Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы.
Тек Мағашты үш күндей оңаша алып отырып, арманым есітті. Жеті атасын білген ұл, жетті жұрттың қамын жер. Он төрт – он бес жасында –ақ тамаша әншілігімен даңқы шыққан. Жетінші тілек тілеңіз.
Осы сөйлемдердегі үш, жеті, он төрт – он бес, жетінші сан есімдері есім сөздердің санын, ретін, мөлшерін білдіріп, сандық белгісін анықтап тұр. Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп бөлуге болады.
Бірлік 1,2,3,4,5,6,7,8,9
Ондық 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90
Жүздік100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900
Мыңдық1000, 2000, 3000, 4000, 5000, 6000, 7000, 8000, 9000
Миллион, миллиард сөздері түркі тілдеріне орыс тілдері арқылы енген. Қазақ тілінде қолданылатын түмен сөзі моңғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны білдіреді.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Екінші тілек тілеңіз.
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады.
Екі қызыл әскер шаршап – шалдығып келіп, бір –екі сағат дем алды.
Сан есімнің негізгі бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесуі, қосарлануы, әр түрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан. Сан есім зат есіммен, заттанған сөздермен тіркесе келіп, оларды сан мөлшері жағынан айқындап, анықтауыш болады.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімге жақын біраз сөздер бар:
- Салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан.
- Көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ.
- Қалыңдық өлшемін білдіретін өздер: пышақ сырты, шынашақ, бармақ, екі елі.
- Қашықтық өлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым, көш жер, ат шаптырым.
- Ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс, кез, аршын, құлаш.
- Сан есімнің тура мағынасындағы сөздер:
- Жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым.
- Бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы;
- екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар;
- төрттен бір мағынасында: ширек сөз;
- Уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, биенің бір сауымындай уақыт.
Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқы сөз таптарына жатады.
Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
Сан есім дербес лексика – семантикалық ерекшеліктері, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы. Сан есімнің басқа сөз таптарынан негізгі айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру.
Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды.
Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді. Осымен байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтарының жалғануы да біркелкі емес. Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |