Жартылай өткiзгiштi приборларды радиотехника, автоматика және ғылым мен техниканың басқа салаларында кеңiнен қолданылады.
Жердiң жасанды серiктерiнде жартылай өткiзгiштi күн сәулелi батареялар орналастырылған, ондағы электр тогы Күн сәулесi энергиясынан болады. Күн сәулелi батареялардың энергиясын үйлердi жылытуға пайдалану үшiн оларды үйлердiң төбесiне қондыру проектердi көп елдерде зерттеп дамытуда. p-n аусуы бар жартылай өткiзгiштер күн сәулелi батареялардың маңызды бөлiгi болады, онда сәуле энергиясынан ЭҚҚ пайда болады.
Интегралды микросхема
Бір технологиялық үрдіспен жасалған, өзара электрлік жалғанған, құрамында бесеуден кем болмаған актив (транзисторлар, диодтар) және пассив (резисторлар, конденсаторлар, дроссельдер) элементтері бар бүтін бір корпустың ішінде орналастырылған микроэлектронды құрылғы.