Графикалық әдіс «Кактус» Әдістемені жүзеге асыру үшін А4 форматты қағаз және қарандаш керек. Кейін мынадай тапсырма беріледі: «Қағазға кактусты елестетіп салыңыздар»
Графикалық әдіс «Кактус» Әдістемені жүзеге асыру үшін А4 форматты қағаз және қарандаш керек.
Кейін мынадай тапсырма беріледі: « Қағазға кактусты елестетіп салыңыздар», тапсырма бойынша сұрақтар және толықтырулар жүргізілмейді.
Нәтижелерді саралау барысында төмендегілер назарға алынады:
Суреттің орналасу орталығы
Нәтижелерді саралау
Агрессивтілік – инелердің саны көп, қатты шығып тұратын, ұзын бір- біріне жақын орналасқан инелер, жоғары агрессивтілік дәрежесін көрсетеді.
Импульсивті – (тез қызғыш) – аралары ашық сызықтар, қарандашты қатты басу
Эгоцентризм, лидерлікке ұмтылу–парақтың ортасында орналасқан,көлемі үлкен сурет.
Өзіне деген сенімсіздік, басқаларға тәуелділік- парақтың астында орналасқан кішкентай сурет.
Ашықтық- ерекше көрінетін инелер, ерекше сурет
Абайлаушылық, жасырындылық- кактустың ішіндегі зигзагтардың орналасуы
Оптимизмдік- көңілді кактустардың суреті, түрлі түсті қарандаштарды қолданылуы
Қобалжу – ерекше салынған сурет, түсті қарандаштарды қолданғанда, қара түстермен бояу
Нәзіктік- әдемі салынған, боялған сурет
Экстравертивті- суретте басқа кактустардың болуы
Интровертивті- суретте бір ғана кактустың болуы
Отбасылық қорғанысқа ұмтылу- тостағанға салынған үй кактусы
Отбасындағы жалғыздықты сезінуі- жабайы, шөлде өсетін кактус