2017
өлшемі2,43 Mb.
#3539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Аннотация.  В статье рассматриваются  правово-нормативные акты о языке. 
Annotation. The article deals with the right rules and regulations of the language. 
 
 
 
М.Керімбеков 
 
СЫНШЫ ІЛИЯС ОМАРОВ – ҚОҒАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ 
(Сыншы І.Омаровтың туылғанына 100 жыл) 
 
ӘӚЖ 82.2.342 
   К 62 
 
«Критика»  (сын)  деген  сӛздің  ӛзі  әу  баста  гректің  критикос  (тӛреші)  деген  ұғымынан 
алынған.  Бірақ  уақыт  озған  сайын,  әдебиет  дами  түсіп,  оның  ғылыми-кӛркем  топшылауы 
күрделенген кездерде әдебиет сынының мақсаты мен міндеті де қиындай түсті, сынға деген 
талап  пен  жауапкершілік  арта  түсті»  -  [1]  деген  сыншы  М.  Қаратаевтың  соңғы  ой-пікірі 
сыншы мұратын да айқындай түседі. 
Ұлы  ақын  А.С.Пушкин  «Сын  –  ӛнер  мен  әдебиет  туындыларының  сұлулығы  мен 
сүреңсіздігін  ашатын  ғылым.  Ол  суреткер  мен  жазушылардың  ӛз  шығармаларында  жетік 
біліп  қолданатын  ережелер  негізінде  осы    заманның  тамаша  құбылыстарын  ынта  қойып 
бақылап, үлгілерін терең зерттеуге негізделген» - десе, атақты орыс сыншысы В.Г.Белинский 
ақынның  сын  туралы  ойын  жалғастырып  «Ӛнер  мен  әдебиет  сынмен  қолма-қол  жүреді  де 
бір-біріне  ықпал  жасайды.  Сынның  ісі  талдау  арқылы  қоғамдық  пікірді  бір  санаға  ұйытып, 
таланттың  немесе  дананың  мән-мағынасын  кӛрсету,  сӛйтіп  оның  шығармаларындағы  ӛз 
туған әдебиетін және ӛз қоғамының ӛмірін байытқан  айрықша қасиеттің ӛмірлік элементін 
анықтау»,  -  екендігін  айтады.  Бұл  ұлы  сыншының  даналық  ой-пікірін,  ӛмірлік  тұжырымын 
байқатады. 
Сыншы  М.Қаратаев  «Сӛз  ӛнерінің  бірімен-бірі  тәуелді,  қанаттас  қос  саласына  қатар 
қойылатын  бірегей  талап-кадрлардың  ӛмір-шындығын,  даму  заңдылығын,  қайшылығын, 
адам  характерін  жетік  білу,  дүниетанымын  бекітіп,  профессионалдық  білім  мен  идеялық-
эстетикалық  мәдениетін  шыңдау,олармен  талмай,  тынбай,  еңбектену»,  -  сыншыларға  үлкен 
міндеттер жүктейтініне кӛбірек тоқталып, «Сыншы кең мағынасында әрі ғалым-философ, әрі 
суреткер-жазушы, публицист» - екенін ашып айтады. 
Сын  мұраты  –  ақынға  да,  жазушыға  да,  ғалым  мен  сыншыға  да  ортақ  мұрат.  Сын  – 
әдебиеттің  алтын  есігін  айқара  ашып,  ақын-жазушыларға,  әдебиетші  ғалымға  шығарманың 
ӛршіл  жаңалығын  айқын  кӛрсетін,  талант  пен  дарынға  шыңға  шығатын  жол  сілтейді. 
Шығарманың  мазмұндық  жаңалығын  аша  отырып  талант  пен  дарынын  құдіретті  қасиетін 
халыққа танытады. 
Белгілі  сыншы  -  ғалым  Р.Бердібайдың  басшылығымен  шығарылған  «Уақыт  және 
қаламгердің»  1984  жылғы  оныншы  кітабы  жайлы  «Басты  ұнамды  қасиеті  –  сапалық 

 
32 
 
деңгейінің  жоғарлылығы»  -  деп  кӛрсетеді  сыншы  Б.Сарбалаев  «Сын  мұраты»  деген 
мақаласында.  Мақала  авторы  оныншы  кітапқа  енген  кейбір  мақалаларға  арнайы  тоқталып, 
мақалалардың  бірсыпыра  принциптік  ӛзгешелік  жаңалықтарына  тоқталып,  түйінді  ой 
айтады. Атап айтқанда, «Баршамызға мәлім, әдебиет пен ӛнер шығармаларының мазмұндық 
жаңалығын,  кӛркемдік  қуатын  тарихи  және  салыстырмалы  тұрғыдан  таразылағанда  ғана 
жан-жақты  анықтай  аламыз.  Мұның  ӛзі  белгілі  бір  шығарманың  қаншалықты  құндылығын 
дәл ажыратып, уақыт пен әдебиет дамуының нақтылы аясында қарастыруға және шын, әділ 
бағасын беруге мүмкіндік ашады» [2] – деген ой-пікірін де, сыншының сын мұратын жақсы 
түсініп жазушы мен сыншыға айқын жол кӛрсетіп береді. 
«Уақыт талабына дер кезінде үн қоса білу, публицистикалық парасат, таным тереңдігі, 
талдау нақтылығы, проблемалық сипат, күн тәртібіндегі міндеттер мен жеке тақырыптардың 
игерілу  жайын  шолып,  жинақтап  айта  білу,  қазақ  әдебиетіндегі  жаңалықтарға,  жаңа 
есімдерге ілтипат – мұның бәрі «Ізденіс іздері» кітабына тән ұнамды белгілер» - деп сыншы 
Б.Сарбалаев ӛз ойын тағы нақтылай түседі. 
Сыншы  Сағат  Әшімбаевтың  «Азаматтық  позиция-айқындаушы  күш»  деген 
мақаласында  «Әдебиет  дамуы  кӛркемдік  құбылыстар  ретіндегі  үлкен-үлкен  творчестволық 
жаңалықтармен  әрі  жаңашылдықпен  ӛлшенеді»  -  деген  соны  ой-пікірі  жазушыға  да, 
сыншыға да тән қасиет. Әсіресе, «Әдебиет дамуындағы шешуші факторлардың бірі, ұлттық 
кемелденген сана-сенімнің құрамдас бӛлігі – азаматтық позиция деп есептейміз» [3] – деген 
сыншы  пікіріне  еріксіз  қосыласың.  Сыншының  ойлау  қабілетінің  тереңдігіне  таң  қалып, 
талантына бас иесің. Азаматтық позицияның не екенін ақынға да, жазушыға да, сыншы мен 
ғалымға да нақты кӛрсетіп береді.  
«Азаматтық  позиция  ұғымы:  автордың  адамгершілік  биік  болмысымен,  суреткерлік 
белсенділігімен, ӛмірлік кӛзқарасымен, ойлау мәдениетінің жоғарылығымен, қайраткерлік і-
әрекетімен,  гуманистік  қарым-қатынасымен,  дүниетаным  тереңдігімен,  тедегей  терең 
парасатты  әлемімен,  интеллектуалдық  ізденісімен,  әділдік  пен  адалдыққа  құштарлығымен, 
халықтың  кӛкейкесті  мәселелерін  сӛз  етумен  ұлттық  ұлы  мүдделерге  қызмет  етумен, 
әлеуметтік  мақсат-мұрат  биіктігімен,  патриоттық  идеялар  молдығымен  шындыққа  деген 
сүйіспеншілігімен,  кӛзқарас  кемелдігімен,  концепция  шеңберінің,  кеңдігімен  тікелей 
байланысты.  
Шынын  айтқанда,  азаматтық  позиция  бірінсіз,  бірі  жоқ.  Осылардың  ӛзара  ажырамас 
бірлігінен  тұратын  және  солардың  табиғи  бірлігінен  туатын  ӛте  күрделі  ұғым»  -  деп 
азаматтық  позиция  туралы  кең  ұғымды  оңай  түсіндірген.  Тіпті  сыншы  талантының 
құдіреттілігі  сонша  азаматтық  позицияның  ғылыми  бағытын  сыншыларға  нақты  кӛрсетеді. 
«Азаматтық  позицияның  басты  бір  атрибуты  ойлау  мәдениеті  тӛмендігінің,  ой 
жұтаңдығының  салдары  деп  қараймыз.  Ал,  енді  азаматтық  позиция  ұғымының  құрамына 
кіретін  теориялық,  методологиялық,  философиялық  ойлау  мәдениетінің  жоғарлығы 
творчестволық  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізетін  «алтын  кілт»  екендігін  жалпы  әлемдік 
әдеби  процестің  прогрессивтік  даму  барысы  айқын  кӛрсетіп  отыр.  Бұған  әлем  таныған 
әлеумет мойындаған немесе ӛзіңіз табынатын белгілі ақын-жазушылардың қай-қайсысының 
да  ойлау  мәдениетіне  мән  беріп,  байыппен  қарасаңыз,  кӛзіңіз  анық  жетер  еді»  -  деп  ӛнер 
иелерінің  ойшылдығына  ерекше  мән  береді.  Талантты  сыншы  С.Әшімбаевтың  азаматтық 
позициясы туралы ой-толғамы. Ӛмірде үздік шығарма дегеніміз, шындығында шексіз әлем – 
ой әлеміндегі жаңаша ойлау шеберлігінің жаңаша үлгісін кӛрсету дер едік. Бұл бәріміз жақсы 
білетін,  бірақ  бәріміздің  бірдей  қолымыз  жете  бермейтін  жазу  шеберлігінің  ӛзі  осы  айтып 
отырған ойлау шеберлігінің баламасы екендігін еске салады. Ал, ойлау шеберлігі автордың 
ойлау мәдениеті деңгейінің жоғарылығымен байланысты ұғым» - деген сыншы талғамының 
ерекшелігі, ӛзіндік ой талғамында жатыр... 
Сыншы  С.Әшімбаевтың  ойлау  мәдениетінің  жоғарылығы,  творчестволық  жоғары 
жетістіктерге  қол  жеткізген  «алтын  кілт»  -  ойлылық.  Сыншының  ойлау  қабілетінің 
ерекшелігі «Шындыққа сүйіспеншілік» деген сын-мақалалар жинағында ерекше байқалады. 
Сыншы  жинағында  отызға  жуық  сын  мақалалар,  портреттер,  эсселер  берілген.  Әсіресе 

 
33 
 
«Кемері кең бір кемел» портреттік сын мақаласында қазақ әдебиеті сынының ӛрістеуіне мол 
үлес қосқан белгілі сыншы І.Омаров туралы ой толғайды. Сыншы еңбегінің құдіретін, оның 
ӛмірімен байланыстыра отырып, сыншының азаматтық позициясын анықтап береді. 
С.Әшімбаев  –  талантты  да,  дарынды  сыншы.  Оның  қазақ  әдебиет тарихындағы  40-60-
жылдардағы  әдебиет  сыншысы  І.Омаров  жайлы  ой  толғамдарына  зер  салып  қарасақ,  қазақ 
әдеби  сынындағы  портреттік  мақаланың  кемері  кең,  кемел    шақта  жазылатындығын 
аңғартады. 
1987 жылы жазылған ой толғамдарға бай «Кемері кең кемел» мақаласы арқылы сыншы 
С.Әшімбаевтың  азаматтық  парызының  жоғары  шыңға  кӛтерілгендігін  байқаймыз.  Мақала 
авторы І.Омаровтың сыншылдық ӛмірін алдымызға жайып салады. Сыншы туралы терең ой 
толғап,  сыншының  азаматтығы  мен  парасаттылығын  портреттік  сын  мақала  арқылы  шебер 
кӛрсете  білген.  Мақаланың  ӛн  бойында  І.Омаровтың  алғаш  ӛмірге  келген  әдеби  мұралары 
«Әдебиет  жайлы  ойлар»,  «Оқырман  кӛзімен»,  «Серпін»  еңбектері  деп  соны  жаңалықтарға 
ерекше  тоқталады.  Сыншы  еңбегіңің  құдіретін  ой  сезімдер  арқылы  қағазға  түсіре  отырып,  
сыншының  қасіретті  аз  ӛміріне  аянышты  ой  толғай  отырып,  шығарма  жаңалығына  ерекше 
тоқталған.  
Сыншының сыншы туралы ой толғауында терең мағына жатыр, І.Омаровтың жоғарыда 
аталған  кітаптары  60-70  жылдар  тӛңірегінде  сан  жағынан  да,  сапалық  тұрғыдан  да  едәуір 
биікке  кӛтерілген  қазақ  әдебиетінің  дамуына,  оның  имангершілік  сыпатының  артуына  ӛз 
дәрежесінде  рухани  творчестволық  септігін  тигізгендігі  дәлелдеуді  қажет  етпейтін 
аксиомалық шындық»[5] – деген ой толғамы С.Әшімбаевтың азаматтық парызының кеңдігін 
кӛрсетеді.  Сыншы  –  сыншы  туралы  ой  айта  отырып,  әдеби  талғамы  мен  талантының  да 
жоғары екенін байқатады. Сыншы еңбегінің құдіреті  – шығарма арқылы ұштасады. Атақты 
жазушы  М.Әуезов  туралы  «Сӛз  қадірі»  деген  сын  мақаласында  сыншы  І.Омаров  былай 
дейді:  «Ӛз  басым  ойға  азық,  жүрекке  оты  мол  нұрлы  сӛз  естісем  де,  құлаққа  дарымайтын 
жұтаң  сӛз  естісем  де  М.  Әуезовты  есіме  аламын.  Ӛйткені,  Мұхаңды  ең  алғаш    сӛзінен 
танығанмын, ал, ең алғаш Мұхаңнан танығанмын» - деген ілтипатты сӛзден-ақ І.Омаровтың 
білімді  де,  парасатты,  адамгершілігі  мол,  азаматтық  парызын  ел  алдында  ақтай  алатын 
сыншы екенін кӛрсетеді. Сыншы құдіреті – тілі мен терең ой толғамдарында жатыр. Ӛмірге 
келген әрбір шығарманың жаңалығын тез байқап, тез үн қоса білген сыншы құдіреті ерекше. 
Әсіресе  шығарма  жаңалығын  дӛп  басып  таба  білу  –  кӛрінген  сыншының  қолынан  келе 
бермейді.  Осы  жағдайды  тез  аңғарып,  сыншының  этикасы  кӛп  мән  бергендердің  бірі 
І.Омаров десек, екінші С.Әшімбаев екені даусыз.  
Сыншы-жазушы  туралы  жақсы  лебізді  шығармасына  қарап  айтса,  сыншы  туралы  
жақсы  лебіз  айту  қиынның  қиыны.  Сыншы  туралы  ой  айту  –  білімділік  пен  білгірлікті, 
тапқырлық пен шеберлікті қажет етеді. Сыншы С.Әшімбаевтың азаматтық парызының басты 
мұраты кезінде ел байқамаған, жаңалықтың  жаршысы болса да, әдеби қауымға жол сілтеп, 
бағыт-бағдар  кӛрсеткен  аз  еңбегімен-ақ  аялы  елінің  қадірлісі  атанған  сыншы  І.Омаровтың 
сыншылдығына ерекше мән береді. І.Омаровтың сыншылдығын М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов 
те  кезінде  мойындаған.  Тар  жол  тайғақ  кешуді  бастан  кешірген,  сонау  40-шы  жылдардағы 
қиын  заманда  М.Әуезовтің    талантына  бас  иіп,  тағзым  еткен,  ―Абай  жолы‖  эпопеясының 
кӛркемдік  ерекшелігін  тұңғыш  танып,  Мәскеуге  қорықпастан  ӛз  ойын  ашық  айтқан 
парасатты  сыншының  бірі  І.  Омаров  еді.  Оның  сын  мақалаларын  сүйсіне  оқып,  шабытына 
шабыт  қосып,  ӛмірінің    ақырына  дейін  сыйлап  ӛткен,  заманамыздың  кемеңгер    жазушысы 
Ғабит Мүсірепов те ерекше бағаланған.  
Сыншы –сыншы туралы тағы да былай дейді: ― Ол кісі (Ілияс Омаров) ең алдымен автор 
шығармасынан жақсылық  іздеген екен.Яғни, оның жақсы жағын жарқырата ашуды мақсұт 
етіпті.Сыншы алдындағы міндет кӛп. Алайда, соның ең бастысының бірі жазушы рухын басу 
емес,  шығармасының  рухын  ашу  болса  керек.  Басқаша  айтқанда,  суреткердің  мінін  ашуды 
ғана  міндет  етпей,  ӛнерінің  тілін  тауып,  ділін  ашуды  мақсат  еткенге  не  жетсін!  Ӛйткені 
жазушыны жазғыру оңай, жаздыру қиын екендігі бесенеден белгілі ақиқат. Ілияс Омаровтың 
сыншылдық  этикасы  міне,  осындай  ойларға  қалдырады‖  -  деген  Сағат  Әшімбаевтың 

 
34 
 
пікірінде терең мағыналы ой жатыр. Тіпті, атақты жазушылар М. Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің 
дара  жазушы,  болуына  аздап  та  болса  себепкер  болған  І.Омаровтың  дер  кезінде  жазылған 
ілтипатты сын мақалалары, жазушы талантына қозғау  салуы ғажап емес.бұл ӛмірдің заңы. ― 
Жел  тұрмаса  шӛптің  басы  қимылдамайды‖  демекші,  жазушы  талантын  дер  кезінде  байқап 
қаламының ӛткір болуына себепкер болатын сыншы болмаса, ӛмірге талантты суреткер келуі  
екіталай.  
Сыншы  жаңалығы  да  міне,  осында.  Дананы  дана,  баланы  бала  дейтін  заманда 
жазушы,ақын,  ғалымдардың  игілікті  істерін  кӛре  біліп,  халыққа  жеткізе  білу  сыншының 
азаматтық  парызы мен міндетті. Талант иесі- ӛзінің ел алдындағы азаматтық  парызын ӛтей 
алса, болашақ  ұрпақтың алдында қарыздар болмас еді. Сыншы Сағат Әшімбаевтың І.Омаров 
жайлы  айтқанынан  айтпағаны  кӛп,  жазғанынан  жазбағаны  кӛп,  терең  ойлы,  парасатты  ой 
толғамдары  зерттелмеген  тың  дүние.  Әсіресе,  І.Омаровтың  артында  бай  архиві  қалғанын 
білген сыншы, кӛзінің тірісінде азаматтық парызын ӛтеп, архив материалын тілге тиек етіп, 
сыншы еңбегіне ерекше мән берді. 
Ол,  Қазақ  ССР-нің  мемлекеттік    орталық  архивінда  (фонд  Np-2066,  опись  N1,  1982г.) 
Ілияс Омаровтың құнды мұрасының сақтаулы екенін айтады. 
―Осындағы  N1  опиське  ыждағаттылықпен  кӛз  салып  қарасаңыз  Ілекеңе  қатысты  кӛл-
кӛсір  кӛп  мәселеге  тап  болатындығыңыз,  еріксіз  қайран  қалатындығыңыз  анық.  Кӛз 
алдымызда Ілияс Омаровтың  адамгершілік бейнесі, имангершілік қасиеті, азаматтық деңгейі 
творчестволық болмысы мен интеллектуальдық масштабы зорая береді, тек зорая береді‖  –
деп Сағат Әшімбаев, І.Омаровтан қалған мол мұраға таңданады. Тіпті, сол материалдардың 
арасындағы  «І.Омаров  6-томдық  кӛңіл  күнделігі  есепті,  терең  сырларға  толы  жан 
жазбалары»  (―Записные  книжки‖)  жайындағы  құнды  деректер  де  зерттеусіз  жатыр.  Мақала 
авторы сыншының кӛңіл күнделігін жеке кітап етіп бастыруды ұсынады. Амал не бұдан он 
жыл бұрын айтылған Сағат Әшімбаевтың бұл ұсынысы назардан тыс қалды. Соңғы жылдары 
ғана  І.Омаровтың  сыншылығы  жайлы  1-2  мақала  баспасӛзге  шыққаны  болмаса,  оның  мол 
мұрасы әлі де зерттелмей жатыр. 
  Қазақ  әдебиеті  тарихында  сын  жанрының  оңаша  отау  тігіп,  қалыптасу  процесі  1917-
1937  жылдардың  аралығында  ішкі  және  сыртқы  келбетімен  айқын  кӛрінеді.  Бұл  жӛнінде 
белгілі  сыншы  Т.  Кәкішевтің  ӛмірдің  аумалы-тӛкпелі  заманында  ―  Мәселе  кӛтеру  жағынан 
болсын, не жанрға тән ішкі түр-формасы жағынан болсын сын оңаша отау тігіп, әдебиеттің 
бір  жанры  ретінде қатарға  тұрды.  Ӛйткені,  жаңа  заманның  екпінді  қарқынына  ілесіп,  оның 
тілек-талаптарын айта білді‖ деген ойында шындық жатқанан байқатамыз. 
Ғалым-сыншы,  профессор  Т.Кәкішев  «Қазақ  әдебиеті  сынының  тарихы»  (1994) 
еңбегіндегі «Қазақ сынының қалыптасуы және әдебиеттану» бӛлімінде сын жанрына ерекше 
тоқталады.  «Қазақ  әдебиет  сынының  жанры    мақала,  шолу,  пікір,  портрет,  айтыс  мақала, 
библиографиялық  ескертпе,  аннотация,  дәйектеме-сын  атаулының  бәрі  де  кӛркемдік 
тәжірибеде  кӛрініп  жатты.  Әрине,  олардың  эстетикалық  қадір-қасиетті  кейде  биік  ӛреден 
кӛрінді, кейде қажетті талап-талғамнан тӛмен жатты. Солай бола тұрса да, сын оңаша отау 
тігіп, ӛзінің жанрлық сипатын айқын танытты, ӛзінің эстетикалық мұратының ӛрелі екендігін 
аңғарып, ӛнерпаздық ӛмірдің бір мәнді саласына айналды. 
Сынды  ӛзінің  шығармашылық  арнасы  деп  таныған  сыншылар  қалың  оқушы 
жұртшылық  ақын-жазушылар  еліне  жіберген  мәртебелі  ӛкілі  бола  білді.  Олардың  ойлы, 
уытты да қомақты, эстетикалық жағынан сауатты пікірлері әдебиеттің ӛркендеуіне жәрдемін 
тигізді‖  –деп  айтқан  сыншы  Т.  Кәкішевтің  ғылыми  ой-пікірлерінде    аса  маңызды  тарихи 
шындықтың  сыры  жатыр.  Амал  не,  аумалы-тӛкпелі  қиын  заман,  ӛз  дегенін  жасады.  1917-
1937  жылдардың  аралығында  қазақ  әдебиеті  тарихында  бұрын-соңды  болып  кӛрмеген, 
атақты  жазушы  М.  Әуезов  айтқандай  «Қилы  заманды»  бастан  кешірді.  Отызыншы  жылғы 
алапат дауылдан аман қалған ойлы азаматтар, қырқыншы жылғы қырғын соғысқа тап болып, 
ойсырап  шыға  келді.  Дегенмен,  қиын  заманды  қаншама  бастан  кешірсе  де,  әдебиет  сыны  
ӛсіп-ӛрбіп, дамып жатты. 

 
35 
 
Міне, осындай қиын заманда ӛмір сүрсе де, қиындықтан тайсалмай сын жанрына батыл 
кіріскендердің бірі-Ілияс Омаров еді. Ол «Қазақ әдебиетінің идеялық және кӛркемдік сапасы 
жоғары  болсын»  деген  талаппен  1948  жылы  ҚК  (б)  П  Орталық  комитетінің  секретары 
кезінде,  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  сын  жанрына  елеулі  үлес  қосқандардың  қатарында 
болды.  Сталиндік  қиын  заманда  бар  кемшілікті  ашып  айту,кӛрінгеннің  қолынан  келе 
бермейтін еді.Қазақ әдебиетінің идеялық және кӛркемдік сапасындағы кеткен кемшіліктерге 
талдау жасауға ― ҚК (б) П Орталық Комитетінің 1947 жылғы қаңтардың 21-інде ―Қазақ ССР 
Ғылым  Академиясының  Тіл  және  әдебиет  институтының  жұмысындағы  ӛрескел  саяси 
қателері  туралы‖қаулы  алды‖-дей  келіп,  І.  Омаров  ―  БК(б)  П  Орталық  Комитетінің  тарихи 
қаулысынан  кейінгі  екі  жылдың  ішінде  әдебиетімізде  едәуір  ӛзгерістер  болды.  Жазушылар 
мен  ақындар  осы  күннің  мәселелеріне  бет  бұрды;  ерлік  ӛміріміздің  тақырыптары  жӛнінде 
кӛркем  шығармалар  жазуға  кірісті;  ӛмірімізде  болып  жатқан  уақиғаларға  терең  үңіліп, 
олардың  мәні  мен  мазмұнына  зер  сала  бастады‖,-деген  пікірді  батыл  айтып,  кемшіліктерді 
ашып  кӛрсетті.Әсіресе,  С.  Мұқановтың  ―Сырдария‖  романы    мен  Ғ.  Мұстафиннің 
―Миллионер‖ повесіне ерекше тоқталды. Сол сияқты Ә. Әбішевтің ― Жас түлектер‖ романы 
мен  Ғ.Мұстафиннің ―Шығанақ‖, С.Мұқановтың ― Балуан Шолақ‖ повесіндегі кемшіліктерді 
де кӛрсете білді. 
Сонау  1917-1937  жылғы  дүрбелеңнен  кейін,  сын  жанрына  батыл  кірісуге  ақын-
жазушылардың ӛмірден түңілген кесепат ауруын бірден байқаған І.Омаров қазақ әдебиетінің 
кӛркемдік  сапасына  ерекше  мән  береді.Амалсыздан  саяси  идеяны  ту  етіп,  әдебиеттің 
кӛркемдік  сапасын  жақсартуға  батыл  кіріскендігін  байқайсың.  ―Біздің  жазушыларымыздың 
кӛп  шығармаларында  олқылық  бар.  Уақиғаның  мәні  шындыққа  жанаспайды,  шарықтай 
кӛтерілген  ой-сана  жоқ.  Оларды  оқығаныңда  республиканың  қайнап  жатқан  зор  ӛмірінің 
соққан тамыры сезілмейді. Бұл кемшіліктің тӛркіні-халық ӛмірін білмейтіндікте жатыр‖,- деп 
І.Омаров ӛз ойын айқын айтады. ― Жазушы ӛмірді егжей-тегжейіне дейін білмесе, ӛмірді ӛз 
үйінің терезесінен ғана бақылайтын болса, оған қандай ақындық дарын болса да, кӛмек бере 
алмайды.  Біздің  кейбір  жазушылар  мен  ақындарымыздың  жазушылық  еңбегі  еш  болып 
жүргенінің  негізгі    себебі-ӛмірді  селқос  бақылағандығында  деп  білу  керек‖-деген  І. 
Омаровтың  әдеби  талғамы  зор  екендігін  байқатады.Ол  сыншы  ретінде  ақын-жазушыларға  
батыл  ой  айтады.  ―  Жазушының  міндеті  -  ӛмірді  үстірт  қана  тануда  емес,  оған  тереңдей 
түсуде, егжей-тегжейіне шейін зерттеуде.  
 
Атап  ӛту  керек,  Ғ.Мұстафин  ӛзінің  ұзақ  әңгімесі  ―Шығанақты‖  сынаудан  дұрыс 
қорытынды  жасады.  Жаңа  ұзақ    әңгімесі  ―Миллионерде‖ондай  қателерге  ұшырамауына 
мұның  пайдасы  тиді‖-  деп  танымал  әдебиетшідей,  еркін  кӛсіліп  сын  айтқанына  қарағанда, 
І.Омаровтың  білімді  әдебиетші  екендігін  аңғартады.  Соғыстың  қиын  заманын  бастан 
кешіріп, ӛмірдің ӛзекті мәселесіне ілесе алмай жүрген ақын-жазушыларды да батыл сынап, 
бағыт  береді.  ―  Шығармалардың  идея-кӛркемдік  дәрежесінің  тӛмен  жатқандығының  бір 
себебі-  бірқатар  жазушылардың  жалпы  мәдениетінің  тӛмендігінде.  Кейбіреулерінің  жаза 
бастағанына 10-15 жыл болды, бірақ олардың осы күнге дейін жоғары дәрежелі білімі жоқ, 
орысша  әрең  оқиды.  Ә.Әбішев,  Қ.  Әбдіқадыров  сияқты  дарынды  жазушылардың  білімінің 
тапшылығы, олардың шығармаларына әсерін тигізбей қоймайды.  
Ӛз  білімдерін  жетілдірмейтін,  азды-кӛпті  бұрынғы  білімін  талшық  қып  жүрген, 
сондықтан  ӛмірден  кейін  қалып  бара  жатқан  жазушылар  да  бар‖-  деп  І.Омаров  ақын-
жазушылардың  соғыстан  кейінгі  манаураған  бет-бейнесін  ашып    кӛрсетеді.  Ӛмірден  кӛп 
кейін  қалған    ақын-жазушыларды  батыл  сынайды.  ―  Халық  бұрын  орынды  таныған  кейбір 
жазушылар  қазір  ӛмірден  недәуір  кейін  қалып,  бұрын  жазылған  шығармаларын  қайта 
бастырып,  күнелтуді  кӛздеп  жүр.  Олар  уақыт  факторы  дегенді  елемей,  ӛмірден  кӛп  кейін 
қалып  барады.  Мысалы,  Ғ.  Мүсірепов  соңғы  кезде  жазуды  қойып  кетті,  жаңа  шығарма 
жазбай  жүр.  А.  Тоқмағанбетов  ақын  үндемейді.  Недәуір  шығарма  жазып,  аты  қазақ 
поэзиясынан  орын  алған  Т.  Жароков  ақын  да  үндемей  отыр.  Жазушылар  арасында 
жолдастық  сын мен ӛзара сын әлі нашар‖,- деп І.Омаров сол кезеңнің тамырын дәл басып, 
жүрек соғуын ұға білгендігін  байқатады. 

 
36 
 
1917-1937  жылғы  сойқанды  (зар  заманды)  бастан  кешірген  аға  буын  ақын-
жазушылардың  мүшкіл  хәлін    байқаса  да,  байқамағансып,  Сталиннің  сұр  заманында  саяси 
идеологияны ту ете отырып қалған  ақын-жазушылардың қолтығынан демеп жіберуге батыл 
кіріскен  І.Омаров,  қазақ  әдебиетінің  кӛркемдік  сапасын  жақсарту  мақсатында  ақын-
жазушыларға  бағыт  сілтеп,  басты  міндеттерін  айқындап  кӛрсетіп  береді.  ―  Ӛткен  жолды 
шолып  кӛз  жіберу  жазушылардың  шығарғыштық  жӛніндегі  табыстары  мен  ағаттықтарын 
талдап  отыру,  жазушыларға  дер  кезінде  кӛмектесу,  олардың    жазушылық  жӛнінен    ӛсе 
беруіне  бағыт  сілтеп  отыру-  біздің  әдебиетшілеріміз  бен  сыншыларымыздың  ардақты 
міндеті‖-деп  бағыт  береді.  Сын  туралы,  сыншы  туралы  ӛз  ойын  ашық  байқатады.  ―  Сын 
әзірше кейбір шығармаларға қысқа рецензия жазудан ұзамай жүр. Рас, бұлар маңызы олқы 
шығармалар  емес,  бірақ    байсалды  шығарма  дерлік  еңбек  емес.  Бізге  әдебиетшілер 
арасындағы  сыңаржақтықтан,  қырғи-қабақтықтан  аулақ,  нағыз  дұрыс  сын  керек.  Жақсы 
сыншы-әдебиеттегі арамшӛп біткеннің бәрін жұлып тастап,жақсы, кӛркем атаулының бәрін 
мәпелеп отыруға тиіс‖- деген І.Омаровтың сыни кӛзқарасына ерекше мән беруге болады. 
І.Омаров  сыншыны  шығарманың  үкімшісі  ретінде  бағалаған.  ―Сыншы  шығарманың 
үкімшісі болуға міндетті, үкімші неғұрлым салмақты болса, үкім де соғұрлым әділ болады. 
Сыншы  тек  бір  жағдайда  ғана  мейірімсіз  болуға  тиісті:  шығарманың  идеясы  теріс  болса, 
жазушы  әдебиеттегі  зиянды  бағытпен  кетсе,  міне  сонда  мейірімсіз  болуға  тиісті‖-деген  ой-
пікірінде,  сыншыға  зор  үмітпен  қарайтындығын  кӛреміз.  Сыншы-қоғамдық  ӛмірден  тыс 
қалуға болмайды, олда халықтың тілегін, арманын ойлайды. ― Сынға қойып отырған жоғары  
талабына  сай  болу  үшін  сыншы  қоғам  ӛмірінің  заңдарымен  жазудан  гӛрі  кӛбірек  таныс 
болуға  тиісті.  Ол  халақтың  тілегін  жазушыдан  гӛрі  кӛбірек  білуге  тиісті,  ӛйткені  ол 
халықтың әдебиеттегі жоқшысы болуға тиісті.Байсалды сын жазу үшін әбден ойланып, кӛп 
еңбек  сіңіру  керек,  ӛйткені,  бұл  да  жазушының  еңбегінен  оңай  соқпайтын  еңбек‖-деп, 
оқырманға кӛсемсӛзді кӛлгіртсітпей-ақ сыншы еңбегінің күрделілігін ашып береді. 
  Қазақ  әдебиетінің  кӛркемдік  сапасын  жоғары  ұстау  мақсатында  қазақ  ақын-
жазушыларынан  шеберлікті  талап  етеді.  ―Жазушы  ерекше  шебер  болуы  үшін  орыс  және 
дүниежүзі  әдебиетінің классиктерінен,  халықтан  үздіксіз  үйрене  беру  керек‖-  деп  І.Омаров 
ақын-жазушы шеберліктеріне ерекше мән беріп қарайды. Әсіресе, жазушы шеберлігін шыңға 
жеткізетін  шебер  тілдің  құдіретін  ақын-жазушыларға  айтып  түсіндіреді.  «Жазушының 
артықша  шеберлігі,  тілді  жақсы  білудің  үстіне  әрі  ұғымды,  әрі  кӛркем  шығарма  жазуына 
байланысты.  Шығарманың  ұғымдылығы  мол  білімнен,  зор  шеберліктен  туады.  Ақындық 
дарын  деген  ол  бір  керемет  емес.  Бұл  адамның  бойындағы    дұрыс  дамуды  және  білімге 
молығуды тілейтін дарын, жазушының дарыны айналадағы ӛмірмен молығады‖-деп жазушы 
шеберлігі  мен  ақындық  дарынның  қайнар  кӛзі-  ӛмірде  екендігіне  сендіреді.  ―Тек  ӛмірді 
білгенде  ғана  кӛркем  шығарманың  ӛрмегін  тоқуға  болады‖-деп  топшылайды.  Кӛркем 
шығарманың  ӛрнегін    шебер  тілмен  тоқи  білген  ақын-жазушының  шығармасын  кӛп  үміт 
күтуге болатынын аңғартады. 
―Қазір  халық  ішінде  кӛп  жаңа  сӛздер  бар,  кӛп  жаңа  салт,  дағдылар  туды,  жаңа 
қатынастар  қалыптасты,-  міне,  соның  бәрі  нағыз  халықтық    шығарма  жазатын  жазушыға 
азық болуға тиіс‖-деген қорытынды пікірінде. І.Омаров ақын-жазушыларды халықпен етене 
араласуға шақырады. 
Кӛрнкеті  қоғам  қайраткері,  белгілі  сыншы,  әдебиетші  ретінде  60-70  жылдары  ғана 
халқымызға кең танымал болған І.Омаровтың 1948 жылы ―Қазақ әдебиетінің идеялық және 
кӛркемдік  сапасы  жоғары  болсын‖  деген  кӛлемді  сын  мақаласының  саяси-идеялық 
тұрғысынан алып қарағанда, әдеби-кӛркемдік тұрғысы басымдау  екендігі байқалады. Оның 
үстіне  мақаланың  жазылу    тарихы-  сталиндік  заманның  қилы  кезеңінде  жарияланғанын 
ескерсек,  мақаланың  сол  кезеңдегі    мәні  басымдау  кӛрінеді.  Әрине,  І.Омаровтың  ҚК(б)П 
Орталық  Комитетінің  секретары  болғандықтан  мақаланың  бас  жағы  мен  соңында  саяси 
идеологияны  ту  етіп,  сталиндік  тордан  құтылудың  амалын  жасағандығы    байқалады. 
Дегенмен,  мақаланы  қадағалап  оқыған  ақын-жазушы  І.Омаровтың  әдебиетке  байланысты 
халықтық  мәні  зор  ойларына    шүбә  келтірмейді.  Сонау  1917-1937  жылғы  алапат  заманнан 

 
37 
 
аман қалған ұрпақтың бірі болып, сұрапыл соғыстан есін әрең жиған халықтың ой-арманын 
қорықпастан  батыл  жеткізе  білді.  Кеңестік  саяси-идеологияның  астарында  жатқан 
шындықтың  шытырман  ойларын  сақтықпен  іске  асыра  білген    І.Омаровтың  сыншылдық 
кӛрегендігін  де байқаймыз. 
І.Омаровтың  қазақ  әдебиетін  жан-жақты  білетіндігіне  қайран  қаласың.  Мамандығы 
экономист  болса  да,  ол  туа  біткен  талантын  әдебиетке  арнаған  тарланбоз  әдебиетшілердей 
ӛнегелі ой түйіндерін кӛрсете біледі. 
Мақаланың  бас  жағында  әдебиетші  ретінде  І.Омаровтың  түйінді    ойлары  назарыңды 
бірден  аударады.    ―Жазба  әдебиет  Қазақстанда  19  ғасырдың  орта  шенінен  бері  қарай  ғана 
қалыптаса  бастаған  еді.  Сол  жазба  әдебиеттің  негізін  салушылар  ағартушы  ақын  Абай 
Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин‖-деп Абай  мен Ыбырайға ерекше мән береді.  Соның  
ӛзінде  Абай  туралы  ӛз  пікірін  ашып  айтады.  ―Абай  орыстың  үлгі  әдебиетінің  қазынасын 
меңгере  отырып,  ӛлең  жазу  жӛнінде  басқадан  үздік  шықты.  Проза    жӛнінде  ол  онша  ұзап 
кете  алмады.  Оның  ―Ғақлиясында‖,  басқаша  айтқанда,  оның  әлеуметтану,  құлық-мінез, 
философия  мәселелері  жӛніндегі  нақыл  сӛздерінің  жинағында  прозаның  тек  кейбір 
жұрнақтары  ғана  бар,  сондықтан  да  ол  проза  қазақтың  революциядан  бұрынғы  жазба 
әдебиетіндегі  осы  секілді  шығарманың    бірден-бір  түрі  болды‖-деген  қағиданы  І.Омаров 
тайсалмастан  еркін  айта  білді.  Осы  қасиеті  үшін  атақты  жазушы  М.Әуезов  те  І.Омаровты 
жақсы кӛріп, сыншылдығынан зор үміт күтті. 
1917-1937  жылғы  зор  апаттан  аман  қалған  бір  топ  ақын-жазушылар  «Сын  десе  зәресі 
қалмайтын»  дәрежеге  жеткен  кезде  «Қазақ  әдебиетінің  идеялық  және  кӛркемдік  сапасы 
жоғары  болсын»  деген      І.Омаровтың  мақаласы  жай  оғындай    әсер    етіп,  кӛптеген  белгілі  
ақын-жазушыларды  да    сақтанып  жазуға    үйретті.  Мақаланың  саяси-идеялық    жағынан 
қорықса  да,  шығарманың  кӛркемдік    сапасын  арттырудағы  І.Омаровтың  батыл  талаптарын 
мойындамасқа амалдары да қалмады. Шындықты бетке айтып, ақыл-оймен халықтық арнаға 
түсіре білген І.Омаровтың бұл мақаласы  атақты  қазақ ақын-жазушыларын да ойландырып 
тастады.  Әсіресе,  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мұстафин,  А.Тоқмағанбетов, 
Т.Жароков, С.Мәуленов, Ә.Әбішев, Ғ.Сланов, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, М.Хәкімжанова т.б. 
ақын-жазушылардың  творчестволық  ӛсу    жолдарына    үлкен    демеу    болды.  Қазақ  
әдебиетінің    кӛркемдік    сапасына    І.Омаров  халықтық  тұрғыда    қарап,  қазақ    халқының  
ұлттық  дәстүріне,  тіліне, әдебиетіне, тарихына кӛп мән береді. Осы  жағынан  І.Омаровты 
озық  ойлы  әдебиетші, сыншы ретінде бағалауға болады. 
І.Омаровтың  «Қазақ  әдебиетінің    идеялық  және  кӛркемдік    сапасы    жоғары    болсын» 
деген    мақаласының    ғылыми    мәні    ерекше  зор.  Қазақ    әдебиеті    тарихында  есімі  белгілі 
ақын-жазушылардың    талабы    мен    талантының    ӛсуіне,  жедел  дамуына    ықпалын    тигізе  
білді. Ақын-жазушы  шығармаларының  кӛркемдік  сапасын  ұлттық  дәстүрге бай  халықтық 
тілді шебер  пайдалана білуге  үйретті.  «Әдебиет және искусство»  журналының 9-санында 
жарияланған,  І.Омаровтың  осы  мақаласы  қазақ    әдебиеті  тарихында  белгілі  ақын-
жазушылардың  шығармаларының  кӛркемдік  сапасын  жақсартуға  зор    ықпалы  тиіп, 
шығармашылықтың  биік  шыңына  кӛтерілуіне  негіз  қалады.  Ӛмірді  жан-жақты  тануға 
мүмкіндік жасады. 
1949 жылы желтоқсан  айының  басында  ӛткен  Қазақстан  жазушылары Одағының ІV 
пленумында    М.Әуезов  пен  С.Мұқановтың    жасаған    баяндамаларынан  кейін,  пленум  
жұмысының    соңында      ҚК(б)П    Орталық    комитетінің    секретары    І.Омаров  «Ӛскен 
әдебиетке  үлкен  сын  керек» деген  тақырыпта  қорытынды  баяндама  жасады. 
Пленумды  ашарда    атақты    қазақ    жазушысы    М.Әуезов    «Қазақ    кеңес    әдебиетінің  
соңғы  жылдардағы  табыстары  мен  алдағы  міндеттеріне» тоқталды. Пленум  барысында  
Қазақстан   жазушылары  Одағы  президиумының  председателі   С.Мұқанов  «Қазақ  кеңес  
әдебиетіндегі    сынның    жайы  мен  міндеттеріне»  ерекше    тоқталды.  Жарыссӛзге  42  адам  
шығып    сӛйлеген    бұл    пленумның    басы-қасында    болған    І.Омаров  ақын-жазушылардың  
әрбір  ойын,  пікірін  қадағалап,  зер  салып  отырған. 

 
38 
 
І.Омаров оқырман ретінде  сын  мен  сыншыға  байланысты  қазақ  ақын-жазушылары 
мен    сыншыларын    келелі    іске    бастап,  сын    жұмысына    ерекше    назар    аударды.  Қазақ  
әдебиеті тарихында ӛшпес  із  қалдырған        «Ӛскен  әдебиетке  үлкен  сын  керек» деген 
алғашқы сын  баяндамасы  арқылы  қазақ  кеңес  әдебиеті  елеулі  табыстарға  жетіп, ӛсіп,  
нығайып  келе  жатқанын  кӛпшілікке мәлімдеді. 
Әсірісе,  М.Әуезовтың  «Абай»  романы  мен    «Ақындар    ағасы»  деген    жаңа    романын  
қазақ  әдебиетіне  кең   жол  ашатын  жаңалық  деп бағалайды. 
С.Мұқановтың  «Ботагӛз»  романы  мен    оның    шығармашылығы    бүкіл    әдебиетімізде  
кӛрнекті орын  алатынын атап  кӛрсетті. 
І.Омаров  соғыс    жылдарынан    кейінгі    қазақ    прозасына    ерекше    назар  аударды. 
Ғ.Мұстафиннің  «  Миллионер»  повесі  мен    Ғ.Мүсіреповтың    «Қазақ    солдаты»  повесін  
орынды  мақтан  етеді.  «Қазіргі    тақырыпқа    жазылған    бұл    шығармалар    тек  
тақырыптарының  жаңалығынан ғана  бағалы  болып  отырған жоқ, кӛбінесе  авторларының  
кӛркем    сӛзге    шеберлігінен,  прозалық  шығармалардың    қорын  молайта    түсуімен    бағалы 
болып отыр», - деп атап кӛрсетеді. Әсіресе, шығармашылық  нысанасын  дӛп  басқан  ақын-
жазушылар  есімін  зор ілтипатпен  атайды. 
І.Омаров қазақ  прозасындағы  елеулі еңбектерге  тоқтала келіп, кӛрнекті авторлар мен  
олардың  шығармаларының  кемшіліктерін де кӛрсетеді. «Әдебиетіміздің жақсы жағын баса 
айту, жайбарақаттыққа салындырмасын  дегендік» деп кӛрсетеді. 
І.Омаров  соңғы  жылдардағы    қазақ  прозасына  елеулі  талдау  жасай  отырып,  қазақ 
поэзиясына  да  құнды  пікірлер  айтады.  Поэзияның  алтын    босағасынан    емін-еркін  аттап, 
соны  пікірлер айтуымен қуантады. 
«Ӛмірге    қабысқан,  идеялық  арқауы  бар  поэзияны  біз  тек  Махамбеттен    ғана 
кездестіреміз,  бірақ  оның  түр,  ұйқасым,  жағының    кемшіліктері    ӛте  кӛп.  Олай  болса, 
қазақтың реалистік поэзиясының атасы, сӛз жоқ, Абай ғана. Абай поэзияда сегіз қырлы ақын. 
Түр жӛнінде поэзияны идеяға байыту жӛнінде де біздің ақындарымыз  Абайдан үйренулері 
керек.  Абай  жаңаның  –  жаңа  түрдің,  жаңа  мазмұнның,  қазақ  поэзиясын  жаңаша  құрудың 
жаршысы  болды»,  -  деген  пікірі  Абай  әлемін  танытудағы    жаңалық    болып,  қазақ  ақын-
жазушыларының  тұман  болып  келе    жатқан  ойларын  серпілтіп,  тұңғиықтың  тереңінен  ұлы 
Абайды  суырып  алып,  жарыққа  шығарды.  І.Омаровтың  осы  ойын  жақсы  түсінген    ұлы 
жазушы М.Әуезов Абайдың болашағына кәміл сеніп, «Абай» романының  жалғасын жазуға 
құлшына кірісті. 
Шынында  да  І.Омаров  Абай  мектебін  құрушылардың  бірінен  саналады.  Ол  Абайдың 
ақындық  еңбегін,  философиялық  кӛзқарасын  тереңнен  болжап,  Абайдың  ӛзге  ақындардан 
артықшылығын, ӛлмейтін ӛміршеңдігін сол кездің  ӛзінде-ақ кӛрсетіп берді. 
І.Омаров  Абай  шығармалары    туралы    жаңсақ    айтылған  пікірлерге  қарсы  шығып, 
қылышынан  қан    тамған  кеңес    дәуіріндегі  Сталин  заманында-ақ  ӛз  ойын  ашық  айтып, 
Абайдың    халық  ақыны  екендігін  дәлелдеп    берді.  Ол  ӛз  баяндамасында  «Бізде  сын 
мәселесінің әлсіздігі, Абайдың тілі жайындағы  кейбір  жеке зерттеулер  мен кӛптеген ұсақ  
мақалалр    болмаса,  ақындығын  тұтас    алып  талдаған    сын    кітабының    әлі    үнге    дейін 
жазылмағандығынан-ақ  кӛрініп тұр. Ал, Абай  шығармаларының  қайнар кӛзі туралы кейбір 
зерттеушілеріміздің    еңбектерінде    айтылған  саяси  қателер  мен  космополиттік    пікірлерді  
бірер  мысалдармен-ақ  дәлелдеуге  болады»,  -  деп  Мәметованың  «Абай  Құнанбаев»  деген 
еңбегіне тоқталып, ондағы кемшіліктерді ашып айтады. 
Оқырман ретінде Абайдың ақындық тұлғасын  ерекше бағалаған  І.Омаров: «Абай ӛлең  
турін  тілге  жеңіл,  жүрекке  жылы  тиетін»  мазмұны  жағынан    біртүрлі  шебер    қиыстыра  
білген  ақын.  Шығыстың    мұсылман  елдері  ақындарында  кездесетін    қыруар    теңеулер 
Абайда  кездеспейді. Онда ауыз-екі  айтатын  ақындардың  да  «құрау, жамауы» жоқ  ақын - 
жазушы қызметіне рекше мән береді. 
І.Омаров  ақын-жазушылардың    жаңа    шығармаларын    ыждағаттылықпен    талдай 
отырып, халықтық шығармаға бой ұруға талпындырады. 

 
39 
 
І.Омаров  қазақ  әдебиетінде  сынды  ӛрістетудің  міндеттеріне    де    тоқталады.  Оның 
пікірлері    шығармашыл  қауымға    ой    тастайды.  «Сыншыны  –  жаңалық    жаршысы»  деп  
атаған  І.Омаров:  «Сыншы    дегеніміз  –  ӛмірдегі    жақсылық  нышаны  түгіл,  әдебиеттегі  
жаңалық    нышанын  да  дәл    танып,  бұлардың  ӛсіп-ӛркендеуіне  талмай,  бар  ықыласпен 
болысуы  керек»  -  дегенді  айтады.  «Сыншы  дегеніміз  –  әдебиет    майданының    қайраткері» 
дегенді де І.Омаров айтқан. 
І.Омаров  әдебиет  сыншысы  ретінде    бұрын-соңды  күрделі  әдеби    мақала  жазып, 
халықтың  назарына  ілікпесе  де    ақын-жазушыларға  келелі,  толғамды  ой  айтып,  халықтық 
шығармалар жазуға  бағыт беруі ӛмірдің ӛскелең  талабынан келіп туындаған. 
Шындығында  да,  І.Омаров  терең  білімді,  азаматтығы  кең  сыншы.  Оның    азаматтық 
қасиетін  ӛмірдегі    адамгершілік  іс-әрекетінен  ғана  байқап  қоймай,  ақын-жазушылардың  
әйгілі  шығармаларына  берген,  әділ  бағаларынан  да  білуге  болады.  Әсіресе  М.Әуезов, 
Ғ.Мұсірепов,  С.Мұқанов,Ә.Нұрпейісов,  Т.Ахтанов,  Б.  Момышұлы,  С.  Мәуленов  т.б.  ақын-
жазушылар  қабілеттін  бағалай  білген  де  І.Омаров  еді.  Әдебиет  тарихы  мен  сынындағы 
І.Омаровтың алатын орны да ерекше. 
Біз  І.Омаровты  сыншы  ретінде  бағалаймыз  оның  публицистикалық  әдеби  сын  мұрасы 
жеткілікті зерттелмеген. Дегенмен оның әдеби сынға қосқан мол үлесі бар. Әдебиет тарихы 
мен сынындағы І.Омаровтың алатын орнын артында қалған мол мұрасы айғақтай түсуде. 
Қазақстанға  белгілі  биолог-ғалым,  академик  Темір  Дарқанбаев:  «Ілиясты  халқы  үлкен 
қоғам  қайраткері  ретінде  таныды.  Ілияс,  сонымен  қатар,  тарихшы,  әдебиетші,  сыншы, 
экономист, философ болып ӛсіп жетілді. Оның куәсі –Ілиястың артында қалған мұрасы деп 
білемін.  Әсіресе,  Мұхтар  Әуезов,  Ғабит  Мұсіреповтердің  Ілиясқа  берген  жоғары  бағасына 
қуанатынбыз.  Ол  ӛмірінің  соңғы  күндеріне  дейін  туған  халқының  үлкен  мәдениетін 
насихаттаумын  ӛтті»-деп  І.Омаровтың  ӛміріне  ерекше  мән  беріп,  оны  қоғам  қайраткері 
ретінде бағалап ӛтті. 
Ілияс Омарұлы  Омаров 1912жылы 1 қазан айындағы Қостанай облысындағы Урицкий 
ауданында  дүниеге  келген.  Ол  мектепті  бітірісімен  1933  жылы  Ташкенттегі  Орта  Азия 
жоспарлау  экономика  институтын  бітірді.  1933-1936  жылдары  Қызылорда  сауда 
техникумының  директоры  болып  істеді.  1936-1941  жылдары  СССР  Жеңіл  ӛнеркәсіп  халық 
комиссариатының  Қазақстандағы  Былғары  аяқ-киім  ӛнеркәсібі  Бас  басқармасы  кеңесінің 
меңгерушісі  болып  істеді.Кейін  Қазақ  ССР  Халық  Комиссариатының  сауда  жӛніндегі  Бас 
басқармасы  бастығының  орынбасары  және  Қазақстан  мемлекеттік  Бақылау  Халық 
Комиссариатының  аға  бақылаушысы  міндеттерін  атқарды  1940-1941  жылдары  Қазақ  ССР 
Халық  Комиссариатының  орынбасары,  Қазақ  ССР  Сауда  Халық  Комиссары  болып  істеді. 
1945-1947жылдары  Қазақ  ССР  Халық  Комиссарлары  Советі  председателінің    орынбасары 
болды.  Осы  кезеңде  ол  Шығыс  Қазақстан  облыстық  партия  комитетінің  бірінші 
хатшылығына ауысты. 
1947-1952 жылдары  І.Омаров Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшылық 
міндетін атқарды. 1952-1955 жылдары КПСС Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия 
мектебінің тыңдаушысы болады. 1955-1964 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық партия 
комитетінің  бірінші  хатшысы  болып  істейді.  Кейін  «Қазақфильм»  киностудиясының 
директорлығына  ауыстырылады.  Осы  кезеңде  ол  Қазақ  ССР  Министрлер  Советінің 
Кеңесшісі  болып  қызмет  атқарады.  1961-1967  жылдары  І.Омаров  Қазақ  ССР  Министрлер 
Советінің  Мемлекеттік  жоспарлау  комитеті  тӛрағасының  орынбасары,  кейін  бірінші 
орынбасары болады. 1967-1970 жылдары ол  Қазақ ССР Мәдениет Министрі  болып істейді. 
Оның үстіне «Совет – Корей достағы» қоғамы қазақ бӛлімінің тӛрағасы болады. І.Омаров  – 
қазақ әдебиеті  мен кӛркем ӛнерінің тарихы, жай-күйі  жӛніндегі  кӛптеген публицистикалық 
әдеби-сын еңбектерінің авторы. 
1949  жылғы  «Қазақ  ССР  тарихының»  толықтырылған,  екінші  басылымының  жалпы 
редакцисын басқарды. 
1941-1947  жылдары  орталық  комитетінің  мүшелігіне  кандидат  және  оның  мүшесі 
болып сайланады. 

 
40 
 
1947-1952  жылдары  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  комитетінің  бюро  мүшесі, 
бірнеше дүркін СССр және Қазақ ССР жоғаоғы советі депутаты болып сайланды. 
І.Омарұлы  үш  рет  «Еңбек  Қызыл  Ту»  және  «Құрмет  белгісі»  ордендерімен 
марапатталған. 
Белгілі  қоғам  қайраткері,  сыншы  публицист  І.Омарұлы  1970  жылы  19  шілдеде  ұзақ 
науқастан қайтыс болады. 
І.Омаровтың артында қалған әдеби сын, публицистикалық мол мұрасы – қазақ әдебиеті 
тарихында  ӛшпес  із  қалдырды.  Кӛп  жыл  бойы  зерттелмеу  қордаланып  қалған  І.Омаровтың 
әдеби  сын  мұрасы  барар  жолдың  алтын  кілті  –  оның  ӛмірі  мен  шығармасына  парасатты 
кӛзқараспен  қарауға  жетелейді.  Сондықтан  да  сын  мұратының  алтын  кілті  –  І.Омаровтың 
ойшыл  кӛзқарасын  байқата  отырып,  оны  қоғам  және  мәдениет  қайраткері  ретінде 
оқырмандарға жан-жақты таныта түседі. 
_______________ 
1.Қаратаев М. Ӛрісі биік сын – ӛмір талабы. «Уақыт және қаламгер». «Жазушы», 1985.  
2. Сарбалаев Б. Сын мұраты., «Жазушы» 1985, «Уақыт және қаламгер». 
3. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – А.  «Жазушы». 
4. «Уақыт және қаламгер» - А., «Жазушы» 1985 
5. Әшімбаев С. Қадіріміздің бірі еді. // «Қазақ әдебиеті», 9 қазан, 1987. 
6. Омаров І. Әдеби толғамдар. – А. «Жазушы»,1988,8 
7. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – А, «Жазушы» 1993. 
8.Омаров І.  Ӛмір мен ӛнер, Алматы, «Ана тілі», 2012ж. 
9.Керімбеков М.  І.Омаровтың әдеби – сыншылық мұрасы. (монография), Тараз, 2005ж.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет